Әр тарау есеп шығаруға қажетті теориялық кіріспеден басталады


– сабақ Сабақтың тақырыбы: Нормалдық концентрацияға есептеулер



бет36/94
Дата04.12.2023
өлшемі2,14 Mb.
#134247
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   94
Байланысты:
himiya-esepterin-shygharw-zholdary.-10-synyp

21 – сабақ
Сабақтың тақырыбы: Нормалдық концентрацияға есептеулер
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға нормалды канцентрация тақырыбында есептер шығару жолдарымен таныстыру.
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі
ІІ жаңа материалды меңгерту:
Нормальдық концентрациялы ерітінділер дәл ерітінділерге жатады. Сондықтан бұл ерітінділерді әзірлегенде заттың берілген массасын аналитикалық таразада, ал ерітіндіні өлшеуіш колбаларда дайындайды. Қышқылдар ерітіндісін дайындағанда, концентрлі қышқыл ерітіндісін бюреткамен өлшеп құю керек.
Практикада концентрацияның бір түрінен екінші түріне ауыстыру жиі қолданылады.
Проценттік концентрациядан мольдік және нормальдық концентрацияға өзгерту үшін мына формулалар қолданылады:
Cm = w · ρ · 10 / Мх ;
N = w · ρ · 10 / Эх
1- мысал: 12% күкірт қышқылының (ρ = 1,08 г/мл) нормальдық концентрациялары қандай ?
М (H2SO4) = 98 г/моль Э (H2SO4) = 98 : 2 = 49 г/моль.
СМ = 12 · 1,08 · 10 / 98 = 1,32.
N = 12 · 1,08 · 10 / 49 = 2,64 Н.
Кей жағдайда белгілі бір көлемде еріген заттың массасы арқылы нормальдық концентрацияны есептеу қажет
2 – мысал: Ерітіндінің 200мл көлемінде 2,6501г Na2CO3, болса нормальдық концентрациясы неге тең ?
Э (Na2CO3) =106,004 : 2 = 53,002г/моль .
Na2CO3 – ң 2,6501 г-нде қанша эквиваленті бар екенін есептейміз.
2,6501 : 53,002 = 0,05 экв.
200мл ерітіндіде 0,05 экв Na2CO3 болса
1000мл ерітіндіде х экв Na2CO3
х = 1000 · 0,05 / 200 = 0,25 экв.
Мынадай формуланы қолданып та, есептеуге болады:
N = 2,6501 · 1000 / 53,002 · 200 = 0,25 H
3- мысал:. Көлемі 2л 005 Н күкірт қышқылының ерітіндісін әзірлеу үшін концентрлі (98%) күкірт қышқылының (ρ = 1,84 г/см3) қандай көлемі қажет.
1л ерітіндіде 0,05экв.
2л ерітіндіде х экв.
х= 0,05 · 2 = 0,1 экв.
Э (H2SO4) = M (H2SO4) / 2 = 98,08 / 2 = 49,04г
m (H2SO4) = 49,04 · 0,1 = 4,904г
w = mз / mер mер = mз / w = 4,904/ 0,96 = 5,11г
қышқыл массасына сәйкес келетін көлемді есептейміз.
V = m / ρ = 5,11 / 1,84 = 2,77мл


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет