Әрбір мемлекет өзінің аума ғында орналасқан кез келген ма



жүктеу 3.47 Mb.
Pdf просмотр
бет5/6
Дата06.03.2017
өлшемі3.47 Mb.
1   2   3   4   5   6

Сәруар САҒЫМ

БАЙҚАУ


«Байқоңыр» қоғамдық сыйлығы бұған 

дейін 1 наурыз бен 11 сәуір аралығында 

мек теп оқушылары арасында республи-

калық байқау жариялаған болатын. Ғарыш 

тақырыбын қамтитын балалар арасындағы 

қиял-ғажайып әңгіменің бәйгесіне барлық 

дерлік облыстан мектеп оқушыларының 

шығармалары жолданып, ұйымдастыру-

шы лар мектептегі бүлдіршіндердің қы-

зығушылығын жоғары бағалады. Оның 

ішінде ғарышқа сапар төңірегіндегі туын-

дыларға Ақмола, Жамбыл, Қостанай об-

лыс тарының өрендері ерекше белсенділік 

танытыпты. «Байқоңыр-2011» фантасти-

ка лық әңгімелерге қазылық жасайтындар 

құрамына Қазақстан мен Ресейдің танымал 

фантаст-жазушылары кірген. Сонымен 

бірге, баланың ойын ұшқырлап, қаламгер-

лігіне қолдау болатын мұндай игі бастамаға 

отандық фантаст-жазушылар Андрей 

Хуснутдинов, Орынбай Жанайдаров пен 

Абдулхамид Мархабаевтар да қолдау 

білдірген. Жалпы, ғарыш күні қарсаңында 

фантастикалық әңгімеге бәйге жариялау-

дағы мақсат Қазақстанның фантаст-жа-

зушыларының жаңа буынын қалыптастыру, 

осы бағыттағы шығармаларды сапалы 

мазмұнмен толықтыру болып табылады. 

Бәйге 12 маусымда аяқталады. Бәйгеден 

озық шыққандардың туындысы Қазақстан-

дық фантастикалық әңгімелердің тұңғыш 

жинағына енеді. 



Мұрат ӘБЕНОВ, Мәжіліс депутаты: 

Қазақстанда қолға алынған индус-

триялық-инновациялық салаға ең 

алдымен білімді де білікті азаматтар, 

солардан туатын жаңа идеялар керек. 

Мемлекет басшысы алдағы мақсаттар 

туралы айтқан кезде де «абсолюттік 

инновация» дегенге баса мән берді. Ал 

әлгіндей «абсолюттік инновацияның» 

басым жағдайда фантазия арқылы жү-

зеге асатыны – шындық. Сонымен қатар 

қазақтың ықылымнан бергі тарихы, 

фольклоры фантастикадан кенде емес. 

Сондай фольклорлық фантастиканың 

бәрі шынайы өмірге, кезіндегі ертек 

әңгіме, нақты мысалға ұласып жатыр. 

Қа 

зақстанның «Байқоңыр» ғарыш 

айлағы да – соның айғағы. 

Қанат ҚАЗЫ

Ғарыш тақырыбындағы 

фантастикалық 

әңгімелерге бәйге 

жарияланды  

Бүгіннен бастап Қазақстан 

Тәуелсіздігінің 20 жылдығы мен 

адамның ғарышқа алғашқы 

сапарының 50 жылдығына орай, 

жастар арасында «Байқоңыр-

2011» атты халықаралық 

фантастикалық әңгімелер 

байқауы басталды. Кеше 

елордадағы «Назарбаев 

университеті» АҚ ғимаратында 

осы мәселеге қатысты арнайы 

баспасөз мәслихаты болып өтті. 

МАР


АПА

Т

Ғарышкерлер 



күнінде қаланың 

елтаңбасы бекітілді

Құрметті азамат атағы 1832 

жылы Ресейде енгізіліп, дворян-

дар тобына жатпайтын адам-

дар ға берілген көрінеді. Құр мет-

ті азаматтардың артықшылығы 

рекурттық міндеттіліктен, жан 

 басы салығынан және дене 

жазасынан босатылған екен. Бұл 

атақты беру туралы ереже 

Өске менде шаһардың 250 

жылдық мерейтойы қарсаңында 

1970 жылдың 14 желтоқсанында 

халықтық депутаттардың 

қалалық кеңесінің №734 

шешімімен бекітіліпті. 

Мерейтойдың құрметіне құрметті атақ 

бірден он адамға берілгенімен Кеңес Ода-

ғы ыдырағаннан кейін алты жыл көлемінде 

бұл атақ ешкімге берілмепті. Құрметті аза-

мат атағы туралы бекерге айтып жатқаны-

мыз жоқ. 

1996 жылы 12 сәуірдегі ғарышкер лер-

дің халықаралық күнінде бірінші сайланған 

Өскемен қалалық мәслихатының ХІІІ сес-

сиясында қаланың жаңа елтаңбасы 

бекітіліп, Елтаңбаның негізінде «қаланың 

құрметті азаматы» кеуде белгісі даярланған 

екен.


Азамат ҚАСЫМ, 

Өскемен        

Ғарыштан қандай 

дыбыстар естіледі?

Дыбыс ауаның тербелісі арқылы 

шығады. Ғарышта ауа жоқ болған-

дық тан, дыбыс та жоқ. Онда жарық 

және радиотолқындар қалай тарайды 

деген сұрақ туады? Жарық пен ра дио-

толқын дарға дыбысқа қарағанда, ауа 

қажет емес. Бұл толқындарды біз 

қабыл да ғыш  арқылы  радиотолқынға 

айнал дыра не көре аламыз? Ғарыш-

кер лер ғарыш аппаратынан тыс дулы-

ғадағы (шлем) радиостансы арқылы 

бір-бірімен хабарласа алады. 

Ғарышта ауа болмағанымен, бас-

қа газдар бар. Онда дыбыс неге солар 

арқылы таралмайды? Шынымен, бұл 

газ дыбыс толқындарын тарата алады, 

бірақ газдың жұлдызаралық бұлттары 

Жер атмосферасына қарағанда ты-

ғыз  дығы азырақ. Дыбыс толқыны газ 

бұлттары арқылы таралады, бірақ өте 

Білгім келгені, адам ғарышта дыбыс ести ме? Ғарыштағы дыбыс 

туралы қандай деректер бар?

  Гүлдана АСҚЫНБАЙ, Атырау қаласы

төмен тығыздықтың әсерінен еш теңе 

ести алмаймыз. Бәлкім, таңға жайып 

қабылдағыш микрофонымыз болса, 

дыбыс ести алатын шығармыз, деген-

мен ғарышта құлақ түбінде толық 

тыныштық болады. 

 Ал фантастикалық фильмдердегі 

ғарыштағы ғарыш кемелерінің жары-

лы сын, жақын жердегі дыбысты ес ту-

ін қалай түсіндіреміз? Бәлкім, ды-

бысты жеткізуші ғарыш кемесі іш ін дегі 

ауа шығар? Ғарыштағы дыбысты жа-

ры  лыс тар – тек фильмдегі көріністер. 

Жа 

ры 


лыс нәтижесінде газ дыбыс 

таратуы мүмкін, дегенмен зерттеулер 

нәтижесі ғарышта түзілген газдар 

тығыздығын  жойып,  сейі ле тін дей  бос 

қуыс екені анықталған. Сондықтан, 

ғарыш үнемі үндемейді. 

Ғарышқа ұшқан жануарлар

1957 жылы 3 қарашада ға-

рыш қа  ұшу арқылы адамзатқа 

жол ашып берген жануар – Лайка 

есімді төбет ит. Ол мінген кеменің 

түсу аппараты болмағандықтан, 

атмосфераның жоғарғы қабат та-

рының бірінде спутникпен бірге 

жанып кеткен болатын. 40 жыл-

дан кейін тұңғыш ғарышкер-иттің 

құрметіне Әуе және ғарыш ме ди-

цинасы институты зертханасының 

алдында ескерткіш тақтайша 

қойылды. Лайкадан кейін маман-

дар төрт жыл бойы ғарышқа 

жануарларды ұшырып жүрді. 

Қос-қостап тышқан, қоян, жәндік-

тер де ұшқан болатын. Белка мен 

Стрелка есімді иттердің сапары 

сәтті болған соң ғана ғарышты 

игеруге алғашқы адам Ю.Гагарин 

кеткен болатын. Сонымен қатар 

маймылдар да бұл тәжірибеден 

Ғарышқа ғылыми тәжірибе үшін жануарлардың ұшқаны 

белгілі. Олар ғарышта қандай тапсырмаларды орындағаны 

туралы білгім келеді?

       Манас ЖӘНІБЕКҰЛЫ,  Семей қаласы

табылды. Оларға арнайы еркін 

созылуға арналған киім тігілді. 

Өйткені олар, нысананы танып, 

көз, аяқ, қол арқылы жұмыс іс-

теп, дабыл дыбысына тез арада 

басу арқылы жауап бере алу 

керек бол ған. Осындай тәжіри-

беден три тон дар, қара қоңыз-

дар, жеміс шыбындары, ұлулар, 

тө мен және жоғары өсімдіктер 

өт кен болатын. Дайындық бары-

сында ғалымдар тек май мыл -

дардың ғана тапсыр 

ма 

ны екі 


айда игеріп, адамға же теғабыл 

іс істейтіндігін анықтаған. Мы-

салы, жылдамдығын тексеру де, 

«нысананы өшіруде» маймылға 

19 минут, ал адамға бір сағат 

уақыт кеткендігі белгілі болған. 



Басы 1-бетте

• ТІЛГЕ ТИЕК

«Өлген адам сөйлемейді» деп,

үстіне аппақ жамылғысын

бүр кен ген  күйі бала Қожа 

қиялымен тү-у-у ғарыштан 

бір-ақ шығушы еді ғой. Скафандр 

киген бала ғарышкер Айдан 

оралғанда, оны қаумалай қарсы

алған қауым ішінде мүләйімси 

қарап Майқанова апай тұратын.

Көзінде – «кезінде сені бағала-

мағанымды кешір, Қожа» деген 

жазу. Жанар тұратын «бәрі 

сот қар, бұзақы деген, мен ғана 

қорғаушы едім, міне, сол Қожа

– ғарышкер» деп. Бұл – Адам зат-

тың алғаш Айға табаны тиген 

кезден көп ұзамай түсірілген 

фильм, баланың бәрі «кім болғың 

келеді» деген сұраққа ойланбас-

тан «ғарышкер» деп жауап 

бере тін  жылдар... Қазақ ақыны

Олжас Сүлейменовтің «Адамға 

табын, Жер, енді» атты туындысы 

тікұшақпен төбеден

жаудырылған кез...

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№61 (513) 12.04.2011 жыл, сейсенбі



www.alashainasy.kz

6

e-mail: info@alashainasy.kz

АЛАШ АЗАМАТЫ

?

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Ресей Ғылым академиясының Күннің 

рентген астрономиясы зертханасының 

мәліметі бойынша, сәуір айында магнитті 

дауылды Жер шары тұрғындары алты рет 

сезінеді.  Астана уақытына ауыстырған 

кезде оның кестесі төмендегідей болады:

11 сәуір –13.00-18.00 

17 сәуір – 09.00-12.00 

18 сәуір – 08.00-11.00 

23 сәуір – 14.00-16.00 

25 сәуір – 08.00-10.00 

28 сәуір – 12.00-14.00 

30 сәуір –22.00-00.00 

Геомагнитті дауыл Күннің белсенді 

әрекетінен, яғни оның бетінен атылатын 

жарқылдардың әсерінен болады. Биыл 

Күн белсенділігі айрықша байқалып отыр. 

Ғалымдар магнитті дауыл әсерін елемеуге 

кеңес береді. Ал жүрек-қан тамырлары 

ауруымен ауыратындар дәрігерлерден 

кеңес алғаны жөн.



Биыл геомагнитті дауылдар көп болады деп жатыр ғой. Осы сәуір айында 

мұндай құбылыс қанша рет байқалмақ? Бұл құбылыс неден болады және 

мен сияқты қаны аз адамдарға оның зияны бола ма? 

Айгүл КЕҢЕСБЕКҚЫЗЫ, Алматы қаласы

Осы айда геомагнитті дауылдар қанша рет сезіледі?

ДАТ!

Ақамбай БЕЙСЕМБАЕВ, ҚазҰТУ Автоматика және 

телекоммуникациялар институтының директоры, техника 

ғылымының кандидаты, доцент:

– Адамзат баласы ғарышты 

игергеніне жарты ғасырдың жүзі 

болды. Бұл ретте Қазақстанның 

алатын орны ерекше. Алайда 

бүгінгі «Байқоңыр» көршілес 

Ресейге ұзақ мерзімге жалға 

берілген. Осы бір ғажайып кешенді 

түбінде өзіміз игеріп алып кете 

аламыз ба?

– Ғарыш кеңістігін игеру осыдан 50 жыл 

бұрын қазақ жерінде, дәлірек айтсақ, 

Байқоңырдан бастау  алғанын біз үнемі 

мақтан тұтуымыз керек. Әрине, тылсымға 

толы шексіз ғаламды зерттеу бұдан ертерек 

басталған. Дегенмен адам баласы әуе 

кемесіне отырып, тұңғыш ғарышқа ұшқан 

күннің ғарышты игеру тарихы жыл 

на-


масының басында тұрғаны сөзсіз. 12 сәуір 

ғарыш саласы мамандарының атаулы дата-

сы ғана емес, бұл күн – әлемдегі тех-

нологиялық прогрестердің тың серпін 

алған күні. Қазақстан кезінде Кеңес Одағы 

құрамында болғандықтан, Байқоңырдан 

бастау  алған жетістіктеріміз одақтас 

республикалардың барлығына ортақ 

болып келді. Демек, бұл елеулі датаны 

посткеңестік кеңістіктегі елдердің бәріне 

ортақ мереке деуге әбден болады. Дей 

тұрғанмен де, бұл ретте Қазақстан тара-

пының алар орны ерекше болуы тиіс. 

Әлемге әйгілі «Байқоңыр» ғарыш айлағын 

бүгінде өзгелер кең қолданысқа пай да-

ланып жүргенімен, оны түбінде өзіміз иге-

ріп кететінімізге кәміл сенемін. Жер 

шарының қақ ортасында, қазақ жерінің 

төрінде тұрған «Байқоңырды» ешкім арқа-

лап әкете алмайды. Ендігі кезекте бүгінгі 

ұрпақ осы бір ғарыш кешенінің тетіктерін 

өзі ұстап, заманауи әуе кемелерінің 

бөлшектерін болса да өзіміз жасауды 

мықтап қолға алуымыз қажет. Мемлекет 

басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ-

станды бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына 

қосу мақсатында интеллектуалды ұлт 

қалыптастыру мәселесін үнемі қадап айтып 

келеді. Интеллектуалды ұлт дегеніміз – 

жаңа ғылыми жетістіктерді меңгерген, 

кәсіби білікті, өз саласының маманы, 

бірнеше тіл білетін, тың идеялардың 

бастамашысы бола білетін, білімді ұрпақ. 

Біздің ең озық деген 50 елдің қатарына 

қосылуымыз үшін Елбасы тарапынан 

бірқатар нақты міндет жүктелген. Соның 

негізгі бір бөлігі ғарыш саласын игеруге 

қатысты.


– «50 жылда ел жаңа» демекші, 

осы уақыт аралығында біздің 

елімізде ғарыш саласына қатысты 

қандай елеулі жаңалықтар орын 

алды?

– Адамзат баласы ғарышты игеру 

арқылы көптеген таңғаларлықтай жетістікке 

қол жеткізді. «Байқоңыр» Қазақстанда 

орналасқан ғарыш айлағы ғана емес, ол 

– адамзат пайдасына жұмыс істеп отырған 

үлкен ғылыми-технологиялық кешен. 

Бүгінгі ақпараттық қоғамда сіз бен біз емін-

еркін пайдаланып жүрген интернет, радио, 

телевизия және  өзге де коммуникациялық 

байланыс желілерінің жетілуі мен нан о тех-

нологиялардың дүниеге келуі – ғарыш 

мамандарының еңбегі. Қалай десек те, 

қоғамдағы кез келген сала ғарыштық 

технологиялардың көмегіне зәру. Қазіргі 

уақытта астрономия, картография, гео де-

зия, биология, география, химия, меди-

цина сияқты күрделі салалардағы жүзеге 

асырылып жатқан жаңа жобалардың дені 

– осы ғарыштық зерттеулердің тиімді нәти-

жесінен. Елімізде бірнеше жылдан бері 

«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы 

жүр 

гізілуде. Бұл бағдарлама аясында 



атқарылатын көптеген іс-шарада ғарыш 

мамандарының тигізер пайдасы өте зор. 

Мысалы, белгілі бір көне тарихи қорымдар 

мен қорған, бекеттердің орналасқан жерін 

анықтау үшін ғарыштан түсірілген арнайы 

фотосуреттер қажет. Тіпті жердің қойнауын, 

онда жатқан қазба байлықтарды, теңіз бен 

мұхиттардың астын зерттеу үшін де 

ғарыштан жүргізілетін зерттеулер өте қажет. 

Сондықтан да ғарыш саласын жаһанданған 

әлемдегі технологиялық прогрестің ло-

комотиві десек, артық айтпаған болар-

мыз.

– Бүгінгі таңда әлем 

технологиялық жарысқа түсіп 

отыр. Осы жолда «Байқоңыры» 

бар Қазақстанның мүмкіндіктері 

қандай?

– Қалай десек те, «Байқоңыр» кеңес 

өкіметінің меншігі саналып келді. Еліміз 

Тәуелсіздік алғаннан кейін біз оны 

толыққанды өзіміз игеруге дайын болмай 

шықтық. Сол себепті де осындай алып 

кешенді іске қосу үшін өзгелерге жүгінуге 

тура келді. Осы орайда әлем елдерін сын 

тезіне салып, бәсекелестіріп отырған 

ақпараттық, технологиялық жарыстардан 

біздің едәуір қалып қойғанымыз рас. Оның 

үстіне қазіргі Қазақстан өндіруші емес, 

тұтынушы мемлекетке айналып отыр. 

Себебі тамырына қан жүгіртіп, эконо-

микамызға қосымша серпін беріп отыратын 

үлкен өндірісіміз жоқтың қасы. Ал ғарыш 

саласына келсек, тіпті қиын жағдайдамыз. 

Бізге «Байқоңырымыз бар» деп құрғақ 

сөзбен мақтанғанша, нақты кешенді 

бағдарламаларды өмірге енгізетін уақыт 

жетті. Тәуелсіздік алғанымызға 20 жылдың 

жүзі болды. Халқымыз көптеген қиындықты 

бастан өткерді. Алайда елімізде ұтымды 

жүргізілген саясаттың нәтижесінде 

басқалармен терезесі тең мемлекетке 

айнала бастадық. Қазір еліміздің әл-ауқаты 

90-жылдардың басындағыдай емес. Ол 

кездерде аспандағы емес, жердегі 

мәселелер бізді қатты алаңдатты. Ал 

бүгінде заман өзгерді. Әлем елдері болса 

жаңа технологияларды дамытқан үстіне 

дамыта түсуде. Өз іргесін бүтіндеген жас 

мемлекетіміз енді осы бір алапат күшке 

шама-шарқынша ілесіп кетуі тиіс.



– Бір қарағанда, біз бір 

«Байқоңырымызды» жалға беріп 

қойып, бейқам отырған 

сияқтымыз. Ғарыш технологиясы 

саласы болса кеңістікке жол таба 

алмай, көлеңкеде қалып қойған 

сыңайлы. Мамандар болса ауыз 

толтырып есеп бергенге әуес...

– Кездесіп отырған түрлі кедергілерге 

қарамастан, бүгінгі Қазақстан ғарышты 

игеру жолында қол қусырып отыр деп айта 

алмаймын. Мемлекет тарапынан да осы 

салаға мүмкіндігінше көңіл бөліну үстінде. 

Әйтсе де осы төңіректе шешілмеген түйт-

кілдер аз емес. Еліміздегі кейбір ғылыми 

орталықтар мен арнайы оқу орындарын 

айтпағанның өзінде бүгінде елімізде ғарыш 

технологиялары мәселелерімен тікелей 

айналысатын «ҚазҒарыш» мекемесі бар. 

Атақты ғарышкер Талғат Мұсабаевтың 

жетекшілігіндегі бұл мекеме мамандары 

қазіргі кезде үлкен-үлкен жобалармен 

айналысу үстінде. Біздің ұлттық техникалық 

университет мамандары олармен байланыс 

орнатқан. «ҚазҒарыш» басшыларының 

алға қойған мақсаттарының бірі – еліміздегі 

ғарыш саласына қатысты барлық мекеме, 

орталықтар мен білім ошақтарының басын 

бір арнаға тоғыстыру. Өйткені ғарыш 

саласы саяқ жүріп игеретін ғылым емес. 

Мұнда күш біріктіру негізгі рөл атқарады. 

Өзіміз бастап бас қоспасақ, бізбен өзгелер 

де әріптес болуға ниет таныта қоймас. 

Сондықтан да біз шетелдік ғарыш ма-

мандарының терең тәжірибесіне сүйене 

отырып, өзіміздің жоба-жоспарларымызды 

түзуіміз керек. Қажет болса, біз ғарышты 

толық игереміз деп талпыныс жасамай-ақ, 

осы бағытта ең алдымен Қазақстан 

мүддесіне қызмет ететін жобаларға даңғыл 

жол ашуды қарастырғанымыз абзал. Басқа 

басқа, дәл осы ғарыш саласын игеру ісінде 

біз басқалармен бірікпей, жұмыс істей 

алмаймыз. Ғылым – ол интернационалды 

сала. Оның ішінде ғарыш саласына 

байланысты жетістіктер – адамзатқа ортақ 

игілік. Алайда соған қарамастан, біз 

адамзатқа ортақ ғылымның өзінен ұлттық 

мүдде тауып отыруымыз қажет.



– Сіз айтып отырған ғарыш 

агенттігі бүгінде нақты немен 

айналысып отыр?

– Бұл мекеме жайдан-жай құрылған 

жоқ. Оның көптеген жоспары бар. 

«ҚазҒарыш» агенттігінің қазіргі басты 

жобаларының бірі ғарыш кемелерінің 

бөлшектерін құрастыруды өзімізде жүзеге 

асыру болып отыр. Бұған қатысты нақты 

жоба-жоспар да бар. Қазіргі сәтте агенттік 

басшылары өздері түзген жобаларды 

жүзеге асыру үшін нақты қандай мамандар 

қажет екендігін саралап, арнайы мо ни-

торинг жүргізуде. Бұл ретте, әрине, қазақ-

стандық мамандарға да сұраныс туатыны 

сөзсіз. 


– Қазақстандық мамандар 

демекші, келесі қазақ ғарышкері 

қашан ғарышқа ұшады?

– Ғарышты игеру тек ғарышкер 

дайындаумен ғана шектелмейді. Егер де 

шын ниетіміз бен ынта-жігеріміз жетіп 

жатса, түбінде өзіміз жасаған ғарыш 

кемелерімен өзіміздің ғарышкерлеріміз 

ұшатын болады. Бізге жалпы ғарыш 

технологиясын игермей болмайды. Ол 

үшін өзгелермен иық тіресе жұмыс істеуіміз 

қажет.


– Өзгелермен иық тіресе жұмыс 

жүргізудің нәтижесінде біз 

«ҚазСат» жер серігінен айырылып 

қалдық емес пе?..

– Қазақстандық ғарыш саласы 

мамандарына көп сын айтылатыны рас. 

Себебі ғылымға келгенде көп жағдайда 

басқаларға тәуелділігіміз байқалып 

жатады. Осыдан бірер жыл бұрын басқа 

елдің мамандарына тапсырыс беріп, 

«ҚазСат» жер серігін ұшырдық. Нәтижесінде 

жер серігін көзімізден тасада қалдырып, 

жоғалтып алдық. Миллиондаған ақша 

желге ұшты. Ғылымға қатысты «нашар 

нәтиженің өзі де – нәтиже» деген сөз бар. 

Осының өзі бізге үлкен сабақ болды.

– Ал біздегі негізгі ғарышты 

зерттеу ғылымы әлі күнге кеңес 

тұсында шығарылған 

оқулықтармен, сол базамен ғана 

шектеліп отырғаны – шындық. Бұл 

мәселеде неден сабақ алып 

отырмыз?

– Былайғы жұрт «неге әлі күнге дейін 

біз ғарыштық державаға айнала алмай 

отырмыз» деген сауалды жиі көтереді. Бұл 

– айтуға ғана оңай сұрақ. Ал мұның 

жауабын табу үшін ұзақ жылдар кетеді. 

Ғарышты игеру жолында біз, сөзсіз, Ресейге 

иек артамыз. Қазақша көмекші оқу құрал-

да ры бізде аз да болса, бар. Бірақ ғылым-

ның тілі бізге басқа талаптар қоюда. 

Қайткен күнде де «ғарыш технологиясы 

әліппесін» осы көршілерімізден үйренуге 

тура келіп отырғанын мойындауымыз ке-

рек. Олар да өз кезегінде өзге мем лекет-

терден сабақ алып отырады. Тіпті біздің 

«Байқоңырдай» кешендері болмаса да, 

әлемнің кейбір елдерінде ғарыш тех-

нологиясы айтарлықтай дамып отыр. Бұл 

сол мемлекеттердің ғылымға қатты көңіл 

бөліп отырғандығының белгісі болса 

керек. 

– Қазақстан бүгінде ғарыш 

саласы мамандарын даярлау 

ісінде қандай мемлекеттердің 

ғалымдарына арқа сүйеп отыр?

– Өзіміздің университетімізге қатысты 

айтар болсам, біз негізінен Ресей және 

Франция ғалымдарымен тығыз қарым-

қатынастамыз. Университет ректоры 

Жексенбек Мәкейұлы осыдан біраз бұрын 

Францияның Тулуза қаласына арнайы 

іссапармен барып, сондағы Аэроғарыш 

университетінің білікті мамандарымен 

келісімшарт жасасып қайтқан болатын. 

Соның нәтижесінде біздің оқу орнында 

қазір Қазақстан-Франция электротехника, 

энергетика және автоматтандырылған 

жүйелердің қызмет көрсету орталығы 

жұмыс істеуде. Аталған орталықта ғарыш 

технологиясына да қатысты жан-жақты 

зерттеулер жүргізіліп жатыр. Осы тарапта 

біз алдағы уақытта да басқа елдердің 

ғылыми орталықтарымен бірлесіп жобалар 

жасамақпыз. 



– Ғарыш саласын игеру үшін 

Каталог: userdata -> editions -> pdf
pdf -> Менің ойымша, баланы 18 жастан бас тап әскерге беріп, оның обалына қалып
pdf -> Әзірейіл емес едік…
pdf -> Заңдармен қорғалатынын білуі керек
pdf -> Дат! 6-б етте Раушан айтжанова
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Айтөбел-дат! 6-б етте Кеңес аухадиев
pdf -> Халал мәселесі тұрғысынан қарасақ, біз харам жануарлардың генін пайдала
pdf -> Кеше елорданың Конгресс-холл са- райында жиналған ұстаз дар қауымын
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет ИӘ
pdf -> «Қазгидромет» қызметі толық тай тегін болуы керек. Ауа райы өз


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет