Әр студент тапсырма нұсқасын оқытушының келісімімен (журналдағы тізім бойынша да болады) орындайды



бет3/7
Дата15.04.2022
өлшемі85,41 Kb.
#31118
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
хим-физ

Атомдар құрылысы

 

Мысал: табиғи литий тұрақты Li (7,3%) және Li (92,7%) екі изотоптан тұрады. Литийдің атомдық массасын осы мәліметтерден есептеңіз.

Шешуі:


 

31. Берілген энергетикалық деңгейдегі энергетикалық деңгейшелер саны қаншаға тең? Егер энергетикалық деңгейде 4 деңгейшесі болса, оның бас квант саны қандай мәнмен сипатталады? Олардың әріптік белгіленуін көрсетіңіз.



32. Реттік нөмірлері 12, 13, 23 болатын элементтер атомындағы сыртқы электрондардың n және l квант санының мәндерін көрсетіңіз.

33. Реттік нөмірлері 18, 63 болатын атомдардың электрондық және электронды-сызбалық формулаларын жазыңыз. Олар электрондық түрдің қайсысына жатады?

34. Реттік нөмірлері 27, 83 болатын атомдардың электрондық және электронды-сызбалық формулаларын жазыңыз. Осы элементтер атомында қанша бос f-орбитальдары бар?

35. Алюминий атомындағы электрондар күйін сипаттайтын nlml және ms квант сандары қандай мәндерді қабылдайды.

36. s-, p-, d-, f- деңгейшелеріндегі электрондардың максимал саны қанша болады? Реттік нөмірі 51 болатын атомның электрондық және электронды-сызбалық формулаларын жазыңыз.

37. К, L, M, N, O, P деңгейлерінде электрондардың максимал саны қанша болуы мүмкін? Квант саны дегеніміз не?

38. Кейбір элементтер атомдарының сыртқы энергетикалық деңгейіндегі электрондардың квант сандары келесі мәндерден тұрады: n = 5, l = 0, ml = 0, ms = +1/2. Осы элемент атомында қанша бос 4d-орбитальдары бар? Осы атомның электрондық және электронды-сызбалық формулаларын жазыңыз.

39. Бас квант саны 3 және 4-ке тең электрондардың lmlms квант сандарының мәнін жазыңыз.

40. а) электрондармен толтыру 3d-орбиталінде бітетін;

б) электрондармен толтыру 4s-орбиталінде бітетін; в) электрондармен толтыру 4p-орбиталінде басталатын; г) электрондармен толтыру 4f-орбиталінде басталатын элементтің реттік нөмірін көрсетіңіз.

41. Қозған күйдегі атомдар: а) күкірттің; б) хлордың; в) фосфордың;

г) ванадийдің қанша бос 3d-орбитальдары бар?

42. Реттік нөмірлері 10, 15, 33 болатын элементтер атомындағы сыртқы электрондардың n және l квант санының мәндерін көрсетіңіз.

43. Қозбаған күйдегі атомдар: а) магнийдің; б) алюминийдің;

в) көміртегінің; г) бордың; д) күкірттің қанша жұптаспаған электрондары бар?

44. Реттік нөмірлері 39 және 41 болатын элемент атомдарының электрондық және электронды-сызбалық формулаларын жазыңыз. Осы элементтер атомында қанша бос d-орбитальдары бар?

45. Бірінші элементте 4s-электронның біреуі 3d-деңгейшесіне «құлауын» ескере отырып, реттік нөмірлері 24 және 33 болатын элемент атомының электрондық және электронды-сызбалық формулаларын жазыңыз. Бірінші атомның d-электронының және екінші элемент атомының p-электронының максимальды спині нешеге тең?

 

Д.И. Менделеевтің периодтық заңы мен элементтердің периодтық жүйесі



 

Мысал: қандай элементтің – натрий  немесе цезий – металдық қасиеті айқындау байқалады?

Шешуі: натрий мен цезий атомының  электрондық қауыз құрылысы мына төмендегідей жазады:

11Na   1s2 2s2 2p6 3s1  немесе  [Ne] 3s1;

55Cs   1s2 2s2 2p6 3s2 3p6 3d10 4s2 4p6 4d10 5s2 5p6 6s1  немесе  [Xe] 6s1.

Екі элементтің де сыртқы энергетикалық деңгейінде бір электроннан бар. Бірақ та цезий атомының сыртқы энергетикалық деңгейіндегі электрон ядродан алыстау орналасқан (цезийде алтыншы энергетикалық деңгейде, ал натрийде – үшіншіде). Ендеше, электрон (цезийден) жеңіл бөлінеді. Металдық қасиет электронды беру қабілеттілігімен байланысты болғандықтан, ол цезийде айқындау байқалады.

 

46. Периодтық заңның қазіргі тұжырымын беріңіз. Оның



Д. И. Менделееев берген тұжырымнан айырмашылығы неде? Периодтағы реттік нөмірдің жоғарлауымен атомдық радиустың төмендеуінің және топтағы реттік нөмірдің жоғарлауымен атомдық радиустың жоғарлауының жалпы үрдісін немен түсіндіруге болады?

47. Не себептен периодтық жүйеде фосфор мен ванадий бір топта орналасқан? Неге оларды әртүрлі топшаларға орналастырады?

48. Атом құрылысы туралы оқып үйрену химиялық элементтердің қасиетінің өзгеруіндегі периодтылықты қалай түсіндіреді? Не себептен периодтық жүйеде хром мен күкірт бір топта орналасқан? Неге оларды әртүрлі топшаларға орналастырады?

49. Реттік нөмірдің физикалық мәні қандай және неге элементтің химиялық қасиеті ақырында оның атомының ядро зарядымен анықталады?  Элементтердің қайсы қатары атомдық радиусының өсуі бойынша орналасқан: а) Na, Mg, Al, Si; б) C, N, O, F; в) O, S, Sc, Fe; г) I, Br, Cl, F?

50. Периодтық жүйенің құрылымы қандай? Периодтар, топтар және топшалар. Топ және период нөмірлерінің физикалық мағынасы.

51. Период нөмірі қандай квант санының мәніне сәйкес келеді? Атом құрылысы туралы оқып үйренуден периодқа анықтама беріңіз. а) F және Cl;

б) N және P атомдарының ұқсастығы мен өзгешелігі неде?

52. Периодтық жүйедегі периодтардың қайсысы кіші, қайсысы үлкен деп аталады? Олардың әрқайсысындағы элементтер саны немен анықталады? Әр периодтағы элементтер санын біле отырып, периодтық жүйедегі элемент орнын және реттік нөмірлері 35, 42, 56 бойынша негізгі химиялық қасиетін анықтаңыз.

53. Асыл газдар периодтық жүйенің қай жерінде орналасқан? Неге бұрын олар нөлдік топты құраған және оларды қалай атаған?

54. Неліктен сутегіні периодтық жүйенің I және VII топтарына орналастырған? Осы екі жағдайға қандай түсініктеме беруге болады?

55. Период пен топ бойынша негізгі топша элементтерінің қасиеті қалай өзгереді? Бұл өзгерістердің себебі неде?

56. Электрондардың «құлауы» қандай элементтердің атомында жүзеге асады? Бұл әсердің себебін түсіндіріңіз.

57. Қалыпты жағдайда бос күйінде тек 11 химиялық элемент газ және бос күйінде 2 элемент сұйық болып табылады. Осы элементтердің аталуын және символын көрсетіңіз.

58. Екі элемент атомындағы валенттік электрондар конфигурациясы мына формулалар бойынша өрнектеледі: а) 3s23pжәне 4s23d2; б) 4s23d3 және 4s23d104p3. Бұл элементтер қайсы периодтарда және топтарда орналасқан? Олар валенттік электрондар саны бірдей бола тұра, өз қасиеттері бойынша ерекшеленуі керек пе?

59. Әр периодтағы элементтер санын біле отырып, периодтық жүйедегі элемент орнын және реттік нөмірлері 17, 24 және 38 бойынша негізгі химиялық қасиетін анықтаңыз.

60. Д. И. Менделеев өз тұжырымына сүйене отырып, жүйеде теллурды йодтың алдына қойған, ал кобальтты никельдің алдына қойған. Осыны түсіндіріңіз.

 

Ядролық реакциялар. Радиоактивтілік



 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет