ӘОЖ9(с)55 А92 «Қазақ» атауын қайтарудағЫ


ИСЛАМ ӨРКЕНИЕТІ – ОРТА АЗИЯ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН КОНТЕКСІНДЕ



Pdf көрінісі
бет44/57
Дата26.11.2023
өлшемі1,3 Mb.
#128361
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   57
 
ИСЛАМ ӨРКЕНИЕТІ – ОРТА АЗИЯ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН КОНТЕКСІНДЕ
Абдиханова А. Е.
-магистрант 
Қазақстан, Алматы қ.,
Қазақ мемлекеттік қыздар 
педагогикалық университеті 
Аннотация:
 
Мақалада Орта Азия мен Қазақстан кеңicтiгiнде Ислам ӛркениетiнiң хал-
ахуалы, тарихи және саяси жағдайы қарастырылған. Қоғамда орын алған әлеуметтiк және 
экономикалық мәселелерге автохтонды халықтың негiзi ұстанатын ислам дiнi ӛз ықпалын 
тигiзбей қоймайды. Себебi дiн ұлттар мен этностардың рухани азығы, құндылығы ретiнде 
ӛмiрдiң әр түрлi салаларында жетекшi маңызға ие. Аталмыш географиялық кеңicтiкте нақ 
осы Ислам ӛркениетi түрлi ұлт ӛкiлдерiн интеграциялайтын күш болып табылады. 
Түйін сөздер:
ислам, ӛркениет, Орта Азия, Қазақстан. 
ХХ ғасырдың соңында Кеңес Одағының ыдырауы, коммунистік жүйенің тарих 
қойнауына кетуі, нарықтық экономикаға негізделген жаңа жүйеге бұрынғы кеңестік елдердің 
кӛшуі ислам ӛркениетінің бір тармағы болып табылатын Қазақ еліне әсер етпей қоймады. Ең 
алдымен Ресей сияқты алып империяның, сосын он бес республиканы ӛз бұғауында байлап 
ұстаған Кеңес Одағының құрамында болған елдерде рухани ӛмір ӛзгеріске ұшырамай 
қоймады. Әсіресе, діни және философиялық ғылымдардың эталондық тұжырымдамалары 


Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті
Хабаршы №2 (44), 2013 ж. 
109 
мен теориялары сынға ұшырай отырып, әлемдік ортақ теориялар мен концепцияларға қосыла 
бастады. Тәуелсіздікке енді ғана қол жеткізе бастаған Қазақстанда және Орта Азия 
республикаларында ислам ӛркениеті жаңа бір белеске жетті. Сӛзімізді дәйектейтін болсақ, 
аталмыш елдерде соңғы жиырма жыл ішінде мыңдаған мешіт, медресе және т.б. діни 
орындардың іргесі қаланды. Халықаралық, аймақаралық симпозиумдар, конференциялар 
ӛтті. Ендігі кезекте исламның және ислам ӛркениетінің бұл мемлекеттерде алатын орны мен 
рӛлін кӛрсету үшін ӛркениет ұғымына назар аудару қажет. Бұл термин латынның «cіvіlas» 
деген сӛзінен шыққан. Оның мағынасы: 1) азаматтық, 2) азаматтық қоғам, мемлекет, 3) қала. 
Сондықтан да тарихшылар, археологтар қоғамның ӛркениеттік кезеңін зерттеуді ең алдымен 
урбанизациямен тығыз байланыстырады. «Ӛркениет» термині ХVІІІ ғасырдан бері 
айналымға еніп, адамзат тарихында варварлықтан кейін келетін кезеңді белгілейтін ұғым 
ретінде дүниеге келді. Тарихты ӛркениеттік тұрғыдан зерттеудің бэйсикті элементтерін 
бейнелеуде неміс оқымыстысы О.Шпенглердің зерттеулерінің маңызы зор. Ол ӛркениетті 
мәдениеттің құлдырауынан туындайтын құбылыс ретінде қарастырады, яғни ӛркениет 
адамзат мәдениетінің жаңару, жетілу нәтижесі емес, белгілі мәдениеттің ішкі мүмкіндіктерін 
сарқып, одан әрі даму деңгейі шектеліп, күйреуге бет алып, жаңа ӛркениетке жол салуы 
болып табылады деген тұжырым жасайды. Ол: «келешек Батыс бір сызықтың бойымен алға 
және жоғары жүре бермейді. Ол белгілі бір жағдайларға байланысты құлдырау процесін 
бастан кешіреді. Сӛйтіп батыс мәдениетінің құлдырауы салдарынан жаңаша ӛркениет пайда 
болады. Бұл жаңа фаза. Демек, ӛркениет бұл мәдениет рухының ӛлімі. Мәдениет те үнемі 
гүлдене бермейді [1]. 
Мәдениет пен ӛркениеттің ара жігін анықтау барысында Шпенглер: «барлық мәдениет 
тең, олардың әрқайсысы айрықша және сыртқы бағыт, яғни ӛзге мәдениеттің ықпалымен 
жүрмейді. Әр мәдениеттің феномені әр түрлі тілде сӛйлеу, әр түрлі ӛмір салтын ұстану» деп 
жазған болатын [2]. Демек, ӛркениет ислам дінінің әлемдік қауымдастықтағы рӛлі мен 
функциясын кӛрсетіп тұр. 
Соңғы кездері әлем Батыс пен Шығыс арасындағы этникааралық, ӛркениетаралық 
қақтығыстарды басынан кешіруде. Қазақстан ғаламдық қауымдастықтың бір бӛлігі ретінде 
халықаралық сахнада болып жатқан жағдайларға тәуелді. Себебі әлемдік қауымдастықтың 
бір жағында орын алған діни, этникааралық қақтығыстар екінші бір бӛлігіне әсер етпей 
қоймайды. Араб елдері, Пәкістан, Ауғанстан және т.б. ислам дүниесінде болып жатқан 
қақтығыстар қазақ елінде қайталануы да мүмкін. Сол себепті алдын ала діни жағдайды 
бірқалыпқа келтіру керек. Мұндай қақтығыстар табиғи заңдылық немесе бір-бірімен 
байланысы жоқ қарапайым құбылыс болуы ғажап емес. Бұл кӛріністі американ ғалымы 
С.Хантингтонның ойы бойынша түпнұсқасында келтіре кетейік: «Мы можем определить 
цивилизацию как культурную общность наивысшего ранга, как самый широкий уровень 
культурной идентичности. Следующая ступень составляет уже то, что отличает род 
человеческий от других видов живых существ. Мировые цивилизации определяются 
наличием общих черт объективного порядка, таких как язык, история, религия, обычаи, 
институты, а также субъективной идентификации людей» [3]. Ӛркениет үнемі қозғалыстағы 
феномен. Ол қалыптасу, дәуірлеу, күйреу, жойылу немесе басқа ӛркениетке ұласу кезеңдерін 
бастан кешіреді. Ӛркениеттің қалыптасуы адамдардың бірқатарының ӛмір салтын 
ӛзгертумен, жаңа құндылықтардың пайда болуымен, харизматикалық кӛсемдердің сахнаға 
шығуымен және ӛркениеттік доктринаның (қасиетті діни кітаптары, партияның 
бағдарламалары және т.б.) дүниеге келуімен басталады. Ӛрлеу кезеңі ӛркениеттің кӛзқарасы, 
менталитеті, институттық жүйелерінің жақсы жұмыс істеуінің жемісі. Ал, күйреу – оның 
идеясын жақтаушылардың азаюымен бірге келеді. Яғни, ислам ӛркениетін деградациялық 
жағдайға жеткізбеу үшін кӛпшіліктің қолдауы қажет екендігін түсінуге болады. 
Қазіргі таңда Исламды құбыжық қылып кӛрсетіп, әртүрлі керітартпа ағымдарды тану 
қалыпты жағдайға айналып барады. Ӛкінішке орай, діни білімі болмағандықтан, кӛптеген 
азамат Исламды ӛз ақылына сай шақтап, шектеп қойды. Нәтижесінде таяз ұғымдар 


Казахский государственный женский 
педагогический университет Вестник №2 (44), 2013 г.
110 
қалыптасып, экстремизм, терроризм сынды әрекеттер дінге күйе болып жағылуда. Осы 
әрекеттерге мүмкіндігімізше тосқауыл болып, Исламның бейбіт дін екенін кеңінен 
насихаттау басты міндетіміз. Сол себепті аталған бағыттар бойынша жұмыс жүргізіп, Ислам 
құндылықтарын жаңа ғасырға сай жаңғырту үшін 2004 жылы Астана қаласында ӛткен 
Қазақстан қажыларының І құрылтайында Қажылар қауымдастығы құрылды. Елордамызда 
Әлемдік және Дәстүрлі діндер кӛшбасшыларының тӛрт бірдей съезі ӛткені белгілі. Бұл 
жиынның Алаш жұрты үшін берері мол. Біріншіден, бұл съезд Қазақстанға берілген үлкен 
мүмкіндік. Ӛйткені, ол жерде бүгінгі қоғам шӛліркеп отырған рухани жағдай сӛз болады. 
Сонымен қоса жиын бүкіл күллі әлемнің назарында. Бір-бірінің қолын алмақ түгіл, бір 
үстелдің басына бірге отырмайтын дінбасылары Астанада пікір алмасып, ортақ ымыраға 
келіп жатыр. Бұл біздің елдің әлемдік тұрақтылыққа қосқан ӛлшеусіз үлесі. Съезд барысында 
руханият мәселелері, бейбітшілікті сақтау, әлемдік және дәстүрлі діндердің ӛзара келісімі, 
олардың арасында диалог ұйымдастыру сияқты ауқымды салмақты ойлар сараланады.
Бұрын әлемді капиталистік және коммунистік жүйе билеп тӛстегені белгілі. Қос 
идеологияның арасындағы теке-тірес әлем назарында болды. Алайда коммунистік жүйе 
тарих сахнасынан түскен кезде, капиталистік қоғам оның орнына «ислам қаупі» деген 
ұғымды енгізді. Нәтижесінде ӛркениеттер қақтығысы деген түсінік қалыптасты. Бұлар 
әлемдік әділетті тәртіпке қайшы әрекеттер болып табылады. Соған сәйкес Н.Ә.Назарбаев 
соңғы съезде: «Моральдық адамгершілік құндылықтардың жаһандық дағдарысы үдей түсіп 
отыр. Әлемде моральдық адамгершілік дағдарыстың ӛрістеуі дінге сенетіндердің барлығын 
баса кӛктеп қаралау, дінді әлеуметтік үрдістердің шетіне ығыстырып тастау», деп дінді 
қоғамнан аластатудың жиі байқалып жатқанын ашық айтқан болатын [4]. Сонымен қатар 
Елбасы: «Кӛптеген кезеңдерде дін халықтың даналықтың, мәдениеттер мен дәстүрлердің 
сақтаушысы болып келді», - деді. Оған кешегі Кеңестік кезеңде асыл дініміздің арқасында 
ұлттық құндылықтарымызды жоғалтпай аман қалуымыз дәлел. «Қазіргі діндер жолайрықта 
тұр. Адамзат жоғары сана, яғни, Алла берген жаңалықтарды әлем игілігі үшін жұмсаудың 
орнына, жалғандық, арсыз түсінік және ӛшпенділік ұрығын себуде. Кез келген қоғамның 
моральдық ӛнеге бесігі болып табылатын отбасы берекесі, бала тәрбиесі, ұрпақ сабақтастығы 
бұзылды», - деген Ұлт кӛшбасшысы бүгінгі әлемнің рухани құлдырауын тілге тиек етті [5]. 
Енді үлкен форумда бейнеленген осындай ойдың Қазақстанға қандай қатысы бар дегенге 
келетін болсақ, Елбасы айтқан мәселелердің барлығы біздің елде де кездеседі. Бүгінде 
батыстағы азғын әрекеттердің кӛбі ӛз ішімізде де орын алуда. Сондай-ақ бізге де жаңағы 
вульгарлық материалдық қоғам еніп келеді. Ӛскелең ұрпақ нақ осы қоғамда тәрбие алуда. 
Мұндай келеңсіз құбылыстардың алдын алу үшін Орта Азия республикаларымен қатар Алаш 
жұрты біріге отырып, «иманды қоғам» тұжырымын қалыптастыруда. Тың идеяның мәні 
мынада: иманды қоғам бұл әділетті, мейірімді, салауатты қоғам. Сол себепті ӛз ортамызда 
осындай қоғам қалыптастыра алсақ, еліміздің ертеңі баянды, болашағымыз жарқын болуы 
хақ. Егер жат ағымдар қалай пайда болады деген сұраққа жауап іздеп кӛрсек, ол Исламды, 
жалпы дінді біржақты түсініп, ӛз қалауына қарай икемдеп алудан туындайтын олқылық. 
Алғашында назар аударарлықтай болмаса да, уақыт ӛте хақ діннен арасы алшақтап, таным 
түсінігі ӛзгеріп сала береді. Нәтижесінде, мақсат-мүддесі бӛлек ағым пайда болады. Сол 
себепті, бізге дәстүрлі дінімізді терең түсініп, рухани кемелденуді ешқашан кейінге 
қалдырмауымыз керек. Кез келген тұлға діни сауатты болуға ұмтылуы тиіс. Сондай-ақ жат 
ағымдармен күресте түсіністік және әріптестік қажет. Тек діни басқарма немесе жауапты 
органдар емес, бүкіл қоғам болып әрекет жасау керек. Яғни, бұл шараны тіпті бала 
бақшадан, мектептен бастап, дәстүрлі дінімізді адами, имани құндылықтарын 
жеткіншектердің бойына сіңірсек те артық етпейді. Аталмыш мәселені кӛтеруде шетелдік 
тәжірибеге сүйену дұрыс болар. Мәселен, кӛршілес Ресей «Экстремизмге қарсы Ислам 
доктринасы» атты құжат қабылдады. Онда «Халифат», «Джихад», «Такфир» ұғымдарына 
терең талдау жасалып, олардың ешқандай ұлттық, мемлекеттік мүдделерден жоғары 
тұрмайтындығы баса айтылған. Мұндай тәжірибе әрине, Қазақ еліне де қажет.


Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті
Хабаршы №2 (44), 2013 ж. 
111 
Орта Азия Республикаларының барлығын да да ислам ӛркениетінің қалыптасуы ӛте 
күрделі процесс. Мәселен, Ӛзбекстанда ислам ӛркениеті негізгі үш белгі бойынша 
айшықталады: 
-
этно-географиялық;
-
салыстырмалы-діни (ислами және ислам емес діндердің ара қатынасы);
-
геосаяси (сыртқы факторлардың діни процестерге әсері).
Бұл белгілер аталмыш мемлекеттің даму процесіне тікелей әсер етеді. 
Қорыта айтқанда, Ислам ӛркениеті Қазақстанда және Орта Азия республикаларында 
жалпы Сунниттік бағыт бойынша дамып келеді және аталмыш елдерде Ислам ӛркениетін 
бейнелейтін мынадай бэйсикті элементтер кӛрініс тапқан:
-
ұлттық сана; 
-
экстремизмге қарсы Ислам доктринасы; 
-
хадерланд сызығы; 
-
алтын миллиард теориясы; 
-
әлемдік және дәстүрлі діндер съезі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет