Ерекше білім алу қажеттілігі бар балалардың есте сақтау қабілеті, ойлауы, қиялдауы



бет1/3
Дата30.05.2022
өлшемі24,23 Kb.
#35924
  1   2   3

Ерекше білім алу қажеттілігі бар балалардың есте сақтау қабілеті, ойлауы, қиялдауы
Инклюзивті білім
Ерекше білім беруді қажет ететін балалардың түзете-дамыту көмегін көрсету үдерісінде атқарылатын іс-шаралар
Ерекше білімді қажет ететін балалар тобы

Қазіргі таңда инклюзивті білім берудің нормативтік-құқықтық, ұйымдастырушылық, ғылыми- әдістемелік дамуына көп көңіл бөлінуде.Инклюзивтік білім берудегі педагогтік құзіреттілік оқыту мен тәрбие үрдісінде балаға қайтіп, қалай көмек беру жолдарын білу. Инклюзивтік білім беруде балаға деген педагогикалық ықпалдың позитивтік мүмкіндігі , ол дер кезінде жоғарыда айтылған эмоциялық дағдарыстағы баланы байқап, көру болып табылады. Қазіргі демократиялық қоғамда әр адамның өзін өзі дамытуға, осы қоғамда айқындалуына, қабілетін шыңдауға, шығармашылықпен айналысуға таңдау бостандығы бар,өмірін толыққанды етуге, былайша айтқанда өз тағдырына қатысты субъект болып, өмірін мағыналы етуге құқылы. Еліміздегі экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуынан, қазіргі таңда туа біткен,тұқым қуалаған, жүре пайда болған аурулар салдарыынан қаршадай бастарынан қасірет дертке шалдыққан мүмкіндігі шектеулі балалар саны жылдан жылға артуда.Әрбір елде ерекше білімді қажет ететін балалар кездеседі, олар тәрбиелеудің және білім берудің ерекше түрлерін қажет ететін жандар.Осындай балаларға арнайы көмек көрсету қазіргі таңда біздің елде өзекті мәселелердің бірі.


«Мүмкіндігі шектеулі жандарға көбірек көңіл бөлу керек. Олар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуы тиіс. Ондай жандарға қамқорлық көрсетілуі керек-бұл біздің қоғам алдындағы үлкен парызымыз. Бүкіл әлем осымен айналысады»,-делінген Елбасы Н. Назарбаевтың жолдауында. Ерекше білімді қажет ететін балаларға арналған білім беру қызметтерін Қазақстан Республикасының білім беру қызметкерлерінің ҚР білім беру заңында белгіленген тәртіппен арнаулы ұйымдар психологиялық педагогикалық түзету кабинеттері қызмет көрсетеді.
Психологиялық, педагогикалық түзету кабинеті өз қызметтерін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Бала құқықтары туралы БҰҰ конвенциясына, «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Кемтар балалардың әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне, « Арнайы білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын», Қазақстан Республикасының білім беру қызметін регламенттейтін өзге де нормативтік құқықтық құжаттарға сәйкес жүзеге асырып келеді.
Арнайы мектеп жасына дейінгі білім берудің міндеттері: түзете- дамыту үрдісін ұйымдастыру, танымдық үрдістердің дамуы үшін екіншілік ауытқушылықтардың алдын алу; қоршаған ортамен өзара байланысуды меңгеру жолдарын қалыптастыру; баланың жасына сай бала әрекетінің барлық түрлерін қалыптастыру; зияты зақымдалған әр баланың жеке мүмкіншіліктерін ескере отырып мектепке оқытуға дайындау.

  • Мектеп жасына дейінгі түзету педагогикасының негізгі қағидалары
    Генетикалық (онтогенетикалық)

  • Дамыта оқыту

  • Дамудағы ауытқулықтарды түзету мен диагностикалаудың бірігіп жүру Біріншілік және екіншілік ауытқулықтардың ара қатынастығын ескеру Түзету және орынбасу (компенсация)

Баланың психикалық үрдістері мен мүмкіндігі шектеулі балаларды тұлға болып дамытуда негізгі әрекетін ескеру қағидасы.
Бағдарлама зияты зақымдалған балалардың моторлы, сенсорлы, ақыл ойдың, сөйлеу тілінің, эмоциясының және әлеуметтік тұлғалық дамуының өзіндік ерекшеліктерін, негізгі әрекетінің сипатын, қатынас түрлерін ескере отырып құрастырылған.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет