Эпитет (грекше- epithetion-қосымша)


Метафораның екінші түрі “мын , бын , пын , пін , сың ”-



бет4/17
Дата22.09.2023
өлшемі177,5 Kb.
#109824
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
doc1545587499

2. Метафораның екінші түрі “мын , бын , пын , пін , сың ”- жіктік жалғаулары, не “м”, “н”, “ы”(сы) - тәуелдік жалғаулары арқылы жасалады.
А) жіктік жалғау:
Сен - бұзау терісі шөншіксің,
Мен - өгіз терісі талыспын “.
…(Мен) “ Бес түлеген бөрімін,
Белге соқсаң жығылман ”.
Ә) тәуелдік жалғауы:
Халқыңыз қапа болмайды,
(Мен) Есен барса жолбарысың ,”
Немесе осының сыпайы түрі :
“ Бай-еке, сіз бір аққан бұлағымыз,
Зарлаған біз бір жетім ылағыңыз.
... “ Исатай - ел еркесі, ел серкесі ”,
... “ Таудағы тарлан шұбар біз едік.

  1. Метафораның ( еді, едім, едің, екен, ем, ең, м, н ) көмекші етістіктер арқылы жасалған түрі.

Мысалы:
(Мен) “ Қойда бағылан қозы едім,
Жылқыда шаңқан боз едім, ( “Ер Тарғын” жырынан ).
...” Сен - жаралы жолбарыс ең,
Мен - киіктің лағы ем .
Ол - жаңаның басы еді,
Мен - ескінің арты едім. ( Абай ).
Мен, мен едім, мен едім,
Исатайдың барында
Екі тарлан бөрі едім. ( Махамбет ).


4. Метафораның күрделі түрі немесе ұлғайған түрі.
Метафораның бұл түрі үшке бөлінеді:
А) Бір нәрсені бірнеше нәрсеге балау арқылы:
Тоқсан бес деген тор екен,
Дүйім жанның қоры екен .
Қарғиын десең, екі жағы ор екен,
Найза бойы жар екен,
Түбі жоқ терең көл екен,
Ел қонбайтын шөл екен,
Метафора тек осындай екен, еді –деген сөздер арқылы ғана жасалмайды.
Мысалы: “ Қарға батыр, әр сөзің - күміс, алтын,
Сыртыңнан тілек тілер барлық халқың.
...Дем алысы - үскірік , аяз бен қар,
Кәрі құдаң қыс келіп әлек салды. (Абай ).
Ә) Ұлғайған метафораның екінші түрі - бір нәрсені екінші нәрсеге бірден балай салмайды, әуелі балайтын нәрсенің артықшылық қасиеттерін көркемдегіш сөздер арқылы көзге елестетіп алады да , сосын барып балайды.
Мысалы: Мен тауда ойнаған қарт марал,
Табаным тасқа тиер деп
Сақсынып шыққан қиядан. ( Махамбет ).
Мұндағы метафоралық ұғым – “ Мен – марал ”. Осындағы қарт марал, тауда ойнаған марал, сақ марал дегенде қолданылған эпитеттер арқылы оның образын көзге елестетіп алып барып қана өзін маралға балайды.
Мен қарақұстан туған қалықпан,
Сөйлер сөзге жалықпан ”.
( Махамбет ).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет