Сабақты бекіту:
1. Массасы 1,8 г алканды жаққанда 2,8 л (қ.ж) көмір қышқыл газы түзілді реакцияға қатысқан оттектің көлемін табыңдар 2-69 есеп 11 сынып тапсырмалар жинағы Ә.Темірболатова
2.Көлемі 4,48 л (қ.ж) газ тәрізді галогеналканды жаққанда 4,48 л көмірқышқыл газы мен 2,24 л хлор сутек түзілді . Галогеналканның малекулалық формуласын есептеп тап . ( 5-31)
3.Массасы 1,7 г белгісіз газ тәрізді затты жаққанда 3,2г күкірт (IV) оксиді және 0,9г су түзілді. Белгісіз зат аргоннан жеңіл молекулалық формуласын анықта. 6,32г калий перманганатын күкірт қышқылында түссіздендіру үшін ол заттың қандай (қ.ж) көлемі жұмсалады? Жауабы: 2,24л.
4.Массасы 7г циклоалкан жанғанда 22г көміртек (IV) оксиді түзілді, жұмсалған оттектің (қ.ж) көлемі қанша? Жауабы: 16,8л
Үйге тапсырма:
1. 9 г гликол толық жанғанда 9 г су және 8,96 л көмірқышқыл газы түзілді. Заттың сутекпен салыстырғандағы тығыздығы 45 – ке тең. Қосылыстың малекулалық формуласын тап .
2. Массасы 8,8г араматты көмірсутек жанғанда 26,4г көмір қышқыл газы түзілді, оның молекулалық формуласын тап.
3. Массасы 7г циклоалкан жанғанда 22г көміртек (IV) оксиді түзілді, жұмсалған оттектің (қ.ж) көлемі қанша? Жауабы: 16,8л
4.Массасы 14,2г көмірсутек жанғанда, көміртек (IV) оксиді және 19,8г су түзілді. Жануға жұмсалған оттектің (қ.ж) көлемі қанша? Жауабы: 30,58л.
5 – сабақ
Сабақтың тақырыбы: Маңызды тотықтырғыштар және тотықсыздандырғыштар
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға маңыздцы тотықтырғыштар және тотықсыздандырғыштар, тотығу дәрежені анықтауға үйрету .
Сaбақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі
ІІ жаңа материалды меңгерту
Нәтижесінде химиялық элемент атомдарының тотығу дәрежесі өзгере жүретін химиялық реакцияны тотығу-тотықсыздану реакциясы деп атайды.
Тотығу деп заттың (атом, малекула, ион) электрон беруі, ал тотықсыздану деп керісінше электрон қосып алу қасиетін айтады.
Электрон беруші тотықсыздандырғыш, ал электрон алушы тотықтырғыш деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: |