ӘОЖ9(с)55 А92 «Қазақ» атауын қайтарудағЫ


РЕЗЮМЕ  Статья посвящена вопросу завоевания царизмом Южного Казахстана и его роли в  жизни местного населения.  SUMMARY



Pdf көрінісі
бет15/57
Дата26.11.2023
өлшемі1,3 Mb.
#128361
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   57
РЕЗЮМЕ 
Статья посвящена вопросу завоевания царизмом Южного Казахстана и его роли в 
жизни местного населения. 
SUMMARY 
The Article is dedicated to question of the conquest by tsarism South Kazakhstan and his(its) 
dug in lifes of the local population. 
ӘОЖ 930.2: 81134 
ЖАҢААРҚА АУДАНЫНДАҒЫ ЖЕР - СУ АТАУЛАРЫНЫҢ ШЫҒУ ТАРИХЫ 
Жөкенова Р.С.-
қазақ тілі мен 
әдебиеті пәнінің мұғалімі 
Қарағанды облысы, Жаңаарқа 
ауданы 
Жұмақаева Б.Д.
 – 
п.ғ.к., доцент 
Қазақстан, Алматы қ., 
Қазақ мемлекеттік қыздар 
педагогикалық университеті 
Аннотация: 
Мақалада орталық Қазақстанның топонимикалық атауларына қатысты 
деректер қарастырылады. Белгілі бір территориялық аймаққа мәлім болжамдар нақты тарихи 
деректермен дәлелденеді. Мақала тарихи беймәлім топонимикалық атаулардың мән-
мағынасын айқындауымен ерекшеленеді.
Түйін сөздер: 
геодезист, топограф, инженер-геолог, агроном, Жайрем, Бесмаршал, 
қазақ онамастикасы, эвфемизим.
 
«Біздің қазақ – жер аты, тау атын әманда сол ортаның сыр-сипатына қарай қоя білген 
жұрт. Қайда, қандай бір ӛлкеге барсақ та жер-су, жапан түзде кездескен кішкене бұлақ 
атының ӛзінде қаншама мән-мағына, шешілмеген құпия сыр жатады» М.Әуезов. 


Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті
Хабаршы №2 (44), 2013 ж. 
39 
Сарыарқаның сайын даласында орналасқан Жаңаарқа ӛңірі де осы жерде туып ӛскен 
халыққа құтты мекен, жайлы қоныс болғалы қашан. Жаңаарқа ауданы 1923 жылы Асанқайғы 
атанса, 1929 жылы 16 тамыздан бастап Жаңаарқа атанды.
Халқымыздың кең даланың тӛскейінде орналасқан ӛз жерінің тау-тасы, ӛзен-суы, 
шоқысы мен беткейіне де дәл тауып, ат қоя білген. Әр жерге қойылған атаудың ӛзіндік 
тарихы бар. Кезінде кеңестік дәуірдің қылышынан қан тамып тұрған қатаң жүйесінің 
құрығында жүрсе де халық арасында болған жандар аз болмаған. Жаңаарқа ӛңірінен шыққан 
танымал жазушы, қаламы қарымды журналист Асан Жұмаділдин ӛзінің «Жаңаарқа 
Қанышпен кездескенде» атты әңгімесінде мынадай жайды баяндаған. «Манадыр 
стансасында тұратын Нұрбай Мұсаұлы Құрттықұлақ деген ақсақал Қаныш Сәтбаевпен 
кездескен бір әңгімесін былай баяндаушы еді. 
«Қаныш депутат болып сайланған жылдың кӛктемі. 1950 жыл. Су таситын цистернаға 
тіркелген тағы бір кӛк вагоны бар паравоз қосалқы жолға келіп тоқтады. Вагоннан түскен
3-4 адам жан-жаққа қарап ӛзді-ӛзі әңгімелесіп тұр. Солар жақтан келе жатқан стансада 
істейтін жігіттен. 
- Аналар кім? – деп сұрадым. 
- Қаныш Сәтбаев деген депутат. Қарсы келе жатқан пойыз Жеңістен жаңа ғана шықты, 
ол келгенше қашан. Бұл кісілер бір сағат елу минут тұрады,-деді. 
Қаныштың даңқын естігенім болмаса, кӛрмеген адамым. Әйеліме «қымызды әбден 
пісіп қотардағы ана пойыз тоқтаған жерге алып кел»,– деп тапсырдым да, вагон жаққа 
келдім. Амандастым, ел жинала бастады. Қаныш: 
-
Бұл стансаның аты қалай қойылған, Манадыр деген қай ұлттың тілі,- деді. 
-
Орыстардың қойған аты, солардың тілі шығар,-дедім мен. 
-
Орыста ондай сӛз жоқ. Бұл жердің байырғы аты қалай аталушы еді?-деді Қаныш. 
-
Бұл араның теміржол келгенге дейін арнаулы аты болған жоқ. Ӛйткені, бұл жерге 
қыстау салынбаған, жайлау да емес, - деді жиналғандардың бірі Тасжанов Ахметжан деген 
ақсақал. 
Қаныш тӛңірекке кӛз сала тұрып: 
-
Ана тауды не деп атайды?-деді оңтүстікті нұсқап. 
-
Оны Қарсыадыр дейді. 
-
Анау жалғыз шоқы не?- деді терістік жақты нұсқап. 
-
Ол – Толағай. 
-
Ана адыр тӛбелер қалай аталады?- деді Қаныш шығыс жақты нұсқап. 
-
Оларды Маңғадыр – Тоқты дейді,– дедім мен. 
-
Е, Маңғадыр деңіз. Маңында адыр деген сӛзден Маңғадыр атанып кеткен де, жол 
салушылар стансаның атын соған байланысты қойған екен ғой. Маңғадыр Манадыр болып 
шыққан - деп біраз үнсіз тұрды да сӛзін жалғап. 
-
Тоқты деп қалай аталған?-деді. 
Бұл кезде менің әйелім қымызды алып келіп қалды. Далаға жақын үйлерден текемет-
сырмақ әкеліп тӛсетіп дастархан жайдық. 
-
Біздің жақта тоқа деген ру бар. Соның Дәулетбике деген табынан шыққан Қорысбай, 
Қопа, Мықты, Жарқын, Сапақ деген бес ағайынды бай болған. Бесберен атанған. Сапаққа
17 мың жылқы бітіпті. Сол кісінің бір жылы 5 мың тоқтысы қыстап, жұттан аман шыққан тау 
Тоқты аталып кеткен дейтін үлкендер,– деп тағы да Ахметжан әнгімеге кірісті. 
Осы үзіндіні оқи отырып, Каныш ағаның бұрмаланған жер атына арашасы болып, ел 
тарихына терең үңілгенін байқаймыз. 
Қазақ даласында ұланбайтақ алапты алып жатқан, табиғаты сан қилы болып келетін 
ӛлкеміздің жер-суына ерте замандардан бері сан алуан атаулар қойылып, сан алуан 
ӛзгерістерге ұшырады.
Кӛшіп-қонып жүрген ата-бабаларымыз осынау кең даланың ойы-қырын, тау-тасын, 
қырағылықпен тани білді, тапқырлықпен атай білді. 


Казахский государственный женский 
педагогический университет Вестник №2 (44), 2013 г.
40 
Қазақ даласында болған қилы-қилы оқиғалар қазақ ономастикасына ӛз ізін қалдырды. 
Біздің ауданымызда тарих кӛшінде болған осындай жағдайлардан тысқары қалған жоқ. 
Мысалы, Карл Маркс, XXV партсъезд, Жеңіс, Киров, Қызылотау сияқты 
елдімекендердің аталуы осының дәлелі. 
«Сарыарқа поллиметал» ӛндірістік бірлестігінің орталығы Жәйрем кеніші ашылған 
кезде, журналистер бұл атаудың қайдан шыққанын зерттей бастады. Кӛпті кӛрген кӛнекӛз 
қарттардан сұрайды. Бұл ӛңірде ондай атау болған емес, орыстардың қойып алған атауы 
ғой,– десті. Газеттер «Жәйрем» деген жайылым деген сӛзден шыққан деп жазды. Асан 
Жұмаділдиннің «Жаңаарқа» дерекнамасында мынадай жағдай баяндалған. Бұл атаудың 
қалай пайда болған жӛнінде қарт зейнеткер Ысқақов Әбілдә Қожа (1924-2001) былай деген. 
«1942 жылдың жазы. Азаматтар соғыста. Қатын-қалаш, кемпір-шалдар, жасӛспірім балалар 
колхоздың жұмысында. Қаражартас колхозының бастығы Тоқтамысов Ілиястың Дәулет 
деген менімен қатарлас баласы бар, жастайынан мылтық атып үйренген мерген Дәулеттің 
әкесі ауданнан тапсырма алыпты. Киік етін дайындау керек кӛрінеді. Дәулет екеумізді киік 
аулауға шығарды. Маусым айының орта кезінде киік кӛп келді. «Ақши» деп аталатын 
жерден екі теке аттық. Атқан текелерді ақтармалап жатқанда, үстімізге тӛрт адам келді. 
Мосыағаш, қарала ағаштары бар. Екі-екіден дала кезіп, біреуі әудемжерге барып қарала 
ағашты ұстап, екіншісі мосыағашқа орнатқан дүрбімен сығалап жүргендерін алыстан кӛріп 
қасына баруға бата алмайтынбыз. Сӛйтсек, олар жерді картаға түсіріп жүрген «агрономдар» 
екен. Ол кезде біз үшін геодезист, топограф, инженер-геологтардың бәрі агроном. Ӛйткені, 
оларды үлкен адамдар солай атайтын. Сӛйтіп, олармен таныс болып алдық. Маусымның аяқ 
кезі. Жыңғылды кӛлде бес-алты қарақұйрық жүр екен. Кӛкалабиенің шығысындағы 
Ащыайырықтан Дәулет бір қарақұйрық атты. Осы сәтте «агроном» достарымыз келді. Олар 
картасын алып бірдеңелерді белгілеп жазып отыр. Қағаз жазып отырғаны «мынау киік емес 
қой, бұның аты не дейді,– деп сұрады. «Қазақша қарақұйрық, орысша не дейді?» деп біз 
қарсы сұрақ қойдық. Джейран дейді, Жәйрам дейсің бе? – деп, Дәулет таң қалды. «Жоқ 
Жайрам емес, Джейран» деп қайталады «агроном». Содан ол бір кезде «осы отырған жеріміз 
қалай аталады?» деп сұрады ол. Біз шығысты нұсқап: «Анау тау Қарсыадыр, одан бергі 
Жыңғылды кӛл, Шұбаркӛл ана мола Үшқатын, терістегіндегі құм жота Бойеділ-Тоқабай, 
Тӛссаз, мына ӛзек Кӛкалабие одан арғы Жомарт, Шошала...» – деп жер аттарын шұбырта 
жӛнелдік. 
«Жоқ олар емес, тап осы отырған жеріміздің атын қалай атайды?»- дейді агроном. 
«Киік жататын алақандай кӛкпекті тақырға кім ат қоюшы еді, бұл жердің аты жоқ дейміз. 
«Ендеше тап осы отырған жерге сендер бірдеңе деп қазақша ат қойыңдаршы, мына картаға 
жазу керек» – деді ол. Олай болса, бұл жерді мына атылған ешкінің құрметіне «Жәйрам» 
дейін – деді Дәулет. 
Содан мен ФЗО-ға алындым. Соғыс бітті. 1946 жыл елге келдім. Май айының аяқ 
кезінде геологтар кӛшіп келді. Жомарт экспедициясы дейді. Экспедициядағылар жербарақ 
қазып, палатка тігіп қоныстанды. Әр жерге бұрғы салып оқтаутас ойып алды. Ӛндірістің 
жұмысы қызды. Дәулет екеуміз 1948 жылы мал дәрігерлік оқуға кеттік. Оқуды бітіріп келдік. 
Жомарт экспедициясының орталығы сәулетті қала типтес поселка болыпты. Содан елуінші 
жылдардың бас кезінде Жомарттан басқа Жәйрем деген жерде экспедициясы орнапты деп 
естідік. Бұл қай жер болды екен десек, ол баяғы біздің қарақұйрық атқан жеріміз болып 
шықты» – деген екен ақсақал. Жәйрамның жанында 1961 жылы құрамында темірдің, 
марганецтің, қорғасын, мырыш, бариттың, күмістің, кадмийдің компоненттері бар Үшқатын 
кен кӛздері ашылған.Үшқатын жерінің аталуын ақын Кәкімбек Салықов жырмен ӛрнектеп, 
тарихын баяндаған. 
«Үшқатын» - Жәйремдегі жердің аты, 
Хабарсыз қай заманнан белгі заты. 
Әр сақта аңыз айтқан ақсақалдар, 
Жорамал жӛн іздеуге берді хақы. 


Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті
Хабаршы №2 (44), 2013 ж. 
41 
Болды ма бір бабамның үш қатыны, 
Атағы елге мирас үш татуы. 
Қосылтқан үш домбыра, отыз саусақ, 
Күйігін күйге жалғап қысқа тілі. 
Тұжырым мейлі бекем байламаймын, 
Қиялды бірақ неге қарамаймын. 
Сазды әуен елікпеді ел жаттаған, 
Қалды ма күйлерінде Дайрабайдың. 
Елде кӛп 
Басқа әңгіме ұшпа тілі, 
Дәлге сәл оралардай іс татымы. 
Бір күнде үш арудан айырылды ма, 
Қазақтың қырау қабақ үш батыры. 
Тағдырдың ел кездесіп кермегені, 
Батыл жауды қанды қылыш сермед ме. 
Кеселден құтылам деп барымтаға, 
Япырмау, үш келіншек бергені ме. 
Үш сұлу қайғы қасірет шекті ме екен, 
Кӛз жасы Сарысу боп кетті ме екен. 
Батырлар апаларын арашалап, 
Сүйегі елге есен жетті ме екен. 
Білмеймін әлде аңыз сақтады ма, 
Үш ұл үш анасын таппады ма. 
Жүргенде жидек теріп ел шетінде, 
Құландар үш әйелді таппады ма. 
Тарихқа үш оралып, үш шегінсек, 
Аңызға ақын сенгіш кӛңілмен. 
Тұзкӛлдің тұнығына кеткендей бар, 
Жауға күң болмаймыз деп үш келіншек. 
Кез болып кен оралған құйықтыға, 
Тереңде олар мәңгі тынықты ма. 
Білезік, сақинасын арулардың, 
Қорғасын, мырыш қоршап бұйықты ма. - деп кейінгі ұрпаққа ескерту 
жасап, тарихтың әр тұсынан айғақ болған жер атауын осылай қызғыштай қорыған екен. 
Мен тұрған Манадыр ауылынан 12 шақырымдай жерде «Бесмаршал» деген жер бар. 
Бұл жайлы А.Жұмаділдин жазған дерекнамада былай келтірілген. 1950 жылдары 
колхоздарды ірілендіру басталады. Осы кезде ұсақ колхоздың 29 бастығы босап қалады. 
Соның бірі Келтетал колхозының бастығы Қирабаев Смайыл ақсақал еді. Ол кісі Сарысу 
бойынан үй салды. Оның қасынан алсай руының басқа да белгілі ақсақалдары Ақтайдың 
Кӛкісі, Дүйсенбек, Жӛкен, Қасым деген кісілер бір ауыл болды. Білмейтіндер мынау кімнің 
қыстаңы деп сұраса: қу тілді Алсай атаның бір жігіті, ол Бесмаршалдың ауылы депті. 
«Бесмаршалың не» десе, «Баяғыда Ворошилов Буденный, Блюхер, Тухачевский, Егоров 
деген советтер одағында бесмаршал болған жоқ па еді. Біздің Алсайдың маршалдары 
асылдар деп Смайылдан бастап атап шығады. Содан ол қыстақ «Бесмаршал» атанып кеткен. 
Бұл жайлы жергілікті ақын Бақтыбай Аманжолов: 
Кӛкірегіне құндақтап іңкәрлігін, 
Ұластырған ұрпақпен сұңқар үнін. 
Жайсаңдардың жай тауып жатқан жері, 
«Бесмаршал» деп ер жұрты шырқар үнін,- деп түйіндейді. 
Сонымен орталық Қазақстанның топонимиялық атауларын лексикалық құрамына және 
мағыналық ерекшеліктеріне қарай топтасақ: 1. Ру, тайпа, халық аттарынан қойылған атаулар. 


Казахский государственный женский 
педагогический университет Вестник №2 (44), 2013 г.
42 
2. Кісі есімдерінен қойылған атаулар. 3. Діни нанымға эвфемизмге қойылған атаулар. 4.Жан-
жануарға байланысты қойылған атаулар – деп бӛлуге болады. Жаңаарқаның Жезқазған 
трассасы жағынан ауданға енер тұстағы тӛбе бұрын Бәйгетӛбе деп аталса, қазір халқымызың 
дара ұлы Ақселеу Сланұлы Сейдімбековтың мәңгі мекеніне айналған тӛбе «Ақселеу биігі» 
деп аталды. Қорыта келгенде, Жаңаарқа тӛңірегі – алаш баласының ежелден-ақ құт мекені. 
Тарих доңғалағын ғаламат жылдамдықпен айналдырған ӛткен ғасырдың ізі, Орталық 
Қазақстан, соның ішінде Жаңаарқа тӛңірегінде сайрап жатыр.
Осы тӛңіректі зерттеуші қазақ ғалымы Әлкей Марғұлан кӛптеген құпиялардың сырын 
ашты. Екпінді бес жылдықтар жоспары, ғарышты игеру, тың және тыңайған жерлерді игеру, 
қазақтың ӛз жерінде аз ұлтқа айналуы, тоталитарлық режим, міне, осының бәрі қазақ 
онамастикасына елеулі нұқсан келтірді. Ендігі мәселе, кезінде бұрмаланып кеткен жер-су 
атауларының тарихи, нақты атауларын қалпына келтіріп, аймақтың жетілдірілген 
топонимикалық картасын жасау болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет