Сүтқоректілердің тұтынатын ауыз суы модификацияланған бифенол Амен ластанған, ол организмде
ыдырамайды, нәтижесінде қандағы бұл қосылыстың мөлшері оны анықтауға болатын деңгейге дейін
көтеріледі. Егер модификацияланған бифенол А эстрогендердің әрекетін имитациялайтын қосылыс
болса, онда:
A. еркектерде сперматозоидтар азаяды;
B. ұрғашыларда гонадотропинді босататын (релизинг) гормон деңгейі көбейеді;
C. еркектерде қандағы тестостерон деңгейі көбейеді;
D. ұрғашыларда фолликулярлық жетілуді ынталандыру жүзеге асырылатын болады.
51. Гипофиз безі қан қысымын ___ арқылы реттейді:
A. антидиуретикалық гормонның бөлінуі;
B. бүйрек үсті безінен адреналиннің пайда болуын тудырады;
C. соматостатин секрециясы;
D. ұйқы безінен инсулиннің бөлінуін арттыру.
52. Оңтүстік Америка тропикалық ормандарының (сельва) биоценозына енуі мүмкін:
A. пума, сасықиісті, койот, бөрі бөкені;
B. барыс, қабан, жасыл маймыл, окапи;
C. күміс гиббон, қызыл панда, тупайя, мангуст;
D. тапир, ягуар, өрмекші тәрізді маймыл, капибара.
53. Масақты жалтыршөптің дәндерін (Luzulapilosа) ет қосымшаларын жейтін құмырсқалармен
тасымалданады. Бұл құбылыс _____ деп аталады:
A. карпофагия;
B. мирмекофилия;
C. зоохория;
D. комменсализм.
54. Популяция экспоненталқ өсуі мүмкін:
A. тек тамақ шектеулі болған кезде;
B. жаңа тіршілік ету ортасын игеру кезінде;
C. тек жыртқыштар болмаған кезде;
D. тек зертханалық жағдайда.
55. инозитол-1,4,5-трисфосфат екінші реттік хабарлаушысы _____ ферментінің әсерінен
фосфолипидтерден түзіледі.
A. фосфолипаза А1;
B. фосфолипаза А2;
C. фосфолипаза С;
D. фосфолипаза D.
Достарыңызбен бөлісу: