ІІІ Сабақты бекіту
1.Массасы 60г темір мен мыс қоспасын хлорлау үшін керекті галогеннің
массасын есепте
2. 4,59кг барий оксидін алюминиймен тотықсыздандыру арқылы 3,8кг барий алынған. Барийді шығымын анықтаңдар.
3. Құрамында 80% мырыш сульфиді бар. 1т мырыш алдамшысының қанша көлем (қ.ж.) күкіртті газ алуға болады.
4. 63. 10,8% 75г темір хлориді (ІІІ) ерітіндісіне артық мөлшерде натрий гидроксидін қосқан. Алынған тұнбаның массасын анықтаңдар.
Үйге тапсырма
1.Массасы 1,5 мыс пен магний қоспасын артық мөлшерде алынған тұз қышқылымен өңдегенде көлемі 500мл (қ.ж) сутек бөлінді. Қоспадағы мыстың массалық үлесін тап. (Жауабы 60%)
2.Түтікте көлемі 25мл болатын оттек пен сутек қоспасы бар, олар өзара әрекеттескенде 7мл оттек артық қалған. Бастапқы қоспадағы оттегінің көлемдік үлесін анықта. (Жауабы 52%)
29 – сабақ
Сабақтың тақырыбы: Қоспа құрамындағы заттардың массалық үлестерін анықтау.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың зат мөлшері, заттың массасын, көлемін анықтау тақырыбтары бойынша алған білімдеріне сүйене отырып массасы белгілі қоспа құрамындағы әрбірзаттың массалық үлестеріне есептер шығаруға үйрету.
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі
ІІ жаңа материалды меңгерту
1 –мысал: Фосфор буы мен фасфин қоспасының массасы 17,2г осы қоспа жанғанда 8,92г су алынған . Қоспадағы заттардың массалық үлестерін анықтаңдар .
Шешуі:
Қоспадағы фасфин жанғанда ғана су түзіледі. Олай болса х г фасфин жанғанда 8,92 г су алынды реакция теңдеуін жазамыз.
2РН3 + 4О2 = Р2О5 + 3Н2О
68 г/моль --------54 г/моль
Х--------------------8,92 г
Х = 68 г/моль * 8,92 г / 54 г/моль =11,23 г
Қоспадағы фосфиннің пайызбен көрсетілген массалық үлесін анықтаймыз.
W = 11,23г * 17,2г / 100 % = 65,3 %
Жауабы: Қоспадағы фосфин 63,5 %, фосфор буы 34,7 %
Достарыңызбен бөлісу: |