ӘОЖ9(с)55 А92 «Қазақ» атауын қайтарудағЫ


Article is devoted to social structure of the Kazakh society XҮІІІ century on materials oral  historical traditions.  ӘОЖ 9(С)55 И 83



Pdf көрінісі
бет39/57
Дата26.11.2023
өлшемі1,3 Mb.
#128361
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   57
 
Article is devoted to social structure of the Kazakh society XҮІІІ century on materials oral 
historical traditions. 
ӘОЖ 9(С)55 И 83 
 
ТАРИХНАМАДАҒЫ УАҚ ТАЙПАСЫНЫҢ ТАРИХЫ 
Исаева А.И.
-т.ғ.к. 
Қазақстан, Алматы қ., 
Қазақ мемлекеттік қыздар 
педагогикалық университеті 
Аннотация:
Уақ мәселесі қазірге дейін қазақ тарихындағы бірден-бір кӛмескі 
мәселелердің бірі. Мақалада Орта жүз ру-тайпаларының, әсіресе уақ руының таңба, ұраны, 
қоныстанған аймақтары, шежіресі ғылыми зерттеулерде ғалымдардың еңбектерін жан-жақты 
зерделеп, қарастырған. 
Түйін сөздер:
уақ тайпасы, Орта жүз, шежіресі, рулық кестелер, шежірелер, 
Ш.Уәлиханов.
 
Халқымыздың ұлықты шежіресін жазу орта ғасырда ӛмір сүрген Қадырғали 
Жалайырдың еңбегінен бастау алары күмәнсіз. Ал, Шоқан Уәлиханов пен Шәкәрім 
Құдайбердіұлы, Мұхамеджан Тынышбаев, Сәрсен Аманжоловтың еңбектерінен кейінгі 
жерде халқымыздың шежіресін шын мәнінде ғылыми-зерттеу нысанасы дәрежесіне кӛтерген 
кӛптеген ғалымдардардың ғылыми зерттеулерін кӛреміз. Мұндай еңбектерде, әсіресе біз 
зерделеп отырған Орта жүзге қатысты зерттеулерде жүздердің бастапқы шығу тӛркініне, 


Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті
Хабаршы №2 (44), 2013 ж. 
97 
қазақ ұлтын құрап отырған үлкен тайпалар мен рулардың генезисіне, этникалық құрамы мен 
олардың ӛзара бірігу процесіне кеңінен тоқталған. Мұндай мағлұматтарды аңыз-әңгімелер 
арқылы зерделеп, таңба-ұрандар арқылы дәлелдеп береді.
Шежіреде рулық кестелер жеке-жеке алынып, үлкен және кіші аталар бойынша 
таратылған. Әрине, бұл шежірелік кестелерді толық әрі дәл деп ұғынуға болмайды. Оны 
авторлар белгілі бір үлгі-нұсқа, кестелер келешекте толығып, түсіп қалған, ұмыт болған 
ұрпақтармен жалғасып отыруы тиіс деген пікірлерде болғандығын кӛреміз.
Еліміз дербестікке қол жеткізгелі жерімізге кӛз алартушылар пайда болған тұста қазақ 
жерінің ежелден нақты ру-тайпаларының байырғы мекені екені бұл да бұлтартпас айғақ деп 
түсінгеніміз, тарихи танымымыздың жаңғыруына себепті салдар деп ұққанымыз абзал. Уақ 
мәселесі қазірге дейін қазақ тарихындағы бірден-бір кӛмескі мәселелердің бірі. Уақтар 
кӛбінесе Керей тайпасының бір бӛлігі ретінде қаралып келеді. 
Қазақтың кӛне шежірелерінде Керей Уақтарды баяғы Алаш - Жүзей - Жанарыс - 
Жаншора – Ойшыбайдан сабақтаса, Ш.Құдайбердіұлы мен Ш.Уәлиханов Еркӛкшеден 
таратады [1; 2]. 
М.С.Мұқанов және кӛптеген зерттеуші ғалымдар Уақ атауының кӛне деректерде 
кездеспейтіндігін айтқандай, оны кейіннен пайда болған тайпа деген ортақ пікір айтады. 
Бірақ ол кейін қайдан пайда болғандығына байланысты ғалымдар әр түрлі пікірлер келтірген. 
«Уақ руы алғаш Абылайханның тұсында белгілі болды, - деп жазады Ш.Құдайбердіұлы, - 
орыс 
тарихшыларының 
белгілеулеріне 
қарағанда, 
орыстар 
алғаш 
Керейлерді 
жолықтырғанда, Уақтар олармен бірге болыпты»,- деп ӛз ойын тұжырымдайды [1, 79 б.]. 
Орта жүз Керейлердің орыс саясатының нысанына ілінгені де сол Абылайханның тұсы 
немесе XVII ғасырдың соңы болған. 
Н.А.Аристов Мұса Шормановтың дерегіне сүйеніп, уақты арғынның Ақжолының 
некесіз әйелінен туғызады [3]. Сонымен қатар, Ш.Ш.Уәлиханов уақтар тарих тӛрінен Ер 
Кӛкше, Ер Қосай арқылы Алтын Орда мемлекеті ыдыраған тұстан кӛріне бастады деп 
келтіреді. Осы тұжырымды М.С.Мұқанов: «Әрине Ш.Уәлиханов уақ тайпасының этникалық 
бірлік ретінде шығу кезеңін емес, уақ тайпасынан шыққан Ер Кӛкше эпосындағы кейіпкердің 
тарих тӛрінен кӛрінуін айтады немесе уақ - ӛте кӛне ғасырда ӛмір сүрген, аты аңызға 
айналған, осы тайпаның негізін қалаушысы» [4, с. 38]. 
Ә.Х.Марғұлан уақтарды керейлерден шыққан деген тұжырым жасайды. Олардың 
керейлерден бӛлінуін ХІІІ ғасырға жатқызады [5, 138 б.]. Сонымен қатар мұндай 
тұжырымды Н.Е.Масанов монографиясынан кӛреміз [6]. 
Уақ тайпасының этнониміне қатысты ғылыми зерттеуде нақты нанымды дәйек 
кездеспейді. Ш.Құдайбердіұлының пікірінше, уақ елі «ұсақ ел» деген сӛзден шыққан. 
Мұндай тұжырымын арғын, найман, керей ішінде ұсақ аталардан жиылған болар деп 
түйіндейді [1, 67 б.]. Осы пікірді М.Тынышбаевтың зерттеуінен кӛреміз, яғни, уақ сӛзін 
«ұсақ, майда» мағынасына сәйкес дей келе, «уақтар Орта жүздің ең саны аз руы болып 
табылады», - деп ӛзіндік пікір келтіреді [7]. 
Ал, Ә.Х.Марғұлан мен Н.Мыңжан зерттеулерінде ІХ-ХІІІ ғасырларда шығыс Моңғол 
құмын мекен еткен онгуттарды «Уақтар» деп атайды. Бірақ аталған екі тарихшының нендей 
деректерге сүйеніп онгуттарды «уақ» деп атағаны белгісіз [5, 138 б.; 8]. Н.Мыңжан тек 
Онгутқа «уақ» атауын тіркеп ӛтеді. Ал, Әлкей Хақанұлы ертедегі онгуттардың тарихына 
байланысты материалдар мен мәдени мұраларды уақтарға тән деп таниды. Уақтардың шығу 
тегі туралы халық аңыздары, шежірелердің бірқатары Уақты Керейдің інісі, басқа біреулері – 
ағасы деп санайды. Аңыз бойынша, Керей мен Уақ ағайынды адамдар. Осы екі тайпаның 
үнемі бірге кӛшіп жүретіні, қыстауы мен жайлауының жақындығы, керейлердің саны кӛп 
тайпа ретінде аз тайпа – уақтарға құрмет білдіретіні, расында да Керей мен Уақтың 
туыстығын кӛрсетеді. Тарихи шежірелер және жазба деректерде «Уақ-Керей қосалқы атау 
түрінде қолданылады, ӛйткені бұл екі тайпаның ата туыстығы Моңғол үстіртін мекен еткен 
сонау ІХ-Х ғасырлардан басталған. Қазақ шежіре кестелері бойынша «Уақ - Керей батырдың 


Казахский государственный женский 
педагогический университет Вестник №2 (44), 2013 г.
98 
жиені» деп айтады. Әрине, мұны тарихи ақиқат деп танығаннан гӛрі екі тайпаның етене 
жақындығының символы тұрғысынан қараған жӛн деп білеміз. Уақ руының негізгі ұраны 
«Жаубасар» екенін кӛптеген ғалымдардың зерттеулерінде келтірілгенін кӛреміз [9; 4, с. 37], 
ал М.Тынышбаев бұл ұранмен қоса «Бармақ» деп кӛрсеткен [7, 29 б.]. 
М.С.Мұқанов зерттеуінде М.Тынышбаевтың келтірген ұранын ел арасында экспедиция 
барысында кездестірмегеніне жүгініп, бұл тайпаның емес, ӛзге жергілікті тобының ұраны 
болуы мүмкін деп түйіндейді [10, с. 80]. 
Назар аударатын жайт, уақ тайпасының таңбасын Марат Сәбитұлы ӛз зерттеулерінде әр 
түрлі етіп кӛрсетеді. Мәселен, алғашқы монографиясында деректерге сүйене отырып, ІІ және 
Х таңбасын келтіреді [10, с. 80], мұндай тұжырымды М.Тынышбаев зерттеуінен де кӛре 
аламыз [7, 29 б.]. Бірақ осындағы алғашқы ІІ таңбасын М.С.Мұқановтан ӛзге зерттеулерінен 
кӛре алмаймыз. Марат Сәбитұлы кейінгі жылдардағы зерттеулерінде уақтың жалпы таңбасы 
Х таңбасы деп келтіреді [11, 260 б.]. Мұндай таңбаны, сонымен қатар, С.Аманжоловтың 
зерттеуінен де кӛреміз [9, с. 16]. 
М.С.Мұқанов уақтың негізгі таңбасы, керейдің Х таңбасына ұқсас, бұл керей мен 
уақтар туыстығының бір дәлелі болып табылады деп ӛзіндік тұжырым жасаған. 
Уақ руын таратуда ғалымдарда ортақ пікір жоқ. Ш.Құдайбердіұлы Уақтан – Ер Кӛкше, 
одан Ер Қосайды таратқан. Осы Ер Қосайдан Шоға, Сарман, Байназар, Ергенекті Уақ деп 
таратады [1, 67 б.]. М.Тынышбаевтың шежірелік нұсқасында Уақтан: Қосайдан Шоға, 
Сарман, Байназар, Сарыбағыс, Шайкӛз руларын бӛледі. Мұның соңғы тӛртеуін Ергенекті 
Уақ деп атап келтіреді [7, 25 б.].
Уақ руының шежіресін таратуда М.С.Мұқанов зерттеулерінде әр түрлі кестелерді 
келтірген. Мәселен, алғашқы зерттеуінде Уақ, Бетке, Бетеге, Изен, Қамбар, Бекше, Кӛкше, 
Еркӛкше, Ерқосай деп таратқан. Осы Ерқосайдан Сарман, Сарбағыз, Шұға, Байназар, 
Әлімбет, Сыргелі; Ергенекті уақтан: Бидалы, Жансары, Баржақсы, Шайкӛз [4, с. 148] 
ӛрбитіндігін келтіреді. Ал келесі зерттеулерінде, уақтың негізгі екі рулық одағын: Жантелі 
мен Жангелді деп келтіреді. Осы Жангелдіден: Шоға, Сарман, Ергенекті уақты таратады [10, 
с.67]. Ғалымның ӛзге зерттеулерінде, осы Жантелінің бәйбішесінен: Шоға, Ергенекті; кіші 
әйелінен: Еренші батырды ӛрбітеді. Ал, Марат Сәбитұлының соңғы монографиясында: 
Жантелінің бәйбішесінен тек Шоға, ал кіші әйелінен: сарман, Ергенекті уақ, Еренші батырды 
таратады [11, 218 б.]. Кӛріп отырғанымыздай, ғалымның ӛз шежірелік нұсқасында еш 
ұқсастық жоқ. Тек осы Жантеліні таратуда Марат Сәбитұлы әр түрлі шежірелік кесте 
келтірген. 
Осындағы аталмыш Шоғаны таратуда М.С.Мұқанов кейбір еңбектеріне ортақ пікір, 
яғни: Еліс, Мүлкісті таратса [10, с. 67], ал, келесі уақ және керей тайпасын тереңінен, жан-
жақты талдаған зерттеуінде ӛзгешеліктер бар. Мәселен, Шоғадан: Еліс, Мүлкіс; Қарабас, 
Қарақой, Шоқа деп толықтырулар жасап, ӛрбіткенін кӛреміз [4, с. 148]. Бірақ, осындағы 
Мүлкіс пен Қарабасты ағайынды деп келтірсе, ал ӛзге еңбектерінде, Мүлкістен Қарабасты 
таратады [11, 212 б.]. 
Жантеліден кейбір зерттеуінде Сарманды таратса [11, 262 б.], басқа еңбектерінде 
Ерқосайдан ӛрбітеді. Ғалымның соңғы таратуын Ш.Құдайбердіұлы еңбегінде кӛреміз [1, 91 
б.]. Осы Сарманды таратуда Марат Сәбитұлының ортақ шежірелік кесте келтіргенін кӛреміз. 
Яғни, ғалым Сарманнан: Тілеуді, Қонайды таратады. Жантелінің Ергенекті уағын таратудағы 
шежірелік нұсқаларында еш айырмашылық жоқ, бірдей таратқан [11, 210 б.]. 
Осы Ергенекті уақ этнонимінің шығу тегі туралы Марат Сәбитұлының зерттеуінде екі 
жорамал келтіреді. Біріншісінде, Жантелінің ұлы Ергенекті найман руының қызына үйленген 
де, ұрпағы осылай аталған, ал екіншісі бойынша, этноним ергенек таңбасынан қалыптасады 
[11, 213 б.]. 
Бұл атауға байланысты ӛзге зерттеулерден дерек кездестіре алмадық. Біздің 
пікірімізше, М.С.Мұқанов, негізінен таңбаға қатысты деректерді кӛрсетуі дұрыс деп 
ойлаймыз. Ал ХІХ ғасырдың бірінші жартысында уақтар Орта жүздің барлық округтерінде 


Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті
Хабаршы №2 (44), 2013 ж. 
99 
қоныстанған, алайда олардың біразы Аягӛз (Сарыман-Уақ, Шоға-Уақ болыстары) және 
Аманқарағай (Баржақсы-Уақ, Байдалы-Уақ, Жансары-Уақ болыстары), соңынан Құсмұрын 
сыртқы округтерін мекендеген [12], ал шағын топтары Ақмола, Қарқаралы, Кӛкпекті, 
Баянауыл сыртқы округтері мен Омбы ішкі округтерінде кездескен [13]. ХІХ ғасырдың 
екінші жартысында уақтардың кейбір рулары Петропавл уезінің Обаған ӛзенінің шығыс 
жағалауында, Алабота, Қойбағар, Алқар, Жалқайық, Шошқалы кӛлдерінің жазығында, Есіл, 
Қойбағар, Түнтүгір ӛзендерінде кӛшіп жүргенін кӛрсетеді. Ондаған шаңырақ Теке ӛзені 
маңында қоныстанған. Петропавл уезінде 221 ауыл (2260 шаруашылық) болған, бұл барлық 
шаруашылық санының 19,8% болады. Уезде Ергенекті уақ руының қауымдары кӛбірек те, 
Шоға руының ӛкілдері азырақ болған [14]. 
Павлодар уезінде уақтардың 1399 қожалығы болған. Олар Ертістің оң жағалауындағы 
он шақырымдық ӛңірден шығысқа қарай Барабин даласымен шектесіп жатқан кӛптеген 
кӛлдерге дейінгі далаға орналасқан [15, с. 23]. Уақтар иелігінің оңтүстік шегі Әжіболат-
Қарасу кӛлдері бойымен ӛткен. Ертіс ӛңірінде уақтар негізінен Тереңкӛл болысында 
орналасты, мұнда Әжібек, Абырай аталары мен аздаған Шоға руы қоныстанды [10, с. 159]. 
Семей уезінде 5728 қожалығы болған. Тӛрт болыс пен Қызылқұм болысының бір бӛлігі 
солардан құралған. Олардың орналасқан жерлері – Семей қаласынан оңтүстікке қарай 
Семейтау, Белтерек, Арқалық тауларының жазығы, Ащыкӛл ӛзенінің тӛңірегі және Ащысу 
ӛзенінің бас жағы. Олар Ертістің оң жағалауында уездің он шақырымдық ӛңірін бойлай және 
одан әрі шығысқа қарай Лебяжье, Черный поселкелері аралығындағы жазыққа орналасқан. 
Ӛскемен уезінің жерінде, Бұқтырма ӛзенінің бас жағында және Арташы тауының тӛңірегінде 
керейлермен бірге уақтардың 68 қожалығы кӛшіп жүрген [16, с. 23]. 
Уақтардың шағын топтары Кіші жүздің жерінде Тамды, Қарақобда және Сарықобда 
ӛзендерінің бас жағын мекендеген. Ӛз тайпаластарынан бӛлініп қалған бұл уақтар Кіші жүз 
рулары (Әлімұлы, Жетіру тайпалары) арасында қоныстанған. 
Қорытындылай келе, қазақ халқының этникалық атамекені XVI-XIХ ғасырларда қазіргі 
Қазақстан Республикасы жерінің шекарасы қалыптасты. Араб, парсы, Батыс Еуропа, Қытай 
саяхатшыларының Қазақстанның ұланғайыр далалары арқылы ӛткен немесе болған 
адамдардың әңгімелері арқылы дала халқына сипаттама берген тарихшылардың жазбаша 
деректемелері осыны дәлелдейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет