Әок 903/904 (574)»05/1» «653» мрнти



Pdf көрінісі
бет5/10
Дата25.09.2024
өлшемі398,62 Kb.
#145601
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Талеев Д.Ә. 
Қаратаудың теріскей бетіндегі ортағасырлық қалалардың археологиялық ...


34
ҚАЗАҚСТАН АРХЕОЛОГИЯСЫ
№ 2 (12) 2021
жұмыстары жүрді. 1957–1958 және 
1959 жж. ортағасырлық Бабаата 
қаласына 15 қазба салынды (қазба 
1-цитадельде [Агеева, 1962, с. 114–
153], қазба 2, 3, 7, 14–15 шахристанда 
[Сенигова, 1962
б
, с. 154–165], қазба 
4–6, 8, 9, 11–13 – рабадта) [Агеева, 
1962, с. 165–185]. Қазба жұмыстарын 
Е.И. Агеева, Г.И. Пацевич, Т.Н. Се-
нигова, А.А. Чариков, Н.П. Поду-
шкин секілді маман-археологтар 
жүргізді. Зерттеу нәтижелері Бабаата 
қалашығының орнында VІ–ХV ғғ. 
аралығында тамаша дамыған қала 
болғандығын көрсетті.
1958–1959 жж. Т.Н. Сениго-
ва Бабаата қалашығынан солтүстік-
батысқа қарай 7 км жерде Ба-
баата өзенінің биік жағалауында 
орналасқан Ақтөбе мекенжайына 
қазба жүргізді. Дөңгелек келген 
төбенің бастапқыдағы диаметрі 50 м, 
биіктігі 3 м болатын. Қазба барысын-
да толық ашылған кезінде, уақытша 
тұрақтан қалған күл қабатының 
үстіне тұрғызылған көлемі 35×30 м 
болатын төртбұрышты мекенжайдың 
орны ашылды. Мекенжай сырт 
жағынан қалың дуалмен қоршалған 
екі бөліктен тұратын кешен екендігі 
анықталды. Мекенжай екі құрылыс 
қабатынан 
тұрған. 
Зерттеуші 
төменгі құрылыс қабатының қыш 
ыдыстарының ұқсас үлгілері Ферғана, 
Хорезм, Сырдария, Таластың төменгі 
ағысының б.д.д. ІІІ–І ғғ. аралығына 
жататын материалдарымен сәйкес 
келетінін келтіреді. Ал жоғарғы 
құрылыс қабаты VІ–VІІ ғғ. салынған 
деп тұжырымдайды. Қазақстанда 
алғаш жүргізілген кең көлемдегі 
қазба барысында алынған қыш ыды-
стар үлгілері, тұрғын үйлердің жо-
басы мен сәулеткерлік құрылымы, 
тұрғындардың шаруашылығымен та-
нысу ғылымды жаңа мәліметтермен 
байытты [Сенигова, 1962
а
, с. 57–82]. 
Ақтөбеге жақын жерде орналасқан 
зиратта қазба жүргізген М.С. Мер-
щиев қоршау ішінде орналасқан 
жерлеу шұңқырларының құрылымы 
Кеңсай мен Қарақұдық зиратының 
б.д.д. ІІІ–І ғғ. жататын жерлеу 
шұңқырларымен ұқсас екендігін ай-
тады [Мерщиев, 1962, с. 84]. Жал-
пы Ақтөбе мекенжайы мен Бабаа-
та қалашығында жүргізілген қазба 
жұмыстары қорытындысы бойын-
ша өңірдің І–ХІІІ ғғ. аралығындағы 
материалдық мәдениетінің дамуы 
сабақтас жүрген деген тұжырым жа-
салды.
1946–1959 жж. аралығында 
Қаратаудың теріскейінде жүргізілген 
археологиялық зерттеу жұмыстары 
отырықшылықтың 
қалыптасуы 
уақы тын, өңірдің өзіндік ерекшелігін 
анықтап, көшпелі және отырықшы 
тұрғындардың 
өзара 
қарым 
қатынасын білуге мүмкіндік берді. 
Жиналған материалдар негізінде 
ХІІІ–ХVІ ғғ. (моңғол-тимуридтік не-
месе шығыс-қыпшақтық аталатын) 
аралығындағы қыш ыдыстардың 
классификациялық кестесін жасау 
мүмкіндігі туды. Сонымен қатар 
Қаратаудың теріскейінде қалалық 
тіршілік ХV–ХVІ ғғ. тоқтаған деген 
болжам жасалды [Ерзакович, 1966, 
с. 66].
ХХ ғ. алғашқы жартысында 
Қаратаудың теріскей бетінен ашылып, 
зерттелген ортағасырлық қалалар 
1960 ж. жарық көрген «Археологиче-
ская карта Казахстана» атты жинаққа 
барлығы 16 ескерткіш болып енді. 
Олардың тоғызы – қалашықтар 
(Ақсүмбе № 3325, Ақтөбе № 3333, 
Ран № 3331, Тарсатөбе № 3337, 
Созақ № 3338, Шолаққорған № 3430, 
Құмкент № 3431, Бабаата № 3453, Са-
удакент № 3438), алтауы – бекіністі 


35
мекенжай (Күлтөбе № 3328, Төбетөбе 
№ 3337, Ақтөбе № 3339, аты белгісіз 
бекініс № 3432, Ақтөбе № 3444, Та-
сты № 2852) және Ақсүмбе күзет 
мұнарасы № 3327 [АКК, 1960].
1964–1965 
жж. 
Жетісу 
археологиялық 
экспедициясының 
Л.Б. Ерзакович басқарған солтүстік 
Қаратау тобы бірнеше ортағасырлық 
ескерткіште зерттеу жүргізді. Созақта 
үш жерден стратиграфиялық қазба 
салған. Едәуір жемісті нәтижені 1-ші 
стратиграфиялық байқау қазбасы 
берді. Орталық төбенің шығыс 
шетіне салынған осы қазбаның 
тереңдігі 5,5 м қамтыды. Құрылыс 
қалдықтарының қалыптасқан бес 
құрылыс кезеңі байқалды.
Қалыңдығы 0,8 м тереңдікті 
қамтыған бірінші құрылыс қабаты 
балшықпен 
сыланған 
еденнің 
бетінен табылған тиын (1862 ж.) 
бойынша ХІХ ғ. екінші жартысы-
мен мерзімделді. Қаладағы тіршілік 
Х–ХХ ғ. басы аралығында болғаны 
анықталды.
0,8–2,1 м тереңдікті қамтыған 
екінші құрылыс қабаты сырлы 
ыдыс сынықтарының үлгісі бой-
ынша болжанды. Ішкі беті көгілдір 
түспен боялып, толқын тәрізді бел-
деуше сызықтар мен дақтар арласа 
безендірілген сырлы ыдыстардың 
ұқсас үлгілері ХVІІ–ХVІІІ ғғ. Бұқара 
мен Орта Азия аймағында көп 
таралған.
Үшінші 
құрылыс 
қабаты 
(2,1–3,8 м) қам қыштардан қабыр-
ғалардың қалдықтары мен аса тығыз 
емес құрылыс қалдықтарынан құ-
рал ған. Қазбадан кездескен қыш 
ыдыстардың көпшілігі түбі тегіс, 
сақина тәріздес, пішіні жарты сфера 
тәріздес, ернеулері сыртқа қарай аз-
дап шығыңқы саптыаяқтар түрінде. 
Сырлы ыдыстарда кобальт пен мар-
ганец басым. Өрнек нақыштары – 
жүзім жапырақтары, ағаш бұтақтары 
секілді таза табиғи нақышта. Осыған 
ұқсас ыдыс үлгілері ХV–ХVІ ғғ. жа-
татын ортаазиялық қыш ыдыстарда 
кездеседі. Сондай-ақ үшінші құрылыс 
қабаты табылған үш теңге бойынша 
да негізделді. Олардың біреуі ХV ғ. 
соңы мен ХVІ ғ. басында, екіншісі 
ХVІ ғ. және үшіншісі 1428–1429 жж. 
соғылған.
Төртінші құрылыс қабатының 
(3,8–4,7 м) оңтүстік қабырғасынан қам 
кесектен қаланған қабырға іздері анық 
байқалады. Бұл құрылыс қабатына 
материалдар алғашқыларына қа-
рағанда анағұрлым аз кездеседі. Де-
генмен табылған сырлы ыдыстар 
формасы мен түсі жағынан едәуір 
ерекшеленеді. Ыдыстардың басым 
бөлігі қызғылт-қоңыр ангоб пен түссіз 
шыңылтырмен қапталған. Өсімдік 
нақышындағы өрнектері сары және 
жасыл түсті сырмен салынған. Осын-
дай түстес ыдыстар Бабаатаның ХІІІ–
ХІV ғғ. жататын қабатынан кездеседі. 
Табылған сырлы ыдыс бөліктерінің 
басым көпшілігі өрнексіз және жа-
сыл түспен шыңылтырланған. Алтын 
түсті шыңылтырлы ыдыс үлгілері 
Теріскей Қаратау, Шу, Талас өңірлері 
мен Хорезмнің ХІІІ–ХІV ғғ. жататын 
ескерткіштерінде көп кездеседі.
Бесінші құрылыс қабаты (4,7–
5,5 м) қазба шұңқырын тұтастай алып 
жатқан мықты қабырғадан тұрды. 
Сол себепті де заттай материалдар 
өте аз табылды. Сырлы ыдыстан 
ақ түспен сырланып, қоңыр түспен 
өрнектелген ыдыс сынығын, сондай-
ақ сырланбаған ыдыстардан мине-
ралды өрнегі бар сынықты келтіруге 
болады. Осындай керамика үлгілері 
Бабаата қалашығының Х–ХІІ ғғ. жа-
татын қабатынан табылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет