Епарациясының молекулалық-генетикалық механизмдері


Фотореактивация (жарықтық репарация) және басқа да тікелей репарация түрлері



бет2/11
Дата13.05.2023
өлшемі122 Kb.
#92794
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
ДНҚ репарациясы ақпараттық блок (1)

Фотореактивация (жарықтық репарация) және басқа да тікелей репарация түрлері. 1949 неміс генетигі Альберт Кельнер ультаракүлгін (УК) сәулесімен зақымдалған, ал одан кейін көрінетін жарыққа шығарылған стрептомицеттер және пенициллалар сияқты бактериялар мен саңырауқұлақтар жасушаларында мутациялардың жиілігінің төмендейтінін, сонымен қатар, зақымдалған бірақ, қараңғыда қалдырылған жасушалармен салыстырғанда тіршілік қабілеттерінің артатыны байқаған. Кельнер жарықтың әсерінен молекулаларда қандайда бір зақымдалулар қалпына келіп, олардың кейбіреулері қалыпты жағдайға келеді деген қортынды жасайды.
1958 жылы алғаш рет фотореактивацияны іске асыратын фермент бөлініп алынды. Ол қазіргі уақытта фотолиаза деп аталады. Ультракүлгін сәулесінің әсерінен ДНҚ молекуласында көршілес орналасқан пиримидиндер арасында димерлердің түзілуіне Т=Т, Т=Ц, Ц=Ц алып келетін байланыстар пайда болуы мүмкін.
Фотореактивацияның мәні - фотолиаза ферменті пиримидиндер арасында пайда болған байланысты үзіп, ДНҚ молекуласының бастапқы құрылысын қалпына келтіреді. Жарық фотолиаза ферментін белсенді етеді, содан кейін ДНҚ молекуласындағы димерлер табылады, онымен байланысып пиримидиндік негіздер арасындағы байланыс үзіледі. Осыдан кейін фотолиаза ДНҚ молекуласынан ажырайды.
Осымен ДНҚ молекуласы құрылысының тікелей қалпына келуі аяқталады. Бұл қазіргі уақытқа дейін табылған белсендендіруші факторы химиялық энергия емес жарық болып табылатын жаңғыз ферменттік реакция. Репарацияның барлық басқа типтерінде жарық энергиясын қажет етпейді.
ДНҚ молекуласын тікелей қалпына келтірудің басқа түрлері:
О6-алкилирленген гуаниннің репарациясы. 1944-1948 жылдары совет генетигі И.А. Рапопорт молекулаларға алкильдік (метилдік, этилдік, пропилдік, бутилдік) жанама топтарды қосу қабілетіне ие, жаңа химиялық мутагендер классын – алкилирлеуші агенттерді ашты. Бұл мутагендер ДНҚ молекуласындағы пуриндік және пиримидиндік негіздерді алкилирлейді.
Зерттеулер жасушада метилтрансфераза ферментінің модифицирленген гуаниннен метил топтарын алып тастап ДНҚ құрылысының бастапқы қалпына келетіре алатындығын көрсетті.
Метилтрансфераза метил тотарын алып тастағаннан кейін өзі одан босай алмайды. Тікелей репарацияның әрбір актісіне жаңа фермент молекуласы қажет, сондықтан жасуша ол ферменттерді үнемі синтездеп отыруы керек. Егер ДНҚ молекуласында жаңа зақымдалулардың түзілуі ферменттердің синтезделуінен баяу жүретін болса, онда барлық гуаниндегі метил топтарын алып тастауға, мутацияның пайда болмауына жеткілікті. Ал егерде, жаңа өзерістердің пайда болуы фермент синтезінен жоғары болса, ферменттер барлық өзгерістерді түзетіп үлгермейді де ол өзгерістер жасушада мутацияның жинақталуына алып келеді.
ДНҚ бір тізбекті үзілулерінің репарациясы. Тікелей репарацияның тағы бір типі индуцирленген факторлар арқылы, мысалы иондық сәулелену әсерінен ДНҚ молекуласының бір тізбекті үзілулерінде анықталған. Бұл жағдайда ДНҚ полинуклеотидлигаза (ағыл. ligase - байланыстыру, қосу) ферменті арқылы үзілген ДНҚ молекуласы қалпына келеді.
Пуриндерді тікелей қою арқылы АП-сайтттардың репарациясы. 1979 жылы голландық ғалым Т. Линдал пуриндік негіздердің кейбір зақымдаулары кезінде негіздер мен қанттың арасындағы байланыстардың (гликозиттік) үзіліп кететуі мүмкін екендігін анықтады. ДНҚ молекуласында, осы негіздердің орнында АП-сайттар деп аталатын бос қуыстар пайда болады. Инсертаза (ағыл. insert - қою) ферменттері бос қуысқа керекті, зақымдалғанға дейінгі негіздерді қойып, оны қантпен байланыстыра алады. ДНҚ молекуласы бастапқы қалпына келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет