Әр тарау есеп шығаруға қажетті теориялық кіріспеден басталады



бет21/94
Дата04.12.2023
өлшемі2,14 Mb.
#134247
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   94
2-мысал: Массасы 8,00 грамм темір пластинка мыс сульфатының ерітіндісіне батырылған. Біраздан кейін пластинканы ерітіндіден шығарып алып, құрғатып, қайтадан өлшегенде оның массасы 8,77г болған. Ерітіндіге ауысқан темірдің массаларын табыңыздар.
Шешуі:
Біз қарастырып отырған реакция теңдеуін былай жазуға болады:
Fe + CuSO4 = FeSO4 + Cu (1)
Пластинканың массасының өзгеруі темірдің еруіне (пластинканың жеңілдеуі) және оның орнына мыстың қонуына (пластинканың ауырлауы) байланысты.
Мұнда ерітіндіге кететін металдың (Fe) атомдық массасынан пластинканың бетіне қонатын металдың (Cu) атомдық массасы үлкен болғандықтан реакция нәтижесінде пластинка ауырлайды.
М = M(Cu) – M(Fe) = 64г/моль - 56г/моль =8г/моль.
Есептің шарты бойынша реакция нәтижесінде пластинканың массасы
m = 8,77-8,00 = 0,77 грамға ауырлайды.
Есептің бұдан арғы жалғасы бірнеше әдістермен шығарылуы мүмкін.
Пластинканың ауырлауы немесе жеңілдеуі алмасатын металдардың атомдық массаларының айырмасына тәуелді екеніне сүйене отырып, пропорция құрамыз:
Егер, 64г Cu бөлінген пластинканың массасы ауырласа, онда хг Cu бөлінгенде пластинканың массасы 0,77г ауырлайды.

Бұдан: х = 64 ∙ = 6,16г


Осындай пропорция арқылы ерітіндідегі ауысқан темірдің де массасын табуға болады.
Егер 56г Fe ерітіндіге ауысқанда пластинканың массасы 8 грамға ауырласа, онда у г Fe ерітіндіге ауысқанда пластинканың массасы 0,77 грамға ауырлайды.
Бұдан: у = 56 ∙ = 5.39г
Сонымен, реакция нәтижесінде 5,39 грамм темір ерітіндіге ауысып, оның орнына 6,16 грамм мыс пластинканың бетіне қонған.
3-мысал. Массасы 100 грамм мырыш пластинкасы күміс нитраты ерітіндісіне батырылған. Біраздан соң пластинканы ерітіндіден шығарып алып, құрғатып, қайтадан өлшегенде оның массасы 7 грамға артқан. Ерітіндіге ауысқан мырыштың және пластинканың бетіне қонған күмістің массаларын табыңдар.
Шешуі:
Алдымен реакция теңдеуін жазамыз.


Zn + 2AgNO3 = Zn(NO3)+ 2Ag
65г/моль 108г/моль
Пластинканың массасының артуы мырыштың еруіне (пластинканың жеңілдеуі) және оның орнына күмістің қонуына (пластинканың ауырлауы) тікелей байланысты. Бұған қоса 1 моль мырыш 2 моль күмісті ығыстырып шығарып отыратынын ескере отырып, пропорция құрамыз:
Егер 65г мырыш еріп күміспен алмасқанда пластинканың массасы 2 ∙ 108 – 65 =151 грамға артса, онда х г мырыш еріп, күміспен алмасқанда пластинканың массасы 7 грамға артады.
Бұдан: х = 65 ∙ = 3г
Осындай пропорция арқылы пластинканың бетіне қойылған күмістің массасын табуға болады:
Егер 2 ∙108г күміс мырышпен алмасып, пластинканың бетіне қонғанда массасы 151 грамға артса, онда у грамм күміс мырышпен алмасып, пластинканың бетіне қонғанда, пластинканың массасы 7 грамға артады:
Бұдан: у =2 ∙108 ∙ = 10г
Сонымен, реакция нәтижесінде 10 грамм мырыш ерітіндіге ауысып оның орнына 3 грамм күміс пластинканың бетіне қонған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет