Әок 903/904 (574)»05/1» «653» мрнти



Pdf көрінісі
бет3/10
Дата25.09.2024
өлшемі398,62 Kb.
#145601
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Keywords:
archaeology, Karatau, Terskei, monuments, research, the Middle Ages 
of the city
К
іріспе
Тянь-Шань тауы жүйесінің 
солтүстік-батысында 
орналасқан 
Қаратау жотасы 240 км созылып жа-
тыр. Таудың басым бөлігі Жамбыл об-
лысына қарайды. Тек солтүстік-батыс 
бөлігі Түркістан облысы аумағында. 
Ел ішінде Теріскей Қаратау деп, 
Қарт Қаратаудың солтүстік бетінің 
Түркістан облысы, Созақ ауданына 
қарасты бөлігін атау қалыптасқан. 
Теріскей Ұлы Жібек жолының ішкі 
тармақтарының бірі өткен тарихи 
аймақ (сур. 1). Аймақта болған ежелгі 
және ортағасырлық қалалар жайлы 
мәліметтер жазба деректерде айты-
лады. Теріскей арқылы өткен керуен 
жолымен дипломатиялық елшіліктер 
де жүрген. Археологиялық зерттеулер 
Византияның моңғолдың ұлы ханына 
жіберген елшісі В. Рубрук (1253 ж.) 
пен Армения патшасы Гетумның 
(1254 ж.) елшіліктері керуен жолының 
Теріскей тармағы арқылы өткендігін 
анықтады. Олардың жол жазбала-
рында Теріскейдің бірқатар қалалары 
да аталған. Сол қалалардың орнын 
анықтап, археологиялық зерттеу 
жұмыстары өткен уақыттарда біршама 
жүргізілді. Дегенмен, өңірдің тари-
хын жан-жақты ашып көрсететіндей 
зерттеулер жасалмаған. Мақала ке-
лешекте Теріскейде жүргізілетін 
кешенді зерттеулерге мұрындық болу 
мақсатында жазылып отыр.
Зерттеу әдістері
Мақалада Қаратаудың теріскей 
бетінде орналасқан ескерткіштерге әр 
жылдары жүргізілген археологиялық 
барлау, оларды сипаттау, құжаттау, 


31
Талеев Д.Ә. 
Қаратаудың теріскей бетіндегі ортағасырлық қалалардың археологиялық ...
мерзімдеу секілді зерттеулер нә-
тижелері жайлы топтастыру, сараптау 
әрекеттері жасалды. Зерттеу бары-
сында мақалада қамтылып отырған 
ескерткіштер жайлы археологиялық 
зерттеулер жайлы есептер, ар-
хив материалдары мен ғылыми 
мақалалардың мәліметтері пайдала-
нылды.
Талқылау 
Қаратаудың теріскей бетіндегі 
археологиялық 
ескерткіштердің 
зерттелуі алғаш Кеңес дәуірінде ба-
сталды. Тек ХХ ғ. басында өңірде 
болған Түркістан археологиялық 
үйірмесінің мүшесі В.А. Колосов-
ский Теріскейдегі Баба ата, Құмкент, 
Саудакент қалашықтарында болып, 
бір кездері қайнаған тіршіліктің 
орталығы болған, бұл күнде мүлгіп 
жатқан қала қирандыларын ба-
рынша мұқият сипаттап жаз-
ды. 
Колосовскийдің 
жергілікті 
тұрғындардан естідім деген аңызы 
бойынша осыдан мың жыл бұрын 
гүлденген қалаларды сол кездегі 
күшті халық «қалмақтар» мекендепті. 
(Осы жерде ескерте кету керек 
кез келген қираған қаланың немесе 
мекеннің орнын жат жұрттықтарға 
тиесілі деп уағыздау алғашында 
патшалық 
үкіметтің, 
кейінен 
кеңестік кейбір ғалымдарының 
шовинистік саясатынан туындаған).
Бұл қалалардың тұрғындары қалай 
өмір сүріп, не тіршілік кешкені 
жайлы тарих ештеңе айтпайды. Ал 
Мұхаммед пайғамбардың ұрпағы 
Ысқақ баба Түркістан өңірін жау-
лап алып, тұрғындарды семсердің 
күшімен 
мұсылмандыққа 
бас 
идірген. 
(Бұл жерде де шындықты 
бұрмалаушылық 
байқалады. 
Қазақстан жерінде мұсылман дінін 
Сур. 1. Қаратаудың теріскей бетінде орналасқан 
ортағасырлық ескерткіштердің картасы
Fig. 1. Map of medieval sites and monuments located in the Northern Karatau


32


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет