Кейбір аз еритін тұздардың ортақ иондары жоқ басқа ерігіш тұздар қатысында ерігіштігінің артатыны анықталған.
Кейбір аз еритін тұздардың ортақ иондары жоқ басқа ерігіш тұздар қатысында ерігіштігінің артатыны анықталған.
Мысалы,BaSO4, SrSO4, CaSO4 ерігіштіктері ерітіндіге КCl, Na2SO4, KNO3 және т.б. қосқанда артады.Қосқан тұздың концентрациясы неғұрлым жоғары болса, ерігіштік соғұрлым жоғарылайды.
Бұл құбылыс тұздық эффект деп аталады және басқа иондарды қосқанда ерітіндінің иондық күшінің артуымен байланысты.
Тұздық эффект – дегеніміз аз еритін тұздардың басқа электролит қосқан уақытта ерігіштігінің артуы.
Ерігіштік көбейтіндісінің мәнінің әр түрлілігін негізге алып бір типті тұнбаларда әртүрлі иондарды бөлуді жүргізуге болады. Ол үшін фракцияланған тұндыру әдісі, яғни,тұндыратын иондарды бөлу үшін бір түрлі тұндырғыш қолданылатын әдіс.

Бұл әдіс бөліп тұндыру деп аталады. Бұл кезде тұнбаға ең бірінші болып, ЕК мәні аз зат түседі.