Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті
Хабаршы №2 (44), 2013 ж.
107
1847 жылы 31 ақпанда, шекара комиссиясы қызметкерлерінің жұмыс қарқынын тездету
мақсатында Орынбор басшылығы аталған басқарманың жанынан «Ішкі орданы басқару
туралы уақытша бӛлімшені» құру идеясын жүзеге асырды [10]. Уақытша бӛлімшенің
қызметкерлер құрамы 11 адамнан құрылып, зекеттен түскен кірістен 2830 рубльді осы
бӛлімшенің қызметкерлеріне жыл сайын бӛліп отырды.
Осылайша, ӛз тарихында кӛптеген басшыларды кезекпен ауыстырған Уақытша кеңес
тұсында Бӛкей ордасы түрлі әкімшілік ӛзгерістерге ұшырап, 1917 жылы бұл жергілікті
коллегиалды басқару аппараты біржола жойылады. Біз бұдан ХІХ ғасырдың екінші
жартысынан бастап Бӛкей ордасының тарихы толығымен орыс отарлық саясатының кӛрінісі
ретінде білеміз.
Мұрағат – тарихи маңызы бар құжаттар сақталатын мемлекеттік арнаулы мекеме.
Мекемелердің ескі құжаттарын сақтайтын бӛлімі немесе жеке тұлғаның ӛмірі мен қызметіне
байланысты жинақталған жәдігерлер жиынтығы да архив делінеді. Қазіргі таңда Қазақстан
Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағаттар комитетінің
Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама мұрағаты ХІХ ғасырдың соңынан
бүгінгі күнге дейінгі Қазақстанның ғылымы мен техникасының қалыптасуы және дамуы
тарихы бойынша құжаттарды сақтайтын аса ірі мекеме.
Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама мұрағатында Алматы қаласының
аумағына орналасқан республикалық және бұрынғы одақтық бағыныштылықтағы ғылыми-
зерттеу, жобалау, конструкторлық технологиялық ұйымдар мен мекемелердің қызметі
нәтижесінде құрылған ғылыми-техникалық және басшылық құжаттамалар мемлекеттік
сақтауға алынған.
Мұрағатта бүгінгі күні мемлекеттік сақтауда 184621 сақтау бірлігі бар. Оның ішінде
ғылыми-техникалық құжаттама кӛлемі 105925 сақтау бірлігін құрайды, олардың 18654
сақтау бірлігі ғылыми-техникалық, 2265 сақтау бірлігі – конструкторлық, 83005 сақтау
бірлігі – жобалау, 2001 сақтау бірлігі – патенттік құжаттар болып табылады. Басшылық
құжаттамалар кӛлемі 59036, жеке тектік құжаттар 3608, жеке құрам бойынша құжаттар 16052
сақтау бірліктерінен тұрады. Барлығы мұрағатта 156 қор сақталады. Олардың хронологиялық
шегі 1775 жылдан 2007 жылға дейінгі аралықты құрайды.
Мұрағат қорларының құрамы мамандандырылған мұрағаттың ерекшеліктерін
кӛрсететін тӛмендегі жинақтаушы ғылыми-техникалық құжаттар тобынан тұрады:
1. ғылыми-зерттеу құжаттамасы; 2. конструкторлық құжаттама; 3. технологиялық құжаттама;
4. жобалау-сметалық құжаттама; 5. патенттік құжаттама; 6. басшылық құжаттама.
Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама мұрағаты құжаттарының
маңызды бӛлігін Қазақстан, Орта Азия және Шығыс Сібір электр энергетикасы
нысаналарының, азаматтық-тұрғын үй, ӛнеркәсіп және машина жасау, мелиорация, су және
орман шаруашылығы саласы құрылыстарының жобалау құжаттамалары құрайды. Кӛптеген
қорлар сейсмикалық аса қауіпті аймақтарда қала құрылысы бойынша құжаттардан тұрады.
Алматы қаласының тұрғын үй және азаматтық құрылыстарының жобалары бойынша,
соғыстан кейінгі кезеңнен бүгінге дейінгі қазақстандық архитектура мектебінің барлық даму
тарихын кӛруге болады.
Достарыңызбен бөлісу: