Әрбір мемлекет өзінің аума ғында орналасқан кез келген ма


ҚАЗАҚСТАНДА ҒАРЫШ ТУРИЗМІ



Pdf көрінісі
бет4/6
Дата06.03.2017
өлшемі3,47 Mb.
#7985
1   2   3   4   5   6

ҚАЗАҚСТАНДА ҒАРЫШ ТУРИЗМІ 

ҚАШАН ҚОЛҒА АЛЫНАДЫ?..

Талғат МҰСАБАЕВ:

– Туризмнің бұл экзотикалық түрі бү-

гін дері әлемде жоғары сұранысқа ие. 

Көптеген адам ғарышқа барып, жерден 

тыс құбылысты өз бойымен сезінгісі ке-

леді. Алайда ғарыш туризмімен ай на лы-

сатын мемлекеттердің бұл реттегі мүм кін-

дігі шектеулі, ал кезек күтіп, бір жыл бұрын 

жазылып қойған туристердің легі көп. 

Сондықтан Қазақстанның бұл ба ғыт тағы 

мүмкіндігін бағаламауға бол майды, бірақ 

тым асығыстық жасап та керегі жоқ. Ең 

алдымен, ғарыш саласын аяғынан тік 

тұрғызып алуымыз керек. Ғарыш аппарат-

тарын өздігінен ұшыруға барлық жағдай-

ды жасауымыз қажет. Бүгіндері біздің 

агенттік осы бағытта жұмыс істеп жатыр. 

Ал содан кейін барып ғарыш туризмі 

туралы арнайы бағдар лама жасаймыз. Ол 

– уақыттың еншісіндегі дүние, әр нәрсе өз 

орнымен жүзеге асырылуы тиіс...

ҒАРЫШ ИНДУСТРИЯСЫ



ҒАРЫШКЕРДІҢ ҚАРНЫ 

ҚАЙТСЕ ТОЯДЫ?

Әлбетте, біртектес әрі сұп-сұйық 

ас тепсе темір үзетін жас адамның 

жұмырына жұқ та болмаған. Мұны 

диетолгтар да растады. Одан кейін 

ұшқан ғарышкерлер де орбитада 

қарындары ашқанын мәлімдеді. Ғы-

лыми негізделген ас мәзірі ғарышта 

жұмсалған күш-қуаттың орнын 

толтыра алмапты. Сондықтан оны 

өзгертуге тура келді. Бұдан былай 

космос мәзіріне украин борщы, 

антрекот, котлет сияқты тоқ тамақтар 

енді. 


Сол кезде КСРО-ның одақтас рес-

публикаларындағы институт пен 

кәсіпорын атаулы ғарыш дәмін 

дайындау жағынан жарысқа түсті. Ол 

үшін жаппай өндірістегі азық-түлік 

қолданылмады. Әрі «жердегі» дәмге 

қарағанда сапасының мүлтіксіз, 

токсикологиялық және микробиоло-

гиялық қауіпсіздігіне ерекше көңіл 

бөлінді. Оның үстіне ғарыш азығы 

ұзақ уақыт және кез келген жағдайда 

сақтауға жарамды болуы тиіс еді. 

Мамандар азық-түлік үлгілерін 

термостатқа салып ұзақ жыл ұстап, 

ауық-ауық зертханалық сараптан 

өткізетін. Кейбір білгіштердің айтуын-

ша, Кремльдегі дөкейлердің тамағы 

дәл осылай мұқият қадағаланбаған 

көрінеді. Бірде ғарыш мәзіріне әйгілі 

Микоян ет комбинатының арнайы 

цехы дайындайтын ысталған шұжық-

ты қосқан екен, бұл өнім космос 

стандартына жарамай қалыпты. 

ҚОҚЫМ ЖӘНЕ СУБЛИМАЦИЯ

Алғашында ғарыш тағамын та б-

лет ка түрінде шығару ойда болған. 

Ол барлық жағынан тиімді болар еді: 

көп орын да алмайды, қабылдауға 

да оңай. Алайда оны жүзеге асыру 

қиын болды да, паста түрінде шығару 

ұйғарылды. Бұл ғарышкерлерді 

қоқымнан келетін қауіптен құтқарды. 

Өйткені салмақсыздық жағдайында 

кіп-кішкентай қоқымның өзі талай 

нәрсені бүлдіреді. Бірақ бұл пастаны 

қайда сақтау қажет? Осы арада 

эстонның азық-түлік өндірушілері 

ойлап тапқан алюминий тубалары 

құтқарды. 60-жылдардың басында 

жаңалыққа жаны құмар эстондар 

осындай ыдыспен джем шығарған-

тұғын. 

Міне, содан бері ғарыш мәзірі ке-



ңей 

ді, жеңсік ас түрлері көбейді. 

Тубадағы тамақты сублимациялық 

кептіруден өткен тағам ығыстырды. 

Сублимация кезінде өнімді алдымен 

50 градусқа дейін мұздатады. Сосын 

вакуумда 32 сағат 50-70 градуста 

кептіреді. Мұндай өңдеу кезінде мұз 

суға айналмайды, бірден бу боп 

ұшып кетеді. Құнды заттар да сол 

қал пында  сақталады. 

ҒАРЫШТАҒЫ ҰЛТТЫҚ 

ТАҒАМДАР

Ғарышқа өзге ұлт өкілдері ұша 

бастағанда, мәзір мәселесінде тағы 

қиындық туды. Өйткені әр ұлттың 

өкілі өз тағамына бүйрегі бұрады. 

Мәселен, француз ғарышкері Жан Лу 

Кретьен орыстың стақандағы кеспе-

сіне мұрын шүйірді. Француздар тіпті 

ғарышқа ірімшіктің айрықша бір тү-

рін апармақшы еді, дәрігерлер үзіл-

ді-кесілді қарсы шықты, биоло гия-

лық белсенді ірімшік орбитада 

бі реу-міреуді тістеп алар деп үрей-

лен ген  екен. 

Жапон ғарышкері Такао Дои ор-

битаға кеспенің үш түрін және таяқ-

шаларын қоса ала барыпты. Экипаж 

мүшелерінің қуанышында шек бол-

мап ты. 

Осылайша әр ғарышкер аспанға 

өзінің ұлттық тағамын апарғысы ке-

ле ді. Қазақ ғарышкері ұшарда да 

Бирюловодағы космос тағамын әзір-

лейтін комбинат «Батыр» ірімші гін, 

«Жұлдыз» көкөністерін, «Сорпа» кес-

песін, сондай-ақ «Достық» бор щын 

да дайындауға ден қойды. 

100 ГРАММ ШЕ?

Кезінде орбитада ішімдік ішуге 

заң жүзінде рұқсат берілетін. Ғарыш-

керлердің ас мәзіріне элеутерококтың 

спирт тұнбасы да енгізілді. Элеутеро-

кокк өзінің қасиеті жағынан атақты 

«алтын тамыр» – женьшеннен қалыс-

пай 


ды. Мамандар оның орталық 

жүй ке жүйесіне жағымды әсерін, ой 

еңбегін белсенділендіріп, ұйқыбас-

тық  тан арылтатын қасиетін ескерген 

бо луы  керек. 

Салтанатты жағдайлар үшін тит-

тей тюбиктегі коньяк берілетін. Алай-

да 80-жылдардың ортасында мұндай 

еркіндікке шектеу қойылды. Қазір 

ғарышкердің 100 г жұтуына тыйым 

салынған. 

ҒАРЫШКЕР ТАМАҚТЫ 

ТАЛҒАП ЖЕЙДІ

80-жылдардың басында ғарыш 

мәзірінде 200-ден астам дәм жинақ-

талды. Бірақ қайта құру кезінде бұл 

сала қатты құлдырады. Оған баяғы 

қаржы тапшылығы әсер еткен. 

1991-92 жылдары жағдай мүлдем 

мүшкілденді. Осы кезде америкалық-

тар қол ұшын созды. Америкалық-

тарға оңай еді, өйткені олар ғарыш 

тағамы 

на жаппай қол 



даныстағы 

өнімді пай далана береді. 1994 жыл-

ғы «Мир» – «Шаттл» ре сей-амери-

калық  бір лес кен  бағдар ламасы 

жөніндегі Гор – Черномырдин келісі-

міне сәйкес, ғарыш тағамы саласын-

да бірлескен жұмыс бастал ды. Қазір 

келісім бо йын ша екі жақ та ғарышқа 

азық-түлік өнімдерін тепе-теңдік 

негізде жеткі зеді. Сапарға шығар 

алдында дәм тату рәсімі өткізіледі. 

Ғарышкерлер әр тағамды он балдық 

шкаламен баға лайды. Бес немесе 

одан да аз балл алған азық әуе 

кемесіне жетпей ді. 

Гүлнар АХМЕТОВА

Аспандағы ас мәзірі 

Ғарыш тағамынан алғаш дәм татқан – Герман Титов. 

Рас, Гагаринге де өзімен қоса тамақ беріп жіберген. Бірақ 

ғарышта өткізген 108 минут ішінде тұңғыш ғарышкердің 

одан ауыз тиюге де мұршасы келмепті. Есесіне, Титов 

орбитадағы 25 сағат ішінде үш рет тамақтанды. Дәм 

жағынан кінәрат болмаса да, 2-ғарышкер жерге түскен 

соң, өзегі талып, басы айналғанын айтыпты. 

Ғарышта болып 

келген кез келген 

адамның ғарыш-

пен байланысты 

науқасы болады. 

Мәселен, бой 

ұзарады екен, 

өйткені қан 

қысымы төмендеп, 

салмақсыздық 

күйде ол омырт-

қаға қатты әсер 

етеді. Ғарышқа 

сапарлап қайтқан 

туристердің бойы 

шамамен екі 

дюймге (1 дюйм – 

2,539 см) өседі 

екен.

ҚАЗАҚСТАНДА ҒАРЫШ ТУРИЗМІ

ҚАШАН ҚОЛҒА АЛЫНАДЫ?..

Талғат МҰСАБАЕВ:

– Туризмнің бұл экзотикалық түрі бү-

гін дері әлемде жоғары сұранысқа ие.

Көптеген адам ғарышқа барып, жерден 

тыс құбылысты өз бойымен сезінгісі ке-

леді. Алайда ғарыш туризмімен ай на лы-

сатын мемлекеттердің бұл реттегі мүм кін-

дігі шектеулі, ал кезек күтіп, бір жыл бұрын 

жазылып қойған туристердің легі көп.

Сондықтан Қазақстанның бұл ба ғыт тағы 

мүмкіндігін бағаламауға бол майды,  бірақ

тым асығыстық жасап та керегі жоқ. Ең

алдымен, ғарыш саласын аяғынан тік 

тұрғызып алуымыз керек. Ғарыш аппарат-

тарын өздігінен ұшыруға барлық жағдай-

ды жасауымыз қажет. Бүгіндері біздің

агенттік осы бағытта жұмыс істеп жатыр.

Ал содан кейін барып ғарыш туризмі 

туралы арнайы бағдар лама  жасаймыз.  Ол 

– уақыттың еншісіндегі дүние, әр нәрсе өз 

орнымен жүзеге асырылуы тиіс...


РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№61 (513) 12.04.2011 жыл, сейсенбі



www.alashainasy.kz

5

e-mail: info@alashainasy.kz

ОЙ ӘЛЕМІ

?

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

ҚАЗАҚ ЖЕРІНІҢ ХИКМЕТТЕРІ

Енді Қорқыт ата жайлы аңызға келсек. 

Ол кісі бір күні түсінде өзіне көр қазып жат-

қан адамдарды көреді. Оянғаннан кейін 

өлімнен қашып құтылмақ болады. Деген-

мен қайда барса да, алдынан қазылған 

көр шыға береді. Дүниенің төрт бұрышын 

аралаған абыз бабамыз соңында Сырдың 

жағасына қайта келеді. Сонда оған «Жер-

дің ортасы – Сырдың жағасы екен» деген 

аян беріледі. Бұл жер қазіргі Қармақшы 

ауданының аумағында жатыр. Абыз баба-

мыздың жамбасы жерге тиген жер осы 

ауданда жатыр. Қорқыт атаның мәңгілік 

дамыл тапқан моласы «Байқоңырдан» 

онша қашықта емес. 

Өткен ғасырдың басынан зеңгір көкке 

самғауға зерделі зерттеу жасаған ғалымдар 

ғарыш айлағын қай жерде орналастыру 

туралы ойланғаны анық. Сонда «Байқо-

ңыр» кімнің ойына келді екен? Бәлкім, 

космонав 

ти 


ка ғылымына негіз салған 

ғалымдар Қорқыт ата туралы аңыздан 

хабардар бол ды ма екен? Орыс ғалымы  

Г.Потанин аңыз жайында айта келе: «Бұл 

хикаяттың негізін де түрлі сырлар жатуы 

мүмкін. Мүмкін, ол астрономиялық болуы 

да ғажап емес. Онымен жердің немесе 

мұхит ортасының байланысы болуы ықти-

мал. Яғни, жер кіндігі жайын да», – дейді. 

Осы сөздің астарында үлкен мағына жа-

тыр. 

Біздің қазақ халқы ертеден-ақ аспан 



әлемінің қыр-сырына қанық болған секіл-

ді. Мәселен, түнде жол жүрген адам Темір-

қа зыққа қарап, жолдың бағытын білген. 

Өйткені аталған жұлдыз өз орнын өзгерте 

қоймайды екен. Сондай-ақ Жетіқарақшы

Құс жолы деген ұғымдар бізде қаншама 

уақыттан бері бар. Сондықтан Қорқыт ата 

жайлы аңызда біздің халқымыз жер 

кіндігіне байланысты осындай ұғымдарды 

негіз етіп алған болуы әбден мүмкін.

Қазақтың маңдайына біткен абзал 

азаматының бірі Шоқан Уәлиханов та бұл 

тұрғыда өз ойын білдіріп өткен. Әйгілі 

ғалым: «Ислам дінінде өлімнен қашуға 

жол берілмейді. Алайда ол шамандықты 

ұстанатын халықтардың әпсана-хикаят-

тарында айтылады», – дейді. Рас, Қорқыт 

ата өмір сүрген заманда қазақ даласында 

ислам діні қанатын кеңге жая қоймаған. 

Әйгілі аңыз жайында зерделі зерттеу 

жасау біз үшін өте маңызды. Оның ішінде 

жер кіндігі бізді әлі де қызықтырады. Ға-

рыш әлемін күнделікті жол етіп алғаны-

мыз бен, оның сырына қаныға қойған жоқ-

пыз. Ең бастысы, көптеген сауалдың түйіні 

абыз бабамыз жайлы айтылатын аңызда 

жатқан секілді. Болмаса, алғаш рет көкке 

ғарыш кемесін самғатқан «Байқоңыр» 

жайлы жұмбақтың сырын аша алмаймыз. 

Әділжан ҮМБЕТ,

Қызылорда облысы 

Жер кіндігі 

және 

«Байқоңыр»

ІЗ.ДЕН.ІС



«Барсакелместен» – «базарға» 

немесе ғарышқа ғашықтық қайда апарады? 



«Біз уақыт оздырмай 

ғарышты игеру жайлы сөйле-

суге тиіспіз. Түймедейден 

түйедейге дейін, яғни инеден 

– тігін мәшинесіне, пышақтан 

– еттартқышқа, күймеден – 

автокөлікке, қайықтан кемеге 

жеткен секілді, аэропланнан 

реактивті құрылғыға же ту-

ді ойластырып, Күн жүйе сін 

бағындыруды қарастыруымыз 

керек». Өткен ғасыр басында 

айтылған бұл ойдың авторы 

– Ғарыштың атасы деген атқа 

әдбен лайық Циолковский 

ақсақал. Осы ұран ұрпақтар 

ауысса да, адам баласы үшін 

өзектілігін арттырмаса, жойған 

емес. Адам баласы ғарышты 

бағындырғаннан бері 50 

жылда біз нені еңсердік? Бір 

сәт осыған ой жүгіртсек...

Адамның аяғынан гөрі, қиялы әлде-

қай да жүйрік. Яғни әлі көзбен көріп, қол-

мен ұстамаған нәрсеге адам қаншама ға-

сыр бұрын қиялмен сапар шегіп қояты нын 

тарихтан, сондағы өткен тұлғалар өмірінен 

қанықпыз. Аспан әлемі жайлы аңыз-әпса-

наларды айтпағанда, адамзаттың Айға 

ұшуы туралы алғаш әңгімені ХVІІ ғасырда 

француз жазушысы Сирано де Бержерака 

жазыпты. Алайда Жерден жатжұрттың 

ауасын жұтуға біз анағұрлым кешірек, осы 

алғашқы әдеби туынды дүниеге келгеннен 

кейін араға үш ғасыр салып қол жеткіздік. 

Бейтаныс мекенге жол тартқан тұңғыш 

ғарышкерлер адам емес, жануарлар екенін 

білеміз. Өйткені адамзат үшін ғарыш 

әуелде «Барсакелмес» болды емес пе?! 

Сондықтан ит болсын, басқа да болсын 

жануарды ұшырып, әуелі ол қайта Жерге 

орала ма – сол тексерілді. 1961 жылы 

Ю.Га гариннің күллі ғаламшардағы пен-

делер арасынан жүрегінің түгі жетіп, ғарышқа 

ұшқаны сондай бір көзсіз ерлік саналды. 

Алғаш «Айда ауа бар ма», «Ғарыш кеңісті-

гінде Жер шары қалай көрінеді» деген 

сұрақтар мазалаған тұста ең болмаса біреу 

ғарыштық дамудың болашағы нендей 

адам айтса сенгісіз жайларға жеткізетінін 

сезді ме екен? Мәселен, бүгінгі ұрпақтың 

онсыз бір сәт тұра алмайтын ұялы телефоны 

адамзаттың ақыл-ойы түгіл, үш ұйықтаса 

түсіне кіріп пе осы? Төрткүл дүниені саусақ 

ұшындағы бір түймені басып қалып көре 

беретін боламыз деген ой ше? Болмаса дәл 

солай бүкіл Жер шарын бір-ақ сәтте күл-

талқанын шығармасын деп тіземіз дірілдей 

күні-түні күзететін әскери техникалар 

болады деп ең құрығанда біреу жоспар-

лады ма? Өзі дүниеге келген дәуірден 

әлдеқайда озып туған әлдебір ғұламалар 

білген болса керек, бүгінгі біздің қамы-

мыз 

ды ойлаған болса керек, әйтпесе 



қазіргі заманның жетістігі ақылсыздардың 

әншейін көре салайықшы деген жай 

қызығушылығынан туған ойыншығы 

емес! 


Осы орайда «өндірісті ғарыштандыру» 

деген ұғым тіл ұшына тіреледі. Күллі 

адамзаттың назарын аударған бұл мәселе 

әу баста ең маңызды үш мақсатты көздесе 

керек: бірінші – ғарыштағы құбылыстардың 

біздің ғаламшарымызға ықпалын зерттей 

отырып, соны біздің өмірімізге күнделікті 

қолдану, екіншісі – ғарыштық зымырандар 

техникасын дамытып, оны өндірістің басқа 

да салаларына енгізу, ал үшіншісі – өзі міз-

дегі кейбір техникалық жүйелерді ғарыш 

кеңістігіне шығару. Жерден тыс қалықтап 

жүрген жасанды серіктері арқылы біз: 

1) координаттарды анықтау, бақылау 

қызметіне (геодезия, навигация); 



2) ақпарат тарату, яғни, дәлірек айтсақ, 

телевизиялық, радио тарату, телефон және 

телеграфтық, ұялы байланыс; 

3) жерді бақылау (мұхиттарды зерттеу, 

геология, гидрология т.б);



4) атмосферадағы құбылыстарды 

қадағалау (метеорология, ауаны 

ластанудан қорғау);

5) әскери техникаларды бақылап, бас-

қару секілді саусақпен санап тауыса алмай-

тын дай жетістіктерге қол жеткізіп піз. 

Ол аз десеңіз, адамға зиян өндірістік 

қалдықтарымызды Айға апарып тастау 

жағын да қарастырып жатсақ керек... Әри-

не, мұнымен тоқталмасымыз да анық. 

Жер-Анаға көрсеткеніміз жайлы әңгімеміз-

дің басында айтып кеткен ғұлама ғалым 

Циолковский «адамзаттың араласуы мұң 

екен, Жер шары тез қартая бастады» деп 

текке айтпағаны анық. Сөйте тұра, ғалым 

уақыт оздырмай, ғарышты игеру жайлы 

дәл жоғарыда аталған ұранды ортаға 

шығарған. Тіпті ғарышты игерудің соңы 

немен бітерін Константин қария болжап, 

аяғында Жерге нұрын аямай төгіп тұрған 

Күннің сөнуіне апарып тіреген. Бір қызығы 

әрі қорқыныштысы да сол: ғалымның 

болжамдары өзі көрсеткен 16 тізбек бо-

йын ша, айна-қатесіз жүзеге асып келетінге 

ұқсайды. Алайда алда әлі жарты жол бар, 

сол болжам бойынша... Бір кездері қиял, 

арман болған аспан кеңістігі – бүгінде 

қолмен ұстағандай шындық, сол үшін де 

ғарышты игеруге деген талпыныс күн 

сайын соншалық «ашқарақтықпен» өршіп 

келеді. Тіпті бүгінде жұлдызды жекеменшік-

ке айналдырып жатқан пенделердің пайда 

болуы осыған дәлел емей, немене? Аман 

болсақ, біз әлі-ақ әуел баста Адам атаны 

әлдилеген Жер-Ананы қойып, ғарыштың 

да «шашын ағартарымыз» даусыз. Еш күл-

кісі жоқ...

 

ТІЛГЕ ТИЕК

 «Өлген адам сөйлемейді» деп, 

үстіне аппақ жамылғысын 

бүр кен ген  күйі  бала  Қожа 

қиялымен тү-у-у ғарыштан 

бір-ақ шығушы еді ғой. Скафандр 

киген бала ғарышкер Айдан 

оралғанда, оны қаумалай қарсы 

алған қауым ішінде мүләйімси 

қарап Майқанова апай тұратын. 

Көзінде – «кезінде сені бағала-

мағанымды кешір, Қожа» деген 

жазу. Жанар тұратын «бәрі 

сот қар, бұзақы деген, мен ғана 

қорғаушы едім, міне, сол Қожа 

– ғарышкер» деп. Бұл – Адам зат-

тың алғаш Айға табаны тиген 

кезден көп ұзамай түсірілген 

фильм, баланың бәрі «кім болғың 

келеді» деген сұраққа ойланбас-

тан «ғарышкер» деп жауап 

бере тін жылдар... Қазақ ақыны 

Олжас Сүлейменовтің «Адамға 

табын, Жер, енді» атты туындысы 

тікұшақпен төбеден 

жаудырылған кез...

ТҮЙТКІЛ


Мәриям ӘБСАТТАР

Осы тұрғыдан алғанда, ғарыш саласы-

ның білікті мамандарын ерте бастан тәр-

бие леу мәселесі зор маңызға ие. Бұл ретте, 

жастарымыздың шығармашылық әлеуеті-

нің зор екендігін де айтқан абзал. Мысалы, 

осыдан жеті жыл бұрын талдықорғандық 

оқушылар Измирде өткен халықаралық 

«Космос-2004» конкурсынан жеңімпаз 

болып оралды. Өзге қарсыластарының 

қолынан шыққан зымырандар 60 метрге 

әрең жеткенде, өз зымырандарының 500 

метрге дейін ұшып барғанын мақтанышпен 

айтқан жас техниктердің: «Шетелдік құр-

дастарымыздан көп нәрсе үйренерміз деп 

ойлап едік. Керісінше, оларды біздің үйре-

туімізге тура келді», – дегені бар. Демек, 

ғы лым ға,  өнертапқыштыққа  жеткілікті 

түрде көңіл бөлінген жағдайда ғарыш 

саласында да іргелі жетістіктерге қол жет-

кізуге жасөспірімдеріміздің мүмкіндігі 

толық жетеді. 

Бір замандарда өнертапқыштыққа 

құмартқан мектеп оқушылары инженер, 

конструктор болуды армандап, техникалық 

үйірмелерге, жас техниктер стансыларына 

баратын, «Техника молодежи», «Юный 

техник» журналдары сияқты өзге де бедел-

ді басылымдарды үлкен қызығушы лықпен 

жаздырып алып оқитын. Өкінішке қарай, 

мектеп қабырғасындағы жастардың инно-

Жұлдызды әлемге сапар 

жас техниктер үйірмесінен басталар еді... 



Кез келген елдің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың негізгі 

шарттарының бірі – ұлттық аэроғарыш саласын дамыту және осы 

бағыттағы алдыңғы қатарлы технологияларға қол жеткізу. Ғарышты 

игеруге қатысты іс-әрекет, ең біріншіден, мемлекеттің саяси, экономи-

калық, ғылыми-техникалық және қорғаныс қуатын айқындайды. 

Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаевтың пікірінше, 

стратегиялық тұрғыдағы артықшылықтарын былай қойғанда, 

ғарыштық технологияларды игеру еліміздің байланыс, телевизия, 

навигация, экологиялық мониторинг, радиациялық қауіпсіздік, 

картография саласындағы мәселелерді де шешуге көмектеседі. 

вациялық іс-әрекетін бұрынғыдай белгілі 

бір арнаға бағыттап, игі бастамаларына 

қолдау көрсетіп, ынталандырып отыратын 

жас техниктер стансылары бүгінде кемде-

кем. Болған күнде де көпшілігінің мате-

риал дық-техникалық базасы ескірген, ал 

үйірмелердің көпшілігі жабылып қалған. 

Тіпті жас техниктердің өзара тәжірибе ал-

масып, бір-бірінің жаңалығынан, жақ-

сылы 

ғынан хабардар болып отыруына 



септігін тигізетіндей арнайы сайттар да 

некен-саяқ. Сондықтан арнаулы үйірме-

лерді орта мектептер жанынан қайта ашып, 

техникалық стансылар мен факультативтер 

жұмысын жандандыру – маңызды мін-

деттердің бірі. 

Өз ұғымынан сырт жатқан тылсым дү-

ниеге құмарту – бала табиғатына қашан-

нан-ақ тән. Бұл ретте, олардың көпшілігінің 

өскенде ғарышкер болғысы келетіні де рас. 

Бірақ «қандай адам ғарышкер бола алады, 

оған қойылатын талаптар қандай, ғарыш-

кер нені білуі тиіс?» деген жайттардан кө-

бісі хабарсыз. Мысалы, бір кездерде ал-

ғаш қы ұшақтармен әуеге көтерілген кез 

келген адамды ұшқыш дегеніміз сияқты, 

біз қазір ғарышта болып қайтқан әрбір 

адам ды ғарышкер деп жүрміз. Бірақ ға-

лым дар күндердің күнінде ғарышта кәдімгі 

жолаушылардың да пайда болатын уақыты 

келетінін айтады және «сол кезде «ғарыш-

кер» деп тек ғарыш кемелерін жүргізуші-

лерді ғана айтатын боламыз» дейді. Негізі, 

ғарышкер де – ұшқыш, өз ісінің нағыз 

шебері. Денсаулығында титтей кінәраты 

бар адамға ғарышқа жол жабық. Себебі 

ғарышкер-ұшқыштың әдеттегіден тыс 

жағдайда, мәселен, салмақсыздық күйінде 

немесе жерден күрт көтерілген, сондай-ақ 

күрт қонған кездегі шамадан тыс қолай-

сыз дықтар жағдайында жұмыс істеуіне 

тура келеді. Яғни қандай да бір қиындыққа 

қарамастан, ғарышкер өз алдындағы қон-

дыр ғыларды мұқият бақылай алуы, Жер-

мен байланысын жоғалтпауы, ғарыш 

кеме сін басқаруы тиіс. Мұның сыртында, 

ғарыш кемесінің құрылымын, сансыз 

қондырғылар мен радиостансылардың 

және двигательдердің жұмысын білумен 

қатар, ол жақсы астроном да болуы тиіс. 

Әйтпесе, ол жұлдыздарға қалайша жол 

тап пақ? Сонымен қатар қандай да бір же р ге 

амалсыз қонуға тура келген жағдайда 

өзін-өзі қалай қорғап, тамағын қалай 

тауып жеуі керектігін де білетін, яғни кез 

келген тығырықтан шығар жолды таба 

алатын ептілігімен, табандылығымен 

танылуы шарт. Жас техниктер стансысы 

мен техникалық үйірмелердің жұмыстары 

дұрыс жолға қойылған жағдайда болашақ 

ғарышкерлер мұның барлығын бала 

жасынан біліп өсер еді. Өзін жан-жақты 

шыңдап, соған кішкене кезінен дайындалар 

еді. Ал зымырандар мен ғарыш кемеле рі-

нің, жалпы, авиамодельдердің түр-түрін 

құрастыруға деген қарапайым қызығушы-

лық ғарыш әлеміне бастар үлкен сапардың 

алғашқы баспалдағы болары анық.  




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет