Әр тарау есеп шығаруға қажетті теориялық кіріспеден басталады



бет25/94
Дата04.12.2023
өлшемі2,14 Mb.
#134247
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   94
ІІІ Сабақты бекіту:

  1. Массамы 12 г мысты күмістің нитратының ерітіндісіне батырғанды ығысып шыққан күмістің массасын есепте.

  2. 2,5 г мырыш пен магнийдің құймасын Н24 ерітіндісіне еріткен. Сонда 1,19л сутегі (қ.ж.) алынған. Құймадағы әрбір металдың массасын анықтаңдар.

3. 10 г темірді мен мыс хлоридінің (ІІ) батырғанда ығысқан мыстың массасын есепте.
Үйге тапсырма



  1. Массасы 12,8г мыс пен алюминий құймасын тұз қышқылымен өңдеді қалдықты жуып, концентрлі азот қышқылымен ерітті. Ерітіндіні буландырғанда қалған құрғақ қалдықты кептіргенде 4г қатты зат қалды. Құймадағы мыстың массалық үлесін анықта. (Жауабы 0,25)

  2. Массасы 1,5 мыс пен магний қоспасын артық мөлшерде алынған тұз қышқылымен өңдегенде көлемі 500мл (қ.ж) сутек бөлінді. Қоспадағы мыстың массалық үлесін тап. (Жауабы 60%)


14 – сабақ
Сабақтың тақырыбы: Химиялық реакцияның жылдамдығына температураның әсеріне байланысты есептеулер
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға химиялық реакцияның жылдамдығына температураның тигізетің әсері Вант-Гофф ережесі бойынша сан есептерді тиімді әдістерімен шешуді үйрету.
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі
ІІ жаңа материалды меңгерту
Химиялық реакцияның жылдамдығын және олардың жүру механизмін зерттейтін ғылым саласын химиялық кинетика деп атайды. Гомогендік реакциялардың жылдамдығы реакцияға қатынасатын заттардың белгілі бір көлемдегі (ν) зат мөлшерінің уақыт бірлігіндегі (Δt) өзгерісімен (Δν) сипатталады.
Температураны әрбір 10ºС көтерген сайын реакцияның жылдамдығы шамамен 2-4 есе артады.
Бұл санды реакцияның температуралық коэфиценті деп атайды. γ (гамма)
Вант – Гофф ережесін математикалық түрде былай өрнектейді.

γ – реакция жылдамдығының температуралық коэфиценті

γ –х. р. температуралық коэффициенті . Вант - Гофф ережесі бойынша


Температура артқан сайын реакциялық ортада активті молекулалар өседі.
Бұдан мынадай қорытынды айта аламыз:
Жылдамдықтың артуына мынадай жағдай әсерр етеді екен.
а) температураның жоғарылауы,
б) активтендіру энергиясының төмендеуі .
1- мысал: Температуралық коэфиценті 2-ге тең реакция 800С та 16 минут уақытта аяқталады. Бұл реакция 600С және 1200С кездерінде қанша уақыт ішінде аяқталады.
Шешуі: Вант-Гофф ережесі бойынша

Яғни, температураны 800С-тан 1200С-қа дейін көтергенде реакция жылдамдығы 16 есе артады 1200Ста реакция 1 минутта аяқталады. Ал, температура 800С-тан 600С-қа дейін төмендегенде реакция жылдамдығы 4 есе кеміді. Демек, 600С кезінде рекция 16·4=64 минутта аяқталады.


2- мысал: Реакцияның 200С кезіндегі жылдамдығы моль/л·сек. Егер реакцияның температуралық коэфициенті болса, онда оның 700С кезіндегі жылдамдығы қандай болады.
Шешуі:
Вант–Гофф формуласы бойынша

70ºС кезінде реакцияның 20ºС кезіндегі жылдамдығы 32 есе артады.
(70º)=0,001


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет