Әр студент тапсырма нұсқасын оқытушының келісімімен (журналдағы тізім бойынша да болады) орындайды



бет4/7
Дата15.04.2022
өлшемі85,41 Kb.
#31118
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
хим-физ

Мысал: фосфордың Р изотопы позитронды шығарған кезде қандай элемент түзіледі? Осының ядролық реакциясын жазыңыз.

Шешуі: позитронда бірліктік оң заряд β+ болатындықтан, ондағы ыдырау процесінде бастапқы изотоптан (15 – 1 = 14) гөрі, бір бірлікке кем заряды бар элемент түзіледі. Ол кремнийдің изотопы. Оның массасы өзгеріссіз қалады.

          Ядролық реакция келесі теңдеумен өрнектелді:



Р = Si + β+.

 

61. Қандай реакциялар ядролық деп аталады? Олардың химиялық реакциядан ерекшелігі неде? Ядролық реакция бірінші рет кіммен және қашан жасалды?



62. Сутегінің үш изотобын атаңыз. Олардың ядроларының құрамын көрсетіңіз. Ауыр су дегеніміз не? Ол қалай алынады және оның қасиеті қандай?

63. Массаның сақталу заңының шектелуі немен көрсетіледі? Ядролық реакцияға қандай заңды бұзбай қолдануға болады?

64. Табиғи кремний үш изотоптан тұрады: 28Si, 29Si, 30Si, пайыздық массалық үлестері, сәйкесінше, 0,923; 0,047; 0,030. Табиғи кремнийдің атомдық массасын есептеңіз.

65. Табиғи хлор екі изотоптан тұрады: 35Cl және 37Cl. Хлордың салыстырмалы атомдық массасы 35,5-ке тең. Пайыздық массалық үлес бойынша хлор изотоптарының құрамын анықтаңыз.

66. 10B және 11B изотоптан тұратын, массалық үлесі, сәйкесінше, 19,6% және 80,4% -ға тең бордың атомдық массасын анықтаңыз.

67. Изотоптар мен изобарлар дегеніміз не? Көптеген элементтердің атомдық массасы бөлшек сандармен өрнектелетіні немен түсіндіріледі?

68. Табиғи неон изотоптардан тұрады: 20Ne және 22Ne массалық үлесі, сәйкесінше, 90% және 10%. Неонның атомдық массасын есептеңіз.

69. B нейтронымен бор атомының ядросын бомбалау кезінде, литий Li изотопы алынды. Аралық ядро мен тасталған бөлшекті анықтаңыз. Реакция теңдеуін жазыңыз.

70. Кейбір бөлшектермен неон Ne изотопын бомбалау нәтижесінде фтор және α-бөлшек түзіледі. Бомбалаушы бөлшекті анықтаңыз.

71. 24Mg-ге α-бөлшектің қозғалысы кезінде, электрон және басқа элементтің тұрақсыз изотопы түзіледі. Осы ядролық реакция теңдеуін құрастырыңыз және оның қысқартылған түрін жазыңыз.



72. Ядролық реакцияның қысқартылған теңдеуіне қарап, оның толық теңдеуін жазыңыз: а) Сu (p, n) Zn; б) Mo (n, ē) Tc; в) 27Al (p, α) 24Mg;

г) 59Co (n, α) 56Mn.



73. Протондармен: а) Ne изотоптың ядросын бомбалау кезінде α-бөлшектер; б) Cu изотоптың ядросын бомбалау кезінде нейтрондар түзіледі. Осының нәтижесінде қандай элементтердің және қандай изотоптары түзілді?

74. Егер нәтижесінде қорғасын Pb изотопы түзілетін болса, радон атомының ядросы қанша α-бөлшектерді жоғалтады?



75. Мына атомдар ядросының α-ыдырауы кезінде қандай элементтер түзіледі: B; Si; Po?

 

Сұрақтар



1. Химиялық формула нені көрсетеді? Формула бойынша қандай есептеулер жүргізуге болады?

2. Авогадро саны нені көрсетеді?

3. Зат массасының сақталу заңының тәжірибелік мәні неде?

4. «Эквивалент» түсінігіне анықтама беріңіз. Мысалдар келтіріңіз.

5. Атомдық ядро қандай элементарлы бөлшектерден тұрады?

6. Элементтің реттік нөмірінің, оның массалық санынан өзгешелігі неде?

7. Ядроның бөлінуінің, оның радиоактивті ыдырауынан айырмашылығы неде?

8. Спин квант саны нені сипаттайды?

9. Бір периодта орналасқан элементтер немен ортақтасады?

10. Бір топтың әртүрлі топшасында орналасқан элементтердің ұқсастығы мен айырмашылығы неде?

 

 

2 №2 есеп-сызба жұмысы. Термохимия және кинетика



 

Бұл есептерді шығарудың мақсаты: химиялық және физика-химиялық процестердің бағыты мен мүмкіндігін оқып үйрену, энергия шығындарын және энергетикалық эффектісін есептеуді, реакция өнімін алу жылдамдығы мен шығынын есептеуді, химиялық процестердің жылдамдығына әсер етуді білу, сонымен қатар сол және басқа құрылғылардағы, қондырғылардағы және аспаптардағы қажетсіз реакциялар туралы ескерту. [әдеб. – 1,2,4-10].  

 

Химиялық байланыс



 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет