37
1980–1983 жж. аралығында
Қаратаудың теріскейінде Шымкент
мұғалімдер институтының әкелі-
балалы Н.П. және А.Н. Подушкиндер
басқарған археологиялық тобы бар-
лау, зерттеу жұмыстарын жүргізді.
Зерттеудің мақсаты «Свод памитни-
ков истории и культуры Казахстана»
атты жинақтың Оңтүстік Қазақстан
облысына арналған алғашқы томы-
на материалдар жинақтау болатын.
Экспедиция далалық жұмыстарды
жақсы атқарып, Қаратаудың теріскей
беткейінде бірнеше ескерткіштер
ашып, ортағасырлық ескерткіштердің
санын 23-ке жеткізді [Свод...,
1994]. Бірақ, барлау барысында
кәсіби келеңсіз қателіктер жіберді.
Жаңадан ашылған 11 ескерткіштің
көпшілігі нақты атауы жоқ, «ме-
кенжай» деп берілген. Археоло-
гияда жаңа табылған ескерткішті
жергілікті тұрғындар қалай аталса
(Ақтөбе, Күлтөбе, Майтөбе т.т.) солай
құжаттау, болмаса жақын маңдағы
жер атауымен, немесе мекен атымен
есепке алу қалыптасқан (кесте 1). Ме-
кенжай деп көрсетілген алты бірдей
ескерткіштердің кейбіреуі ғылымға
сонау 1946–1947 жж. белгілі болған.
Олардың ғылыми қауым белгілі
екенін экспедицияның бас маманда-
ры білмеген де болуы керек. Өйткені
қатысушылар архив материалдары-
мен шала жұмыс жүргізіп, бұрыннан
белгілі бірнеше ескерткіш назардан
тыс қалған. Сондықтан жоғарыда
айтылған жинаққа 1971 ж. Л.Б. Ер-
закович ашқан Ақтөбе, Айдарлытөбе
бекініс мекенжайлары мен Қарасуан
қалашықтары енбей қалды. Айтылған
ескерткіштер «Древний Отрар»
кітабының 178–179-шы беттерінде
жарияланған [Акишев, Байпаков,
Ерзакович, 1972]. 1946 ж. Орталық
Қазақстан археологиялық экспедици-
ясы ашылып, зерттелген Шу өзенінің
төменгі ағысындағы Тасты бекініс
мекенжайы да түсіп қалған. Бекініс
1960 ж. шыққан жинақтың 196-
бетінде 2852-ші санмен тіркелген
[АКК, 1960, с. 196].
Кесте 1. Қаратаудың теріскей бетіндегі ортағасырлық қалашықтары мен
мекенжайларының тізімі
Table 1. List of medieval towns and settlements in Terskey Karatau
№
Ескерткіштер
Қалашық
Мекенжай
Төрткүл
Мұнара
1
Құмкент 10–15 ғғ.
Қызылкөлтөбе
6–10 ғғ.
Қарлығаштөбе 10–15 ғғ. Ақсүмбе
13–14 ғғ.
2
Қосбұлақ 4–6 ғғ.
Көкбұлақ 6–8 ғғ.
Төрткүл
6–9 ғғ.
3
Бабата 6–15 ғғ.
Ақтөбе (Бабаата)
1-8 ғғ
.
4
Күлтөбе 1–9 ғғ
Мекенжай 4–6 ғғ.
5
Майтөбе 11–16 ғғ.
Қарақұлтал -
6
Шолаққорған 13–15 ғғ.
Мекенжай 6–8 ғғ.
7
Қарасуан 13–14 ғғ.
Мекенжай 6–8 ғғ.
8
Айдарлытөбе 4–6 ғғ.
Балатұрлан -
9
Итмұрын 1–6 ғғ.
Көктөбе -
10
Тарсатөбе б.д. 3–10 ғғ.
Қарлығаштөбе
10–15 ғғ.
11
Созақ 10–19 ғғ.
Мекенжай 6–10 ғғ.
Достарыңызбен бөлісу: