ӘОЖ9(с)55 А92 «Қазақ» атауын қайтарудағЫ



Pdf көрінісі
бет1/57
Дата26.11.2023
өлшемі1,3 Mb.
#128361
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57


Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті
Хабаршы №2 (44), 2013 ж. 

ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ 
ӘОЖ9(с)55 А92 
 
«ҚАЗАҚ» АТАУЫН ҚАЙТАРУДАҒЫ
ҰЛТ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ ТҰЖЫРЫМДАРЫ 
 
Аширбекова Ж. Б.– 
т.ғ.к., доцент
 
Қазақстан, Алматы қ., 
Қазақ мемлекеттік қыздар 
педагогикалық университеті 
 
Аннотация:
Мақалада ХХ ғасырдың бірінші ширегінде қазақ зиялыларының 
халқымызға ӛз атауын қайтаруда атқарған жұмыстары баяндалған. М.Дулатов, 
Ш.Құдайбердиев, М.Тынышбаев және т.б, ұлтымыздың біртуар қайраткерлерінің баспасӛз 
беттерінде және жеке еңбектерінде халқымызға «қазақ» атауын қайтару туралы кӛтерген 
мәселесінің нәтижесінде еліміздің «Қырғыз» Республикасының «Қазақ» деп аталуы
1925 жылы 15-19 сәуірде Ақмешітте болған Кеңестердің V съезінде кӛтеріліп жүзеге 
асырылды. 
Түйін сөздер:
 
қазақ, «қазақ» газеті, «қайсақ», «қырғыз», халық, қайтару, республика, 
зиялылар, ұлт.
 
Патша үкіметінің боданында болып, ұзақ уақыт «қырғыздар» атанып келген халқымыздың 
«қазақ» деген шын атауы 1925 жылы 15-19 сәуірде болған Қазақстан Кеңестерінің V съезінде 
қалпына келтірілді. «Қырғыз» атанып келген халқымыздың ӛз тарихи атауына қайтып 
оралуына ұлт зиялыларының тигізген үлесі зор. Олар бұл мәселені шешуді ХХ ғасырдың 
басында қолға алған болатын.
Еліміздің бірден-бір алғашқы басылымы болған «Қазақ» газетінде бұл мәселені 
бірнеше рет кӛтеріп, ӛз ойларын айқын түрде айтып, осы мәселе тӛңірегінде пікір де 
ұйымдастырған еді. 1913 жылы шыққан «Қазақ» газетінің бірнеше санында М.Дулатовтың 
«Түрік баласы» деген бүркеншік атпен жариялаған «Қазақтың тарихы» деп аталған 
мақаласында осы қазақ пен қырғыз атауының арасындағы айырмашылықтардың барлығы, 
орыс үкіметінің қазақты қырғыз атауының себебін «казактардан» айыру мақсатында деп 
кӛрсеткен болатын. Тарих ғылымында қаншама тарихи кітаптар жазылғанымен де «қазақ» 
сӛзінің қайдан шыққанын анықтап бергендері болмағандығын, арабша, түрікше, орысша 
шыққан кітаптарда «қазақ» сӛзінің ақиқатқа қайшы жазылуын сынға алған. «Орыстардың 
әсіресе үкіметтің, қазақты қазақ демей, қырғыз деп жүргені рас, бірақ олар ӛздерінің атты 
«казачи» әскерінен айыру үшін, жаңылыс болсадағы қазақты қырғыз атап жүр. Ӛзіміздің 
түрік қауымдарының, әсіресе басшыларының, қазақ пен қырғызды айырмағаны қате, 
кешпестік айып», - дей келе, қазақ атауын қайтару қажеттігін кӛтерген. «Қияметке шейін 
қазақ – қазақ болып жасамақ. Осы ғасырдағы ғылым жарығындағы қазақ кӛзін ашып, бетін 
түзесе ӛзінің қазақшылығын жоғалтпағандай және ӛзіміздің шарық әдетіне ыңғайлы қылып 
«қазақ мәдениеті» (казакская культура) құрып, бір жағынан қазақ әдебиеті (казахская 
литература) тұрғызып, қазақшылығын сақтамақшы», - деп, қазақ халқы орыстар кӛрсетіп 
жүрген қырғыз нәсілінен еместігін, қазақ халқының руларының ішіндегі қыпшақ, арғын, 
керейт, найман, қоңырат қырғыздармен қатар жүріп, қатар тұрған елдер екендігін, қырғызбен 
қатар жүрген найманды қалай бұрынғы қырғыздың нәсілінен деуге болатындығын дәлелдей 
келе, ол барлық мекемелерде «қырғыз» деген атаудың орнына «қазақ» деп жазуды ұсынған.
М.Дулатов «қазақ» атауын қайтаруда орысша оқыған қазақ жастары жұмыла іске 
кіріссе, ӛздері істейтін мекемелерде «қырғыз» емес, «қазақ» деп атауды қолдану қажеттігін 
кӛтерді. «Қырғыз» бен «қазақ» екі ел екендігін, әр ел ӛз атымен аталу керектігін үндеді 
[1, 22-23, 32-33 бб.].


Казахский государственный женский 
педагогический университет Вестник №2 (44), 2013 г.

Газеттің келесі санында ол «қазақ» сӛзінің түп-тӛркіні қайдан шыққандығын талдап 
берді. «Қазаққа» қатысты кейбір тарихи деректерде жаңылыс айтылған бес қателікті 
мысалдармен айқындады. Мәселен, орыстың тарихында «қазақ» деген сӛзді жазбай, 
«киргиз» деген бір жаңылыс сӛзге малданып, соныменен бүкіл тарихын былықтырып 
отырғандығын, арабша және түріктің тарихи кітаптарында да «қазақ» сӛзінің түп-тӛркіні 
туралы нақты айтылмай, әртүрлі ұйғарылып жүргендігін, мәселен, кейбіреуі «қазақ» «қашақ» 
деген сӛзден ӛзгертілген деген тұжырым жасауын, «Мустафад алахбар» кітабында «қазақ» 
атауы ноғайлармен арадағы келіспеушіліктерден жаңылыс жазылуын келтірген.
Ол қазақ сӛзі «хайсақ» - «қайсақ» сӛзінен ӛзгертіліпті дегенге де қарсы шықты. 
«Халисақ» сӛзі қалмақша да граница күзетшісі (награнич. стражъ) мағынасында-мыс, орыс 
тарихының кейбіреуі қазақ сӛзі осы хайсақ дегеннен алынған деп ӛтірікті жазады. Осындай 
ӛтірікті малданып, орыс жазушыларының кӛбі қазақты (киргиз-кайсак) деп жазып жүр. 
Мұның ӛтірік екендігі сӛз ретінде кейін айтылар. Осы күнде қалмақ-қытай қазақты қайсақ – 
хасақ деп сӛйлейді екен – онысы тілі келмегеннен. Оныменен қазақ сӛзі хайсақтан 
ӛзгертілгендігі білінбейді. Осы күнде мишер халқы арабтан алынған «салам» сӛзін «сейлам» 
деп сӛйлейтіні бар. Сол секілді, қалмақта қазақ сӛзін «хайсақ» деп бұзып айтады деуге 
болады», - дей отырып, халықты шатастыратын кейбір аңыз, шежірелерге де сақтықпен 
қарауды талап еткен. Осындай қисынсыз шикі сӛздерден ада болып, нағыз тарихи дәлдікпен 
сӛйлеу қажеттігін кӛтереді [1, 55-56 бб.].
Кӛп жағдайда қазақтың қайдан шыққандығы туралы сӛз болғанда жалпы жұрт 
арасында түрлі аңыздардың айтылатындығын, ал қазақтың түркі халықтарынан айырылып, 
«қазақ» деген атауға нақты қашан ие болғандығы жӛнінде мәліметтің жоқтығынан кӛмескі 
болып тұрғандығын мойындай отырып, нақты дәлелдерге сүйенбей, ақылға сыймайтын 
кейбір аңыз-оқиғаларды дерек ретінде қолданудың қисынсыз екендігін келтірді [1, 77-б.]. 
М.Дулатов «қазақ» мәселесі туралы тұжырымын «Қызыл Қазақстан» журналына 
басылған келесі «Қазақ-қырғыздың аты, тегі туралы» деген мақаласында да талдай кӛрсетті. 
Ол «қырғыз» атауы мен қазақ халқының шығу тегіне тоқтала отырып, қазақтардың ұзақ 
уақыт бойы «қырғыз», ал нақты қырғыздар «қара қырғыз» немесе «тағы қырғыз» атанып, 
қытайлар оларды «юрвут» деп жүргендігін, қазақтың ӛзін қырғыз емес, бұрыннан қазақ 
санап, қырғыз ӛзін қырғыз деп келгендігін, қазақ пен қырғыздың арғы тегі бір болғанымен, 
екі атаның баласы, біріне-бірі туыс, жақын түркінің екі руы екендігін растайды [2, 95 б.].
Қайраткер қазақтың қырғыз атануының себебін ол орыс казагы мен қазақты шатастыра 
бергеннен кейін, қазақты қырғыз деп атауды жӛн кӛруінен деп тұжырымдап, осы уақытқа 
дейін қазақтың тарихи атауы бұрмаланып «қырғыз» болды деп тұжырымдаған. Қырғыз бен 
қазақтың тілдік, тұрмыстық жағынан ӛзге түркі руларына қарағанда жақындығы, сондықтан 
екі елді ӛзге ұлт ӛкілдері шатастырып алып жататындығын мысал ретінде айта келе, ол 
«қазақ» атауы халқымызға қайтарылу қажеттігін үндейді [3, 88-89 бб.].
ХХ ғасыр басында қазақ шежіресіне қатысты бірнеше тарихи еңбектер жарық кӛрді. 
Оның бірі Шәкәрім Құдайбердиевтің «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі» деп 
аталатын тарихи еңбегі. Шәкәрім қазақ шежіресіне тереңнен бойлай келе, түркі 
халықтарының шежіресін қамтуға тырысқан. Адам Атадан бастап, пайғамдардың 
балаларынан таралғандардың барлығына жеке-жеке тоқталып, түркілердің шығу тарихын 
анықтайды. Бұл кітап жарық кӛрісімен «Қазақ» газетіне Ә.Бӛкейханның осы кітапқа қатысты 
пікірі жарияланып, Шәкәрімнің қазақтың түп шығу шежіресін талдауға алды. Ол Шәкәрімнің 
«Алаш» сӛзінің қайдан шыққандығын талдаған тұжырымына да келіспейді
[1, 124-126 бб.].
«Қазақ» сӛзінің тӛркініндегі айтыстар 20-жылдары тағы да кӛтерілді. Бұл сӛзінің 
тӛркінін М.Тынышбаев «Қырғыз-қазақ халқының тарихына материалдар» деген кітабында 
кӛтеріп, түрлі деректерді келтіре отырып, оның түп негізін ашуға тырысты. Ол да қазақтың 
шығу тегіне келгенде аңызға сүйенді. Еңбектің «Қырғыз-қазақтардың шығу тегі және Қазақ 
хандығының құрылу тарихы» деп аталған қосымшасында «қазақ-қырғыз» атауына ӛзіндік 


Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті
Хабаршы №2 (44), 2013 ж. 

тұжырым жасаған. Ол араб, орыс және тағы басқа зерттеушілердің жазғандарын саралай 
отырып, «қазақ» сӛзінің ежелден бері қолданылып келе жатқандығын айқындай кӛрсетеді. 
Мәселен, Н.М.Карамзиннің орыс жылнамасында «қазақ» сӛзінің ұшырасатындығын, сондай-
ақ осындай мәліметтер араб жазушылары Ибн Әл-Варди мен Масудидің еңбектерінде де 
аталатындығын нақты түрде дәлелдеп берді [4, 32-33 бб.].
Сӛйтіп, ол жалпы «қазақ» ежелден келе жатқан атау екендігін, патша үкіметінің 
отарлық саясаты тұсындағы «қырғыз» болып кемсітіліп, «қазақ» атауын жоққа шығармақ 
болғандардың әрекеттеріне осылайша дәйекті түрде соққы беруге тырысты.
«Қазақ» атауын қайтару жолында ұлт зиялылары арасында 20 жылдары қазақ мерзімді 
баспасӛзі беттерінде ұлт зиялыларының қазақ пен қырғыз арасындағы айырмашылықтар 
туралы пікірлері жарияланды. Қазақ атауын қайтару мәселесі қызу талқыға алынған. 
Еліміздің «Қырғыз» Республикасынан «Қазақ» деп аталуы 1925 жылы 15-19 сәуірде 
Ақмешітте болған Кеңестердің V съезінде кӛтеріліп, онда: «Қырғыз халқының тарихи дұрыс 
атын қалпына келтіру үшін Советтердің Бүкілқазақстандық V съезі: бұдан былайғы жерде 
қырғыз деген атау қазақ деп аталсын», - деп қаулы етті. Мұнымен бірге съезд Қырғыз 
Республикасын Қазақ Республикасы деп атауға, ал оның астанасы Ақмешітті Қызылорда деп 
атау жӛнінде шешім қабылдады [5, 286 б.].
ҚАКСР Орталық Атқару Комитеті президиумының 1936 жылғы 9 ақпандағы қаулысы 
бойынша қазақтар, Қазақстан деген неғұрлым дәл атау қабылданды. Сӛйтіп ширек ғасыр 
бойы «қырғыз» атанып келген халқымыз ұлт зиялыларының, қазақ оқығандарының, 
қайраткерлерінің ӛткір талаптарының нәтижесінде тарихи атауымызды қайтарып алды.
Ғасырлар бойы орыс бодандығында болып «қырғыз» деп кемсітіліп келген қазақ халқы, 
егеменді болған 20 жылдың ішінде дүниежүзіне саяси, экономикалық және әлеуметтік 
жағынан толықтай танылып, Қазақстанның кӛк байрағын желбіретіп келеді. Тәуелсіздік 
идеясы мен мұратын егемендік, дербестік, азаттық аясында кӛтеріп, мемлекетіміздің жарқын 
болашағы жолына ұстануда. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет