Ер есімі – ел есінде Сабақтың мақсаты



бет1/3
Дата19.04.2023
өлшемі21,72 Kb.
#84442
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
9 май


Ер есімі – ел есінде


Сабақтың мақсаты:
1. Білімгерлер Ұлы Отан соғысы туралы, ел еркіндігін, бостандығын қанымен қорғаған қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстыру.
2. Білімгерлер адамгершілікке, Отанын сүюге, ата - бабаларымыздың ерліктеріне сүйене отырып, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыруға, оны қорғауға деген ой - өрісін дамыту.
3. Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата - бабаларымыздың ерлік істерін қастерлеп, рухын көтеру, үлгі - өнеге тұтуға баулу.
Көрнекілігі: Ұлы Отан туралы жазылған кітаптардан көрме, нақыл сөздер жазылған плакаттар. Ұлы Отан соғысы батырларының суреттерінен фото - монтаж, слайд, буклеттер.

Көрініс «Бейбіт өмір».


(Ауыл өмірі. «Желсіз түнде жарық ай» әні ойнап тұрады. Сахнада 10 шақты ауыл жастары қыдырыстап жүр)

1 - жігіт: Оу, қыздар, жігіттер, бұл не тұрыс? Көңілімізді көтеріп, Абай атамыздың бір әнін шырқасақ қайтеді?!


1 - қыз: Дұрыс айтасың. Айтсақ айтайық.
(Осы кезде «Желсіз түнде жарық ай» әні басталып айтылады, қалғандары қосылады. Ән аяқтала бергенде күн райы бұзылып, күн күркірейді.
Радиодан дауыс естіледі.)
Радио дауысы: Тыңдаңыздар! тыңдаңыздар! Сөйлеп тұрған Москва! 1941 жылы 22 - маусымда фашистік Германия тұтқиылдан соғыс жариялап, елімізге басып кірді.
(Осы дауыс естіліп тұрғанда ауыл адамдары жинала бастайды. Сахнадағы адамдар тып - тыныш бола қалады.
1 - келіншек: «Соғыс, соғыс» дейді, естідіңдер ме?
2 - келіншек: Сұмдық – ай, соғыс дей ме? Енді қайттік? Күніміз не болар екен?
Жылап - сықтау басталады.
1 - келіншек: Қойыңдар, жамандық шақырмаңдар! Ел шетіне жау тисе, арқа сүйер азаматтар бар емес пе?!
1 - азамат: Ат басына күн туса,
Ауыздықпен су ішер.
Ер басына күн туса,
Етігімен су кешер, - деген бар емес пе?!
Жыламаңдар! Көз жастарыңды тыйыңдар!

2 - азамат: «Отан үшін отқа түс, күймейсің» деген дана халқымыз. Ел қорғауға ер намысымен аттанған біздің алдымызда үлкен бел жатыр.


1 - азамат: Туған елдің келешегін сақтауға біз міндеттіміз! Ендеше Отан үшін аттанайық!
Барлығы: Отан үшін аттанайық.
Ұлы Отан соғыс туралы кино көрсетіледі.
Сахнаға екі жүргізуші шығады:

1 – жүргізуші: 1941 жылы 22 - маусым күні таңғы сағат 4 - те бейбіт елімізге Фашистік Германия тұтқиылдан опасыздықпен соғыс ашты. Суық хабар сол сәтте - ақ кең байтақ елімізге, жер - жерлердегі ауыл селоларға тарады. Отанымызға қатерлі күн туды. Мөлдір аспанды қара бұлт торлады, шаттық әні қайғылы үнге, нұрлы күнді қара күнге айналдырмақ ниетпен Адольф Гитлер бастаған Фашистік Германияның зобалаңы, соғыс жарасы әлі күнгі адамзат баласының жүрегінде Отанымызды қорғау үшін еліміздің көптеген ер азаматтары, қаракөз қыздары майданға аттанды. Дүниедегі бейбітшілік бағытына сұрапыл соғыс қаһарын төкті.

2 - жүргізуші: Біздің кең байтақ Қазақстанымызда да соғыс оты шарпылмаған шаңырақ кемде - кем. Жүз мыңға тарта ата - әкелеріміз соғыстың алғашқы сәтінде - ақ майданға аттанды. Жауға қарсы атылған он оқтың тоғызы Қазақстанда жасалды.

1 - Ержас: Дәл осынау жадыраңқы жай күні,


Болса дағы ғасырдың, қай жылы.
Ұлы Отаным басымды иіп бір минут,
Есіне алмақ сол бір апат қайғыны.

2 - Мейіржан: Аңыздардан тере жүріп мақсаты


Рас, рас көзімізден жасақты,
Бірақ сол дауыл жылдар, от жылдар
Бәрімізден бір - бір батыр жасапты.

1 - жүргізуші: Отанымызды қасық қанымен, албырт жанымен қорғаған аты аңызға айналған батырларымыздың ерліктері тарихта мәңгілік сақталып қалды. Кеңес Одағы Батыры атағын алғандар: Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигелдинов, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Рақымжан Қошқарбаев, Төлеген Тоқтаров.

3 - Нұрсұлтан: Бауыржан Момышұлы 1910 - жылы 24 желтоқсан Жамбыл облысы, Көлбастау ауылында момын шаруа отбасында дүниеге келген. Кеңес жазушысы 1942 - жылдан бері КПСС мүшесі. Даңқты жауынгер, гвардия полковнигі, хатшы, аты аңызға айналған батыр. Президент жарлығымен қаһарман атанды.
Бауыржан Момышұлы - қара басы,
Халқымыздың болған адам садағасы.
Бауыржан Момышұлы – қазақ деген,
Ғаламат ұлы сөздің баламасы.

Халқындай ол да бағлан, ол да батыр


Халқындай ол да кеніш, ол да тақыл.
Қайыспас қара емендей қайран ерді,
Халқына теңеу мәні сонда жатыр.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет