Әрекеттесуші массалар заңы және гетерогенді процестер. Әрекеттесуші массалар заңын гидролиз және амфотерлік процестеріне қолдану


Әлсіз негіз катионы мен күшті қышқыл анионынан түзілген тұздың гидролизі



бет3/5
Дата27.09.2024
өлшемі174,36 Kb.
#145961
1   2   3   4   5
Байланысты:
Дәріс 3 аналит

  • Әлсіз негіз катионы мен күшті қышқыл анионынан түзілген тұздың гидролизі.
  • Әлсіз негіз катионы мен әлсіз қышқыл анионынан түзілген тұздың гидролизі
  • Күшті қышқыл және күшті негіз

    • Күшті қышқыл мен күшті негізден түзілген тұз гидролизге ұшырамайды, өйткені бұл тұздар суда еріген кезде судың иондалуы нәтижесінде пайда болатын Н+ да, OH- да байланыса алмайды. Су иондарының байланысы болмағандықтан, рН өзгермейді. Демек, күшті қышқылдар мен күшті негіздер түзетін тұздар ерітінділерінің рН мәні таза сумен бірдей.
    • Мысалы: натрий хлориді, калий сульфаты, натрий нитраты.

    Күшті қышқыл және әлсіз негіз

    • Күшті қышқыл мен әлсіз негізден түзілген тұз – катион бойынша гидролизге ұшырайды. Мұндай тұздардың сулы ерітінділерінде ОН- байланысып, Н+ ионының жиналуы болады.
    • Мысалы:
    • NH4Cl →NH4+ + Cl –
    • H2O → OH- + H+
    • NH4 + +OH → NH3 ∙H2O
    • NH4Cl + H2O → NH3 ∙H2O + HCl
    • NH4 + + H2O → NH3 ∙H2O + H+ pH<7
    • Яғни NH4Cl ерітіндісі гидролизге байланысты қышқылдық реакция көрсетеді. Егер тұздағы әлсіз негіздік катион көп валентті болса, онда гидролиз, мысалы, негіздік тұзды түзеді .
    • Мысалы : MgCl2 + H2O = MgOHCl + HCl
    • Mg2+ + HOH = MgOH+ + H+

    Күшті негіз және әлсіз қышқыл

    • Күшті негіз және әлсіз қышқылдан түзілген тұз анион бойынша гидролизге ұшырайды
    • KCN → K+ + CN-
    • H2O → OH- + H+
    • CN- + H+ → HCN
    • KCN + H2O → KOH + HCN
    • CN- + H2O → HCN + OH- pH>7
    • Яғни KCN ерітіндісі гидролиз нәтижесінде негіздік реакция көрсетеді. Әлсіз көп негізді қышқылдар мен күшті негіздер түзетін тұздардың гидролизі әдетте қышқыл тұзының түзілуімен жүреді. Әлсіз көп негізді қышқылдар мен күшті негіздер түзетін тұздардың гидролизі әдетте қышқыл тұзының түзілуімен жүреді:
    • Na2CO3 + H2O = NaHCO3 + NaOH
    • CO32- + HOH = HCO3- + OH


    Достарыңызбен бөлісу:
    1   2   3   4   5




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет