«Әрбір шәкірт — бір жұлдыз, жарқырауына жәрдем бер!» «Бұлақ көрсең көзін аш»



Дата15.04.2023
өлшемі17,78 Kb.
#82695
Байланысты:
сөз


«Әрбір шәкірт — бір жұлдыз, жарқырауына жәрдем бер!»
«Бұлақ көрсең көзін аш»
Халық даналығы

Мектепті – білімнің тірегі десек, ал тәрбиеші мен мұғалім – сол мектептің жүрегі, яғни олардың қолында адам тағдыры тұрады. Біздің мамандығымыздың қыры да, сыры да сол – күн сайын көз алдымызда өсіп, дамып келе жатқан жас ұрпақпен жұмыс істеу. Сондықтан да ұстаздар бүгінгі күннің жаңалығынан сырт қалмай, үнемі ізденіс үстінде жүру керек. Жаңа заманға лайық жаңа білім, жаңа тәрбие беру – өмір талабы.
Ұстаз болу, шәкірт тәрбиелеу – ұлы міндет. Бала тәрбиесіндегі ата – анадан кейінгі жауапты адам-мұғалім. Қоғамға пайдалы жеке тұлғаларды әкелу ұстазға, мұғалімге байланысты. Оқушының мектеп қабырғасынан әрі білім, әрі тәрбие алып шығуы да мұғалімнің еңбегі, қайраткерлік қызметі. Ұлағатты ұстаз – ең алдымен шәкіртіне өмірді, білімді үйретуші.
Қазақ халқында «Адам болатын бала алысқа қарайды», «Адам болар баланың жанарынан от ойнар» деген дана сөздер бар. Демек халқымыз ерте кезден-ақ жастарды талантты да дарынды болуына қолдау көрсетіп, демеп отыруды көздеген.
Тума дарындылықтың жерде жатпасы анық Бірақ оны қолдап, жәрдемдесетін жан керек. Осындай қамқорлықтың жетіспеуінен қаншама жастарымыз керемет қасиет-өнерлерін іштей бүгіп жатыр.
Бала — адам өмірінің жалғасы болғандықтан, оның дамуы мен қалыптасуы, яғни кім болатыны назардан тыс қалатын мәселе емес. К.Д. Ушинский баланы барлық жағынан танып білудің қажеттілігін көрсете келіп: «Кім де кім оқытамын десе, ол оқушы талабына, оның ішкі сырына көз салуы керек» деп үйретті. Оқушының дамуы мен қалыптасуы тұрақты үрдіс емес. Бұл жағдай баланы үздіксіз зерттеуді талап етеді. Зерттеу жұмыстары әр уақытта баланың ойын, еңбек, оқу іс- әрекеттері кезінде жүргізіледі. Осыдан келіп әр баланың өзіндік ерекше дарындары анықталады. Ұстаз әр шәкіртінің бойынан бір жарқыраған жұлдызын тауып, сол жұлдыздың жарқырауына өзіндік үлес қосу керек.
Сонымен қатар ұстаз бен шәкірт арасында шынайы достық қарым – қатынас орнаса бала сенімі нығайып, үй – ішінен жасырған сырын айта алатын сырлас досқа да айналады. Мұғалім де оның жан сарайының кілтін тауып, сезім құбылыстарын дөп басатын психолог бола алуы керек.
Сондықтан да ұстазды әр баланың жан-дүниесін танып-білуші әрі оны жеке тұлға етіп қалыптастырушы, ел болашағының мүсіншісі деуге болады.
Абайдың: «Ақырын жүріп, анық бас, Еңбегің кетпес далаға. Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға», — деген өлең жолдары еріксіз ойға оралады. Егер әр шәкірт өмірде бір кірпіш болып қаланып, ұстаздан шәкірт озып жатса, төккен тер мен адал еңбектің ақталғаны емес пе ?!
Ендеше, бүгінгі білім мен білік бәсекелес заманда ұландарымыздың биіктен көрінуіне күнделікті іс-өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан-жақты, парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн.
«Бұлақ көрсең көзін аш», дейді дана халқымыз, әр ұстаз баланың дарыны мен қабілетін көре білу керек. Содан соң сол дарынды дамыту жолдарын дөп басып таба білуіміз қажет.
Шәкіртеріміздің дарынын аша білсек, жұлдызын жарқырата білсек, ел игілігене қосқан үлесіміз болмас па? «Бір кісі қазған құдықтан мың кісі су ішеді», — деп, бір жұлдызды жаға білсек ол сәулесін көпке шашпас па?
Шебер ұстаз шәкіртінің талант көзін ашады,
Еңбек жанса сол шәкірті сәуле боп нұрын шашады, — демекпін

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет