Әр тарау есеп шығаруға қажетті теориялық кіріспеден басталады



бет55/94
Дата04.12.2023
өлшемі2,14 Mb.
#134247
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   94
Байланысты:
himiya-esepterin-shygharw-zholdary.-10-synyp

2- мысал: Калий хлориді мен калий бромидінің 8,64 г қоспасын суда ерітіп, ерітінді арқылы хлор газын өткіздік . Ерітіндіні құрғағанша қыздырдық. Құрғақ қалдық массасы 8,195 г болды. Қоспадағы калий бромидінің массалық үлесін табыңдар.
Шешуі:
2KBr + Cl2 = 2KCl +Br2
Реакция нәтижесінде түзілген калий хлоридінің массасын «у» г дейміз. Сонда қыздыру нәтижесінде бром шығып кетеді . Құрғақ қалдық бойынша теңдеу құрамыз.
Х –у = 8,195
Калий бромидындағы , реакция жүргеннен кейінгітүзілген калий хлоридындағы зат мөлшерін табамыз.
ν(KBr ) = m /M = 8,64 – х/119 моль
ν(KCl) = m /M = у/74,5моль
Реакция теңдеуінің көрсетуі бойынша ν(KBr ) = ν1(KCl) олай болса төмендегі теңдеу шығады.
(8,64 – х ) : 119 = у : 7,45
Қоспадағы калий бромидінің массалық үлесін табамыз.
W = 8,64-7,45 /8,64 = 13,73 %

  1. мысал: Массасы 30 г мыс пен алюминий қоспасына концентірлі азот қышқылымен әсер еткенде

13,44 л газ (қ.ж) бөлінді. Қоспаның құрамын анықта. .
Шешуі:
Cu +4HNO3 = Cu(NO3)2 +2NO2 + 2H2O
M (Cu) = 64 г\моль
X --------------13.44л
64г\моль-----44.8 л\моль
X = 64г\моль * 13.44л / 44.8л\моль = 19.2г (Cu)
m (Al) = 30г – 19.2г = 10.8г
4 – мысал: Көмір (ІІ) оксиді сутек қоспасын ауаның артық мөлшерінде жанғанда 132 г көмірқышқыл газы және 18 г су алынды. Қоспаның молярлық құрамы қандай.
Шешуі:
2СО +О2 → 2СО2
132 г --------------х
84 г/ моль ----56 г\моль
Х = 132 г * 56 г\моль\ 84 г\моль= 88 г
ν(СО ) = m /M = 88г \ 28 г\моль=3моль
2 + О2 → 2Н2О
18 г -------------------у
36 г/ моль-------2 г\моль
У = 18 г * 2г\моль / 36 г/моль = 2 г
ν(Н2 ) = m /M = 2г \ 2г\моль=1моль
Демек бастапқы қоспа 3 моль СО және 1 моль Н2 газдарынан тұрады..
5 – мысал: Массасы 40г мыс (ІІ), кремний оксиді, мырыш оксиді және мырыштан тұратын қоспаны сұйытылған күкірт қышқылымен өңдегенде 4,48л газ бөлінді. Қышқылда ерімеген қалған заттар кальцийнирленген содамен қосып балқытылғанда 3,36 л газ бөлінді. Қорытпаны сумен өңдегенде ерімей қалған қалдықты концентрлі күкірт қышқылымен өңдегенде 2,24л газ бөлінді. Қоспадағы мырыш оксидінің массалық үлесін анықта.
Шешуі: Қатар реацияға түсетін әр заттың қасиетін еске түсіру арқылы есептеп шығаруға болады.
Қоспа құрамындағы төрт заттың екеуі сұйытылған күкірт қышқылымен әрекеттеседі.
Zn+H2SO4=ZnSO4+H2 (1)
ZnO+H2SO4= ZnSO4+H2О (2)
№1 реакциядан бөлінген сутегі көлемі бойынша мырыш массасын анықтаймыз. болады
m(Zn)=M(Zn)·ν(Zn)=65г/моль·0,2моль=13г
Қоспадағы қалған қалдықты содамен балқытқанда кремний оксиді әрекеттеседі.
SiО2 + Na2СO3=Na2SiO3+CO2 ↑ (3)
Бөлінген көмірқышқыл газының көлемі бойынша кремний оксидінің массасын есептейміз.

№3 реакция теңдеуі бойынша
ν(CO2) =ν(SiO2). m(SiO2)=M(SiO2)·ν(SiO2)=60г/моль·0,15моль=9г

Сумен өңдегенде натрий силикаты суда ериді, ал қалғын қалдық мыс – концентрлі күкірт қышқылымен әрекеттеседі.


Cu+H2SO4=CuSO4+SO2 ↑ + 2H2O (4)
Бөлінген SO2 – нің көлемі бойынша мыстың массасын табамыз
№4 реакция теңдеуі бойынша ν(SO2)=ν(Cu)=0,1моль
m(Cu)=M(Cu)·ν(Cu)=64г/моль·0,1моль=6,4г
Қоспа құрамындағы үш заттың массасы белгілі болғандықтан, төртінші заттың массасын оңай табуға болады.
m(ZnO)=m(қоспа) - [m(Zn)+m(Cu)+m(SiO2)=40-(13+6,4+9)=11,6г
%
демек, қоспадағы ZnO-ның массалық үлесі 29%




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет