Әрбір мемлекет өзінің аума ғында орналасқан кез келген ма


Әлемдік ғарыш державалары бірігіп, енді Марс ғаламшарын



Pdf көрінісі
бет2/6
Дата06.03.2017
өлшемі3,47 Mb.
#7985
1   2   3   4   5   6

Әлемдік ғарыш державалары бірігіп, енді Марс ғаламшарын 

зерттеуге күш салуы керек. Бұл ғаламшарды бір мемлекеттің жеке-

дара зерттеуі мүмкін емес. Ғарышты игерудің алдағы жоспарлары 

РФ Мемлекеттік думасы отырысында талқыланды.

Ресейлік мамандар бұл ғаламшарды 

табанды зерттеу үшін арнайы кооперация 

құру қажеттігін жеткізді. Мәселен, Мем-

лекеттік дума депутаты Светлана Савиц кая-

ның айтуынша, Марсқа Қытай болсын, 

тіпті АҚШ, Еуропа, Ресей болсын, ешқай-

сысы жеке өзі жол сала алмайды. Оның 

сө зіне қарағанда, барлық ғарыштық дер-

жа ва осы мақсатта бірігіп, бар күш-жігерін 

ортаға салуы қажет. Ғалымдардың сөзде-

ріне қарағанда, бұл мақсатқа жету үшін ең 

алдымен Марсқа қонатын технологияларды 

жасау керек. Бұл орайда, әрине, алдымен 

астероид терді зерттеп алудың маңызы зор. 

Мамандардың сөзіне қарағанда, Марсқа 

қарапайым химиялық кемемен де ұшуға 

болады. «Адамзат міндетті түрде Марсқа 

ұшады. Себебі ол ғарыш саласының келесі 

басты мақсаты болып табылады», – дейді 

ғалымдар. 

 

Нұрмұхаммед МАМЫРБЕКОВ



Қазақстанның  ғарыш  саласындағы  үлесі  қандай?

Аты – біздікі, заты – бөлек...

Еліміздің мақтанышына айналған қос ғарышкеріміз 

қанша сағатын ғарышта өткізді? 

Айнұр ҒИЗЗАТОВА, Қызылорда қаласы

Ғарышкерлердің денсаулығы жайлы білуге бола ма? Олар ғарышта жүрген 

кезде ауырмай ма?

Сәттар ӘПСАЛЯМ, Орал қаласы

1991 жылдың қазан айын-

да көкке көтерілген қазақтың 

тұң  ғыш  ғарышкері  Тоқтар 

Әубә кір ов ғарышта сегіз тәулік 

болды. 1994 жылы 1 шілдеден 

бастап екінші қазақ ғарышкері 

Талғат Мұсабаев ғарышта 176 

тәулік болды. 1998 жылы 29 

қаңтарда Талғат Мұсабаев 

ғарыш кеме 

сінің командирі 

ретінде ұшып, ғарышта 207 

тәу лік 12 сағат 19 минут бол-

ды. Ол борт инженері Н.М.Бу-

даринмен бірге бір ай ішін де 

ашық кеңістікке бес рет шығып, 

жалпы уақыты 30 сағат 14 

минут жұмыс атқара ды. Бұл 

жетістік «Гиннесстің ре кордтар 

кітабына» жазылды. 2001 

жылы 28 сәуірде «Союз ТМ-

32» ғарыш кемесімен Тал ғат 

Мұсабаев, көрші Батурин және 

америкалық саяхатшы Ден нис 

Тито келесі сапарға аттанды.

Кез келген ғарышкердің ғарышпен бай-

ла нысты науқасы болады. Көбіне ол бас ау-

руы және аяқ қимылында проблема болатын 

симп том сипатында көрініс табады. Ғарыш 

ке ңіс тігінде ғарышкер денесі қалықтап, сал-

мақ сыздық күйге көшкенде оның денесіндегі 

бар лық сұйықтық жоғарыға көтеріледі. Со-

н ың салдарынан мұрын бітеліп, бет күп бо-

лып ісіп кетеді. Ал сүйектерден уақыт өткен 

сайын кальций шайыла бастайды, бүйрек 

қыз меті де бұзылады. Бұлшықеттер жиыры-

лып, ол асқазанның тез жұмыс істеуіне және 

жүректің қағуына әкеліп соғады. Дене ісініп, 

асқазан қызметі бұзылады. Бой да ұзарып 

кетеді, өйткені қан қысымы төмендеп, 

салмақсыздық күйде ол омыртқаға қатты 

әсер етеді. Бұл симптомдардың бәрі ғарышта 

жүргендіктен, онша жанға бата қоймайды. 

Ал Жерге түскен соң, міндетті түрде ем алуға 

тура келеді. Бұл – жағымсыз жағы. Ал жа-

ғым дысы ретінде мына бір мысалды келтіре 

кету ге болады. 2001 жылғы зерттеу көрсет-

кен дей, үйде ұйықтаған кезде қорылдайтын 

ғарышкерлер ғарышқа шыққанда ондай 

жағымсыз әдеттен «айығып» шыға келеді 

екен. 


Жаңа Үкімет жасақталып жатыр

Марсқа әлем елдері бірігіп 

ұшуы керек

Басы 1-бетте

Адамзат баласы санаулы ғана жылдардың ішінде ғарыш 

кеңістігін игеруде үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Ғарыш 

технологияларының ғылымға, техниканың дамуына игі 

ықпалын тигізіп отырғаны сөзсіз. Осы уақытта орбитада 

мыңдаған жерсеріктері ұшып жүр. Олар адамзат үшін 

қажетті аса маңызды стратегиялық міндеттерді орындауда. 

Ғарыш аппараттары Айға және Венераға, Марсқа ұшып, 

түрлі зерттеулер жүргізуде. Қазіргі заманғы жоғары 

технологиялардың барлығы да ғарышпен байланысты. 

Осы орайда ғарыш саласында өзіндік үлесі бар ел ретінде 

Қазақстанның да өзіндік мақсаттары болуы шарт. 

Сәкен КӨКЕНОВ

Мемлекет басшысының Жарлығымен 

Асылжан Мамытбеков ауыл шаруашылығы 

министрі болып тағайындалды. Бұл туралы 

Премьер-министр Кәрім Мәсімов мәлім 

етті. «Ақылбек Қажығұлұлы Мемлекет бас-

ш ысы жүктеген міндетті лайықты атқарды», 

– деп атап өтті Кәрім Мәсімов. Бұл ретте ол 

жаңадан тағайындалған Асылжан 

Мамытбеков «ауыл шаруашылығының 

бар лық жүйесін және оның алдына Пре-

зи 


дент қойған міндеттерді өте тамаша 

біледі» деп атап өтті. «Енді ең маңыздысы 

– сізге тапсырылған барлық учаскені іске 

қосу», – деп қосты Премьер. 2008 жылдың 

қарашасынан бастап А.Мамытбеков 

«ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ басқар ма-

сының төрағасы, «Аграрлық кредиттік 

корпорация» АҚ директорлар кеңесінің 

төрағасы, 2010 жылдың мамырынан ҚР 

Президенті жанындағы кәсіпкерлер кеңе-

сінің мүшесі болған. Бұрындары Оңтүстік 

Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, 

ҚР Премьер-министрінің кеңсе жетек ші-

сінің орынбасары қызметін атқарған.

Бұған дейінгі Үкімет басшысының 

орынбасарлары бұрынғы қызметтеріне 

қайта тағайындалды. Президенттің баспа-

сөз қызметі Өмірзақ Шөкеев – бірінші 

вице-премьер, Ербол Орынбаев пен ин-

дус трия және жаңа технологиялар министрі 

лауазымында қалған Әсет Исекешов 

Премьер-министр орынбасары қызметіне 

қайта тағайындалғанын хабарлады. 

Елбасының Жарлығымен Қайрат Келім-

бетов «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат 

қоры» АҚ басқарма төрағасы қызметінен 

босатылып, былтыр құрылған эконо ми-

калық даму және сауда министрі болып 

тағайындалды. 

Басы 1-бетте

Өмірзақ ШӨКЕЕВ – Премьер-

министрдің бірінші орынбасары

Ербол ОРЫНБАЕВ – Премьер-

министрдің орынбасары

Қайрат КЕЛІМБЕТОВ – экономикалық 

даму және сауда министрі

Талғат ЕРМЕГИЯЕВ – 

туризм және спорт министрі

Әсет ИСЕКЕШОВ – Премьер-министрдің 

орынбасары, индустрия және жаңа 

технологиялар министрі

Ержан ҚАЗЫХАНОВ – 

сыртқы істер министрі

Асылжан МАМЫТБЕКОВ – 

ауыл шаруашылығы министрі


РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№61 (513) 12.04.2011 жыл, сейсенбі



www.alashainasy.kz

3

e-mail: info@alashainasy.kz



Балташ ТҰРСЫМБАЕВ, қоғам қайраткері:

– Байқоңырда құрылған қазақстандық Әлеуметтік қорғау 

ме кемесі меніңше, ешқандай мәселені шеше алмайды. Ондағы 

Ресей рублінің үстемдігі, қазақ азаматтарының Ресей аза мат ты-

ғын алуға құлшынысы – Байқоңырдағы Қазақстан аза мат та ры-

ның әлеуметтік жағынан қорғалмай отыруының көрінісі. Жалпы, 

Байқоңыр жалға берілді. Бірақ Ресеймен арадағы келісімде 

Қазақ стан азаматтарының әлеуметтік қорғалуының ескерусіз 

қал ғаны дұрыс емес. Алдағы уақытта бұл мәселе ескерілуі тиіс. 

Ал қазір Ресей Байқоңырды тәжірибе өткізетін жер ретінде ұтымды пайдаланып отыр 

деп ойлаймын. Қызметтік сапармен сол аймақта болғанда қазақстандық азаматтардың 

әлеуметтік жағынан қорғансыз екеніне көз жеткіздім.

Сейілбек АСАНОВ

Жарасбай СҮЛЕЙМЕНОВ, Мәжіліс депутаты:

 – Бірде аймақтық сапармен Қызылорда өңірін аралағанда 

Бай қоңыр қаласында да болдым. Жергілікті халықпен кез дес-

кенде, қазақстандық азаматтар қаладағы Ресей билігіне ре ніш-

терін білдіріп жатты. Қазақ мектептерінің мұғалімдері қазақ-

стан дық балалардың болашағына алаңдаушылығын жеткізді. 

Өйткені қазақ мектептері Ресейдің білім стандарттарымен, ре-

сей лік оқулықтардың қазақ тіліне аударылған нұсқасымен оқы-

ты лады екен. Ең сорақысы, қазақ балалары «Менің отаным – 

Ресей, астанамыз – Мәскеу» деп оқып жатыр. Осыны көріп, біле тұра, «Әлеуметтік 

қор ғау мекемесі жұмыс жасай алып отыр» деп қалай айта аламыз?! Мен сол сапардан 

орал ған соң, депутаттық сауал жолдадым, бірақ нәтижесін көре алғаным жоқ. Сон-

дық тан да «қазақстандық Әлеуметтік қорғау мекемесі қордаланған мәселелерді ше-

ше алып отыр ма» деген сауалға «иә» деп жауап бере алмаймын.

Ол қандай талаптар болуы керек? Бірін-

шіден, «Байқоңыр» ғарыш айлағы Қазақ-

стан мүддесі үшін де жұмыс істеуі керек. 

Осы уақытқа дейін аталған ғарыш айлағы 

Қазақ станның жерінде бола отырып, онда 

бірде-бір еліміздің бағдарламасы орын-

дал  ған жоқ. Атақты ғарышкеріміз Талғат 

Мұ  са баев тан  басқа  қазақ  ғарышкері  орби-

Басы 1-бетте

ОЙ-КӨКПАР



Марат ЖҮКЕНОВ,

физика ғылымының кандидаты

Сейфулла САПАНОВ,

саясаттанушы

«Байқоңырға» байланысты Қазақстан тарапынан 

тың талаптар қоятын кез жетті ме?

та ға шы ға рыл ған жоқ. 2009 жылы екі қазақ 

ғарышкері дайындалып еді, дағ да рыс тың 

ке 


сірінен ұшу уақытын белгісіз уа 

қытқа 


шегеріп тастады. Қаржы, дағдарыс деген 

сылтаулар көбейіп кетті. Екіншіден, эко-

логиялық және қауіпсіздік талаптары кү-

шейтілуі қажет. Өздеріңіз біле сіз дер, әрбір 

зымыран  ғарышқа  шы ға рыл ғаннан  кейін 

жергілікті ауа райы күрт бұ зы ла ды. Бұл про-

цестердің адам денсаулығына аса зиян еке-

нін естен шығармауымыз керек. Зы мы ран-

ның атмосферада бөлінетін бө лік тері жерге 

сол қалпында түседі. Тіпті бір кез де рі аспан-

нан темір жауып кеткені әлі есі мізде. Осы-

ның бәрі Байқоңыр және Қы зыл орда об-

лысы  тұрғындарының  ден сау лы ғына  үлкен 

зиян келтіреді. Үшіншіден, ең маңызды са-

ла лардың  бірі  –  эко но ми ка лық  талапты 

көл  денеңінен қоюымыз ке рек деп есеп тей-

мін. Естеріңізде болса, ең алғашқы ғарыш 

турисі – америкалық биз нес мен қалтасынан 

20 млн доллар шы ға рып, ғарышқа сапар 

жа сап қайтқан бо ла тын. Осы кезеңнен бас-

тап ғарыш туризмі жолға қойыла бастады. 

Ал егер ғарыш туризмін қолға алатын бол-

сақ, ел бюджеті үшін қосымша кіріс болар 

еді.  «Бай қо ңыр дан»  ғарышқа  саяхатшылар 

ұшып жатады. Олардың төлеген қара жа ты-

ның қандай бөлігі Қазақстанға тиесілі екені 

бел гісіз. Екі ел арасындағы келісім шарт тар-

дың айқын әрі қолжетімді болғаны дұрыс.

Бұл жерде әңгіме ғарыш саласындағы 

тіс қаққан мамандар, техника және тех но-

ло гия, ғылым туралы болып отыр. Сонымен 

қатар осыдан біраз уақыт бұрын Ресейге 

«Байқоңырды» 50 жыл жалға пайдалануға 

құ қық беретін маңызды құжаттар қабыл-

да нып қойды. Тың талаптар қою үшін бұл 

құ жаттарды қайта қарауға тура келеді. Ке-

ден дік одақ, шекаралық ынтымақтастық 

форумы сияқты мәселелермен тығыз ын-

ты мақтастық орнатып отырған мем ле кет-

тер д ің бірнеше жылға қабылданған ма-

ңыз ды құжаттарды қайта қарауы екі та-

лай. 


«Байқоңырды» игеруде Қазақстан өзі-

нің талаптарын күшейте беруі керек дей 

са лу оңай. Бірақ нақты мәселеге шынайы 

қарай білу керек қой. Мысалы, «қазіргі 

заман – ғылымның, техниканың заманы» 

деп жиі айтылады. Бұл бір жаттанды сөз 

сияқ ты болып кеткенімен, астарында үлкен 

мән жатыр. «Қазақстан – ғарыштық дер-

жа ва» деп соғып жіберетіндер де бар. 

Бірақ ғарыш саласын ғылыми тұрғыдан 

терең зерттеп жүрген ғалымдарды айтып 

бере аласыз ба? Олар өте аз. Сондықтан 

да олар көп жағдайда елеусіз қалып жа та-

ды. Ғылыммен айналысатын ғалым бол-

ма ғаннан кейін ғылым қайдан дамысын?! 

Ғылым дамымаса, техника қалай пайда 

болады?! Осының бәрі бізде болмай тұрып, 

біз қалайша талап қоя аламыз?! Ғарыш са-

ла сын терең үйрететін арнайы оқу орын-

дары болмағаннан кейін «кәсіби ма ма ны-

мыз бар» деп те айта алмаймыз. Бұрындары 

бә ріміздің Юрий Гагарин болғымыз келгені 

жа сырын емес. Қазір «Тоқтар Әубәкіров 

бо 


ламын» дейтін баланы майшаммен 

іздеп таппайсыз. Бұл жағдайды аталған 

сала бойынша ақпараттың жетіспеуінен 

деп түсінуге болады. Егер сала қарышты 

да мыса, ғарыш саласындағы жетістіктер 

көзге көрініп тұрса, онда ақпараттар мей-

лін ше көп болар еді. Өкінішке орай, бізде 

істен гөрі, сөз көп болып тұр. Нақты іс-әре-

кетті қолға алмай тұрып, дәл қазір маңызды 

са ланы игеруге байланысты тың талаптар 

қоя тын кез жетті деп айту қиын. Болашақ 

үшін қазірден бастап іске кірісу керек. Ол 

үшін алдымен осы саланы дамытудың ал-

ғы шарттарын жасауымыз қажет деп есеп-

теймін.

Дайындаған

Жарқын ТҮСІПБЕКҰЛЫ

ОЙТ


О

ЛҒАҚ


ҒЫЛЫМ КӨКЖИЕГІ

Қазақ ғарыш саласын бағындыра ала ма?

ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінің ресми 

сай тына кірсеңіз, жастардың басым көп-

шілігінің «мен қалай ғарышкер боламын, 

бізде ғарышкерлерді дайындайтын арнайы 

жоғары оқу орындары бар ма» деп, агент-

тік төрағасы Талғат Мұсабаевтың атына 

сұ рақтар жаудырғанын байқайсыз. Демек, 

жастардың ғарышты бағындырамын деген 

арманы жоғары деңгейде. Үміт бар. Бірақ 

сол үмітті еліміздің шенеуніктері қан ша-

лық ты ақтай алып отыр?



Әлия СЕРҒАЗЫҚЫЗЫ,  Астана қалалық 

Райым бек батыр атындағы №50 «Қаз ға-

рыш» мектеп-лицейінің директоры:

– Негізі, білімнің түп-төркіні мек-

теп тен басталады. Егер біз ғарыш сала-

сын дамытамыз десек, онда жас кадр-

ларды қазірден бастап даярлауымыз 

керек. Ал жасөспірімдердің білімін же-

тіл  діру үшін мектептің материалдық-

тех никалық базасын нығайтуға тиіспіз. 

Мек тепке жаңа қондырғылар алып ке-

ліп, арнайы зертханалар ашуымыз 

керек. Сондай-ақ мектеп пен ғарыш са-

ла сын дайындайтын ЖОО-лармен ты-

ғыз қарым-қатынас орнатқан жөн. 

Алайда қазірше біздің мектептің базасы 

керемет деңгейде деп айта алмаймыз. 

Жалпы, бұл төңіректе ҚР Ұлттық ғарыш 

агент тігінің мамандарымен сөйлесе қал са-

ңыз, елімізде ғарыш саласы дамып жатыр, 

өркендеп жатыр дегенді алға тартады. 

Шы нында да, солай ма? Тіпті аталмыш 

агент тіктің төрағасы Талғат Мұсабаев бір 

сұхбатында «еліміздің бірқатар ұлттық 

университеттерінде аэроғарыш маман да-

рын дайындайтын оқу бөлімдерін ашамыз» 

деген еді. Алайда біз ұлттық уни вер си тет-

тердің бірқатарының сайттарына кіріп, фа-

кул 

ь 

теттері мен кафедраларына назар 



аудар ғанымызда, көпшілігінің аэроғарыш 

мамандарын даярламайтынына көз жет-

кіз дік. Негізі, аталмыш агенттік маман да-

рының айтуынша, еліміздегі Азаматтық 

авиа ция академиясы да ғарыш саласының 

мамандарын даярлауы тиіс еді. Алайда 

академия ғарышкерлерді дайындамақ 

түгіл, өздерінің болашақ ұшқыштарының 

да толық білім алуына жағдай жасай алмай 

отыр. Студенттерін тәжірибеден өткізетін 

жа ңа ұшақтары да жоқ. Енді олар өздері 

осын дай жағдайда тұрып, болашақ ғарыш-

кер лерді қалай дайындамақ?! Кез келген 

ЖОО-дан арнайы факультет немесе кафед-

ра ашу үшін оның арнайы бөлмелері, зерт-

ха налары, оқулықтары, осы салада білім 

беретін мамандары болуы тиіс емес пе?! 

Неге біз осы ғарыш саласындағы түрлі ма-

ман дықтарды әр университеттің бөлі м ше-

ле ріне тықпалап, көтере алмайтын жүкті 

арта береміз? Әлде Қазақстанның ғарыш 

сала сында арнайы университет, коллед ж-

дер ашуға шамасы келмей ме?

Мейірбек МОЛДАБЕКОВ, ҚР Ұлттық ға-

рыш агенттігі төрағасының орынба сары:

– Елімізде ғарыш саласының ма-

ман дарын даярлайтын арнайы жоғары 

оқу орны жоқ. Бірақ әл-Фараби атын-

дағы ҚазҰУ-да, Гумилев атындағы Еу-

ра 

зиялық университетте, Қ.Сәтбаев 

атындағы ҚазҰТУ-да, Алматы энер ге ти-

ка және байланыс институтында, Аза-

мат тық авиация академиясында ғарыш 

саласында білім беруге болады деген 

тоқтамға келген болатынбыз. Бірақ 

Авиация академиясының аэроғарыш 

са ласында неге мамандар даярламай 

отырғанын мен білмеймін. Дегенмен 

бізде мынадай жүйе қалыптасқан. Егер 

студент Үкімет бөлген грантты иеленсе, 

ол өзінің таңдаған университетіне 

Серік ЖҰМАБАЕВ

 

Ресей кетсе, «Байқоңырды» пайдалануға әлеуетіміз жете ме?



Әсем 

ҚАЙДАРОВА, 

саяси ғылым 

кандидаты: 

Гүлшат 

НҰРЫМБЕТОВА, 

саяси ғылым 

докторы: 

Айдархан 

ҚАЛТАЕВ,

 

физика-математика 

ғылымдарының 

докторы, профессор: 

?

А Л А Ш Т Ы   А Л А Ѓ Д А Т Ћ А Н   С А У А Л

А Л А Ш Т Ы   А Л А Ѓ Д А Т Ћ А Н   С А У А Л

– Бұл жерде екі мәселе бар. Біріншісі, зымырандарды ұшыру, оны пайдалану. 

Екіншісі, ғарыштағы Жер серіктерін пайдалану. Бұл екеуі – екі түрлі нәрсе. Бай қо-

ңыр ғарыш айлағы ракеталық технологияларды пайдалана отырып, зы мы ран-

дарды ғарышқа, Жер серігіне ұшырады. Одан кейінгі ғарышқа ұшы рыл ған ра ке-

таларды халықтың игілігіне асыру, яғни Жерді алыстан зерттеу, кос мос тық кар то-

графияны, спутниктік байланыстарды дамыту Жер серігі тех но логияларына жа-

та ды. Осы тұрғыдан алып қарайтын болсақ, Жер бетінде ра ке талық тех но ло гия-

лар мен бар-жоғы он шақты ғана ел: АҚШ, Ресей, Қытай, Жа пония, Еуроодақ т.б. 

ай налысады. Қазір бұларға Үндістан, Бразилия, Пәкіс тан қосылды. Өйткені ра ке-

талық технология деген өте қымбатқа түседі. Бұл саланы ең таңдаулы деген жүз-

де ген мамандар ғана жүргізе алады. Сондықтан ракеталық технологиялармен өте 

үлкен елдер ғана айналыса алады. Ал одан әлдеқайда арзанға түсетін Жер серігін 

пайдалану технологиясымен әлемде 20-30 ел шұғылданады, бұл – әр елдің 

қолынан келетін шаруа. Осы тұрғыдан кел генде, «Байқоңырды» еліміз өз кү шімен 

қалай пайдаланады? Бұған көзім жет пейді. Ресей «Байқоңырды» еш уа қыт та 

тастап кетпейді. Өйткені қырғыз елінде аэ родромын, Тәжікстанда әскери ба з а сын 

қимай тұрғанда, дап-дайын, бірегей «Бай қоңырды» тастап кете қоя ма?

– Әрине, игеріп кете аламыз, біздің оған ғылыми және техникалық әле-

уе тіміз жетеді. Назарбаев университетінің ашылуымен байланысты ғарыш 

са ласындағы мамандарды даярлау қолға алынып жатыр. Қазақстан Үкіметі 

қазақ стандық ғарыштық өнеркәсіпті дамыту үшін жаңашыл әдістерге сүйеніп, 

қа жетті шешімдер қабылдай білу қабілеті мен даярлығын көрсетіп отыр. 

Қазақ станның ғарыш өнеркәсібі ұйымдары мен мемлекеттің мүддесіне жауап 

беретін жоғары стандарттар жасалды. Қолда бар ғылыми-техникалық 

әлеуеттің және мүмкіндіктердің де негізінде еліміз ғарыштық саласындағы 

стратегиясын жүзеге асыруы керек. Ғарыштық іс-әрекетке мемлекет бюд же -

тінен қаржы бөлудің үлесін ұлғайту және мемлекеттік реттеуді жүзеге асы  ру 

арқылы мемлекет белсенді рөл атқара алады. Ғарыш Қазақстан үшін жа  ңа 

мыңжылдықта басым бағыт болып табылады. Ел экономикасының бұ  дан әрі 

өркендеуі оның ғылым мен жоғары технологияларға негізделген са лаларын, 

әсіресе, соның ішіндегі келешекке бағытталған ғарышты игеру са ла сымен 

тікелей байланысты болғандықтан өз қолына жетекші рөлді алуы керек.

– Әрине, «біз егеменді, азат мем-

ле кетпіз, Ресей «Байқоңырдан» кет-

се, өз кү шімізбен игеріп кете аламыз»  

деп жауап беруге болады. Бірақ ға-

рыш ты игеру үшін қаражат, жоғары 

да мыған  тех но логия,  арнайы  дайын-

дал ған  ма ман дар  қажет.  Сондықтан 

ин тел лек туал дық,  технологиялық 

ресурсты есепке алмай, өз күшімізбен 

игереміз  де геніміз  шын дық қа  жуыс-

пайды. Қазақ тар дан шыққан ға рыш-

кер 

лер саны да ой салуы керек. 



Бүгінгі күні Ресей «Бай қо ңырдан» 

кетсе, өз күшімізбен игеріп кетуіміз 

екі та лай.  Мүм кіндік  пен  шындық 

бір-бі рі не сәйкес емес. Ал болашақта 



әб ден  мүм кін.

Дайындаған Құбаш САҒИДОЛЛАҰЛЫ

Қазір дамыған елдердің 

барлығы да ғарыш саласын 

меңгеру үстінде. Мәселен, 

Ресей өзге елдің бір азаматын 

ғарышқа ұшырғаны үшін 

ел бюджетіне 30 миллион 

доллардан аса қаржы түсіреді 

екен. Тіпті олар қазір Қиыр 

Шығыстан «Байқоңырға» 

балама болатын ғарыш ай-

ла ғын салып жатқан кө рі-

неді. Осылайша, олар «Бай-

қоңыр» ғарыш айлағын жалға 

алуды бірте-бірте доғаруы 

мүмкін. Сондықтан келешекте 

космодромымызды сақтап 

қалу, оны игеру үшін ғарышкер 

мамандарды дайын дауды 

бүгіннен бастап қол ға 

алғанымыз дұрыс шы ғар...

барып білім алады. Міне, осы бөлінген 

гранттарды ұтып алған студенттер бес 

ЖОО-ның барлығына бірдей бармаған. 

Менің білетінім, қазір ғарыштық сала-

ның студенттері Алматы энергетика жә-

не байланыс институты мен Қ.Сәтбаев 

атындағы ҚазҰТУ-да білім алып жатыр. 

Әрине, олардың зертханалық базасы, 

оқытатын мамандары, оқулықтары 

бар лығы жақсы деңгейде деп айта ал-

май мын. Сондықтан ғарыш саласына 

арнайы жабдықталған дербес уни вер-

си тет керек-ақ. Бірақ олардың барлығы 

бір күнде келе салмайды. Уақыт өте ке-

ле шешімін табады деп ойлаймын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет