Әр студент тапсырма нұсқасын оқытушының келісімімен (журналдағы тізім бойынша да болады) орындайды


Ерітінділердің физика-химиялық қасиеттері



бет6/7
Дата15.04.2022
өлшемі85,41 Kb.
#31118
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
хим-физ

Ерітінділердің физика-химиялық қасиеттері

 

Осы бөлімнің есептерін шығару үшін эбуллиоскопиялық және криоскопиялық константа өлшемдерінің мәндерін пайдалану керек.



 

Мысал: 100,0 г суда 2,501 г заты бар ерітінді 100,21°С қайнайды. Еріген заттың молярлық массасын табыңыз.

Шешуі:


∆Тқайнау = 100,21 – 100 = 0,21°С,

∆Тқайнау = 



формуланы қолданып, еріген заттың молярлық массасын анықтаймыз:

 

1. Егер 500 см3 ерітіндіде 0,6 моль зат болатын болса, 27°С кезінде бейэлектролит ерітіндісінің осмостық қысымы нешеге тең?



2. 250 см3 ерітіндінің құрамында массасы 11,5 г бейэлектролит бар. 17°С кезінде бұл ерітіндінің осмостық қысымы 12,04·10Па-ға тең. Бейэлектролиттің мольдік массасын анықтаңыз.

3. а) массасы 90,0 г судағы массасы 2,4 г несепнәр (мочевина); б) 360 см3 судағы массасы 27 г глюкоза ерітіндісінің бу қысымы қаншаға тең? Сол температурадағы су буының қысымы 157,3 кПа-ға тең.

4. Кристалдау температурасы 0,465° төмендеуі үшін, массасы 75 г суда несепнәрдің (NH2)2CO қандай массасын еріту керек?

5. Температурасы 70°С кезінде су буының қысымы 31,173 кПа-ға тең. Массалық үлесі 11,86% глюкоза ерітіндісіне арналған бу қысымының төмендеуін табыңыз.

6. Сулы ерітіндідегі C6H12O6 глюкоза 100,26°С қайнайтынын біле отырып, осы ерітіндінің массалық үлесін (%) табыңыз.

7. Массасы 40,2 г эфирде массасы 3,1 г C6H5NH2 анилин ерітілді. Алынған ерітіндінің бу қысымы 813,9 кПа-ға тең, ал сол температурадағы таза эфирдің бу қысымы 863,8 кПа-ға құрайды. Эфирдің молекулалық массасын есептеңіз.

8. Массасы 300,00 г судағы массасы 25,65 г кейбір бейэлектролиті бар ерітінді -0,465°С кезінде кристалданады. Бейэлектролиттің мольдік массасын табыңыз.

9. Ерітіндінің кристалдау температурасы -0,93°С екенін біле отырып, С12Н22О11 қанттың сулы ерітіндісінің массалық үлесін (%) есептеңіз.

10. Массасы 150 г суда массасы 5 г несепнәрі бар (NH2)2CO несепнәрдің сулы ерітіндісін кристалдау температурасын табыңыз.

11. Массасы 100,00 г бензолда массасы 3,04 г C10H16O камфоры бар ерітінді 80,714°С қайнайды. Бензолдың қайнау температурасы 80,200°С. Бензолдың эбуллиоскопиялық тұрақтысын есептеңіз.

12. Бұл ерітінді 100,39°С қайнайтынын біле отырып, С3Н8О3 глицериннің сулы ерітіндідегі массалық үлесін (%) табыңыз.

13. Массасы 250,00 г судағы массасы 2,25 г бейэлектролиті бар ерітіндінің -0,279°С кезінде кристалданатынын біле отырып, осы бейэлектролиттің мольдік массасын есептеңіз.

14. Қайнау температурасы 0,26° көтерілуі үшін, массасы 250 г суда қанша есепнәрді (NH2)2CO еріту қажет?

15. Массасы 125,0 г судағы массасы 2,3 г кейбір бейэлектролитті еріту кезінде кристалдау температурасы 0,372° төмендейді. Бейэлектролиттің мольдік массасын табыңыз.

 

Судың иондық туындысы. Сутектік көрсеткіш. Тұздар гидролизі



 

Мысал: 0,01 М КОН ерітіндісінің рН анықтаңыз.

Шешуі: КОН – күшті электролит, сондықтан [ОН-] концентрациясы сілтінің концентрациясына тең болады, яғни [ОН-] = 0,01 = 10-2 моль/л.

 

Онда рН = -lg [Н+] = -lg10-12 = 12.



 

16. Сутектік көрсеткіші 11 тең 10 дм3 ерітіндіде қанша грамм калий гидроксиді бар?

17.  Бір ерітіндінің сутектік көрсеткіші рН – 2-ге тең, ал екіншінікі – 6.       1 дм3 қандай ерітіндіде сутегі иондарының концентрациясы көп және қанша есе?

18. рН мәндері а) 1,6; б) 10,5 тең болатын ерітіндінің [Н+] және [ОН-]-иондарының концентрациясын табыңыз және реакцияның ортасын көрсетіңіз.

19. [Н+] - иондарының концентрациясы (моль/дм3): а) 2,0·10-7; б) 8,1·10-3; в) 2,7·10-10 тең ерітіндінің рН мәнін есептеңіз.

20. [OH-] иондарының концентрациясы (моль/дм3): a) 4,6·10-4; б) 8,1·10-6; в) 9,3·10-9 тең ерітіндінің рН мәнін есептеңіз.

21.  Диссоциациялану дәрежесі 0,042-ге тең, 0,01 н сірке қышқылы ерітіндісінің рН мәнін есептеңіз.

22. Келесі әлсіз электролит ерітінділерінің рН мәнін есептеңіз: а) 0,02 М NH4OH; б) 0,1 М HCN; в) 0,05 н HCOOH; г) 0,01 М CH3COOH.

23. Ni(NO3)2 және Na2SO3 тұздар гидролизінің молекулалық және ионды-молекулалық теңдеуін құрастырыңыз. Бұл ерітінділердің рН мәні қандай?

24. FeCl3, Na2CO3 және KCl тұздар гидролизінің молекулалық және ионды-молекулалық теңдеуін құрастырыңыз. Бұл ерітінділердің рН мәні қандай? 

25. AlCl3, K2CO3 және NaNO3 тұздар гидролизінің молекулалық және ионды-молекулалық теңдеуін құрастырыңыз. Бұл ерітінділердің рН мәні қандай? 

26. K2S, ZnSO4 және NaCl тұздар гидролизінің молекулалық және ионды-молекулалық теңдеуін құрастырыңыз. Бұл ерітінділердің рН мәні қандай? 

27. Pb(NO3)2, KCN және NaNO3 тұздар гидролизінің молекулалық және ионды-молекулалық теңдеуін құрастырыңыз. Бұл ерітінділердің рН мәні қандай?   

28. Na3PO4, CuSO4 және CH3COOK тұздар гидролизінің молекулалық және ионды-молекулалық теңдеуін құрастырыңыз. Бұл ерітінділердің рН мәні қандай?   

29. BaS, FeSO4 және NaCN тұздар гидролизінің молекулалық және ионды-молекулалық теңдеуін құрастырыңыз. Бұл ерітінділердің рН мәні қандай?   

30. Бірдей жағдайда мына тұздардың ішінен қайсысы гидролизге бұрын ұшырайды: а) К2СО3 немесе K2S; б) FeCl3 немесе FeCl2; в) Nа3ВО3 немесе Na3PO4; г) MgCl2 немесе ZnCl2. Неліктен?

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет