Әр тарау есеп шығаруға қажетті теориялық кіріспеден басталады



бет28/94
Дата04.12.2023
өлшемі2,14 Mb.
#134247
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   94
ІІІ Сабақты бекіту:
1.Концентрация химиялық реакцияның жылдамдығына қалай әсер етеді.
2.Қайтымды реакцияның SO2+O2=2SO3 тепе-теңдік кезіндегі концентрациялары мынандай: [SO2]= 2 моль/л [O2]=4 моль/л [SO3]=3 моль/л . Күкірт (IV) оксиді мен оттектің алғашқы концентрацияларын табыңдар.
3. Мына реакцияда А +В → 2С тепе-теңдік орнаған кезде заттардың заттардың концентрациясы төмендегідей: : [А,В]= 3 моль/л [С]=4 моль/л заттардың алғашқы концентрациясын табындар.
4. N2 + 3H2 =2NH3 жүйесінде тура реакцияның жылдамдығы 50 есе өсу үшін сутектің концентрациясын қанша есе көбейту керек?
Үйге тапсырма:
1.Қайтымды FeCl3 + 3KCNS → Fe(CNS)3 + 3KCl реакциясына тепе-теңдік күйде, реакцияға қатынасатын әр заттың концентрациясының өзгерісі қалай әсер етеді?
2.А + В= С реакциясына қатынасатын А затының бастапқы концентрациясы 0,20 моль/л, ал 10 сек. өткенннен кейінгі концентрациясы 0,12моль/л. Реакцияның орташа жылдамдығын анықтау. Бұл уақыт ішінде В және С заттарының концентрациясы қалай өзгереді?

16 – сабақ
Сабақтың тақырыбы: Химиялық реакцияның жылдамдығына қысымның әсеріне байланысты есептеулер
Сабақтың мақсаты:Оқушыларға химиялық реакциялардың жылдамдығына қысымның әсері тақырыбында сан есептерді шығаруға үйрету.
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі
ІІ жаңа материалды меңгерту
1- мысал: Азот (ІV) оксидінің түзілу реакциясының ­­­
2NO+O2 = 2NO2 жылдамдығының 1000 есе өсу үшін қысымды қанша есе артттыру керек?
Шешуі: Реакция жылдамдығының концентрацияға (газдар үшін) тәуелділігін сиппаттайтын әрекеттесуші массалар заңының өрнегі;
k· ·
Қысымның әсері реакцияға қатынасатын барлық газ тәрізді заттар үшін бірдей
Берілген реакцияның жылдамдығы 1000 есе өсіру үшін қысымды х есе арттыру керек.

сонда: х3=1000
х=100 есе
2- мысал: N2+3H2 =2NH3

Тура жүретін реакцияның жылдамдығы қалай өзгереді, егер қысымды 3 есе арттырсақ?

Шешімі:
Қысымды 3 есе арттырсақ, газ қоспасының көлемі 3 есе азаяды.Ал заттың мольдік концентарциясы сонша есе артады.Бастапқы концентрацияны 3СN2 және 3СН2 болады.

Әрекеттесуші массалар заңын қолданып υ1 мен υ2 есептейміз:

υ1=KCN2· C3H2

υ2=K3CN2(3CH2)3=81KCN2 C3H2

υ2/υ1 қатынастары =81. Сонда жылдамдық 81 есе артады екен.

3- мысал: Көміртектің (ІV) оксидінің түзілу реакциясының ­­­
2СO+O2 = 2СO2 жылдамдығының 100 есе өсу үшін қысымды қанша есе артттыру керек?
Шешуі: Реакция жылдамдығының концентрацияға (газдар үшін) тәуелділігін сиппаттайтын әрекеттесуші массалар заңының өрнегі;
k·РСО·РСО2
Қысымның әсері реакцияға қатынасатын барлық газ тәрізді заттар үшін бірдей
Берілген реакцияның жылдамдығы 100есе өсіру үшін қысымды х есе арттыру керек.

сонда: х3=100
х=10 есе




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет