Әр тарау есеп шығаруға қажетті теориялық кіріспеден басталады


– сабақ Сабақтың тақырыбы: Массасы белгісіз қоспа құрамын анықтауға есептеулер



бет52/94
Дата04.12.2023
өлшемі2,14 Mb.
#134247
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   94
28 – сабақ
Сабақтың тақырыбы: Массасы белгісіз қоспа құрамын анықтауға есептеулер
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың зат мөлшері, заттың массасын, көлемін анықтау тақырыбтары бойынша алған білімдеріне сүйене отырып массасы белгісіз қоспа құрамын анықтауға есептер шығаруға үйрету.
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі
ІІ жаңа материалды меңгерту
Химиялық реакция теңдеулері бойынша жүргізілетін есептеулердің негізгі, әрекеттеуші және түзілген заттардың қасиетіне, стехиометриялық коэфиценттеріне заттың көптеген қасиеттерін (зат мөлшері) молекула саны ескеріліп, есептеу жүргізіледі. Есеп шығарудың ең оңай жолы – есеп шартында берілген заттың зат мөлшерін тауып алу керек, сонан соң, реакция теңдеуі бойынша қажетті заттың зат мөлшерін табу керек, Басқа шамаларды (масса, көлем т.б) табу жеңіл болады.
Практикада әрекеттесуші реагенттердің бірі немесе бірнешеуі артық мөлшерде болуы мүмкін. Реакция өнімдерінің зат мөлшерін реакция кезіндегі толық пайдаланған реагент бойынша есептеу керек.Оны шектеуші реагент деп атайды. Әрекеттесуші реагенттердің зат мөлшерін салыстыру арқылы шектеуші реагентті тауып алу керек.


1- мысал: 2,33 г темір мен мырыштың қоспасын қышқылға еріткенде 896 мл сутегі алынады. Қоспадағы әрбір металдың массасын анықтаңдар?
Шешуі: 1-әдіс. Бір белгісізі бар алгебралық
m (Fе,Zn) = 2,33 г теңдеулерді құрастыру
V(Н2) = 896 мл Қоспадағы m (Fе) ) = х г деп, ал m (Zn) = 2,33-х г
деп белгілейміз.
m (Fе,) -? m (Zn) -? Темір мен қышқылдың арасындағы жүретін
реакция теңдеуін жазамыз:
М(Fе) = 56 г/моль х V1 М(Zn) = 65 г/моль Fе + Н2SО4 = FеSО4 + Н2
Vm = 22,4 л/моль 56 г 22,4 л
Пропорция құрып сутегінің көлемін анықтаймыз.
х ׃ 56 = V ׃ 22,4 ; V1 = 22,4 · х / 56 = 0,4 х
Мырышпен қышқылдың арасындағы жүретін реакция теңдеуін жазып пропорция құрамыз:
22,3 г - х V2
Zn + Н2SО4 = ZnSО4 + Н2
65 г 22,4 л
2,33 г - х / 65 = V2 / 22,4 ; V2 = ( 2,33 г – х) · 22,4 / 65 (л)

Бір белгісіз арқылы алгебралық теңдеуді құрып, оны шешеміз:


0,4 х + ( 2,33 – х) · 0,345 = 0,896
0,4 х + 0,804 – 0,345 х = 0,896
0,055 х = 0,092 ; х = 1,68
m (Zn) = 2,33 − 1,68 = 0,65 г


Жауабы: Қоспада 1,68 г және 0,65 г Zn бар.
2- әдіс. Бұл әдіс бойынша әрбір металды 2,33 г тең етіп алып, алдымен сутегінің көлемі пропорция арқылы анықталады.
2,33 г х л
Fе + Н2SО4 = FеSО4 + Н2 ↑
56 г 22,4 л
2,33 / 56 = х / 22,4; х = 2,33 г · 22,4 л / 56 г = 0,932

2,33 г х л


Zn + Н2SО4 = ZnSО4 + Н2 ↑
65 г 22,4 л
2,33 / 65 = у / 22,4 ; У = 2,33 г · 22,4 л / 65 = 0,803 л

Есептеуден көрініп тұрғандай мырш темірге қарағанда сутегін 129 мл кем бөліп шығарады. 932 мл − 803 мл =129 мл .


Ал, 2,33 г темір мен мырштың қоспасының бөліп шығарған сутегінің көлемімі(896 мл), темірдің бөліп шығарған сутегінің көлемімінен (932 мл)
932 мл − 896 мл = 36 мл кем. Бұл кеміген көлем мырыштың белгілі массасына сәйкес келеді. Олай болса 2,33 г Zn сутегінің көлемін 129 мл төмендетеді, ал Zn массасы қоспада сутегінің көлемін 36 мл кемітеді. Пропорция құрып, мырыштың массасын анықтаймыз:
2,33 / m = 129 / 36 ; m(Zn) = 2,33 г · 36 мл / 129 мл = 0,65 г
m(Fе) = 2,33 г − 0,65 г = 1,6




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет