Ерекше білім алу қажеттілігі ерекше білім беру қажеттілігін анықтау. Ерекше


Оқытудың нәтижелерін бағалау әдістерін өзгерту



бет3/7
Дата28.04.2023
өлшемі44,63 Kb.
#87974
1   2   3   4   5   6   7
2 Оқытудың нәтижелерін бағалау әдістерін өзгерту (оқушылардың оқу үлгерімін). Оқушылардың оқу үлгерімін бағалау әдістерін төмендегі көрсетілген жағдайларда өзгерту қажет:
- оқушы арнайы, қысқартылған немесе жеке бағдарламамен оқытылған кезде;
- оқушыларды оқытуда альтернативті әдісті қолданғанда. Мұндай ерекше білім беру қажеттілігін қанағаттандыру психолиялық-медициналық-педагогикалық кенес ұсынысы негізінде жүзеге асырылады: «жеке амал және баланың оқу үлгерімін бағалаудың вариативтілігі». Егер оқушылар (ЕБҚ 2 және 3 топ балалары) үшін мектеп өз бетінше оқу бағдарламасын уақытша қысқарту туралы шешім қабылдаса, онда дәл сол мектеп кеңесі баланың оқу үлгерімін бағалаудың нұсқауларын және жеке тәсілдерін ұсынады. ақыл-ойы бұзылған балаларды оқыту кезінде кез келген нәтиже оң болып саналады.
Оқушының жетістіктерін бағалау акценті жеке бағдарлама шеңберінде қойылады.Бағалау тәсілдері (рәсімдері) мен бақылау материалдарын өзгерту ықтималдылығы 2-кестеде көрсетілген.
2-кесте. Оқу жетістіктерін бағалау тәсілдері мен бақылау материалдарын өзгерту.






Оқытудың нәтижесін бағалау әдістерін өзгерту

1

Мұғалімнің қайталау, баяу, қысқаша, ауызша нұсқаулығы (жазбаша нұсқаудың орнына)

2

Тапсырманы орындау үшін қосымша уақыт беру

3

Тапсырманы тек ауызша/жазбаша орындауға мүмкіндік беру

4

Планшет, ноутбукты қолдану арқылы бақылау тапсырмаларын орындауға мүмкіндік беру

5

Басқа




Бақылау материалдарын өзгерту

1

Нұсқаулықты қайта құрастыруға бейімдеу: тапсырманы орындау кезеңіне сәйкес бірнеше бөлімге бөлу

2

Бақылау тапсырмаларының санын азайту

3

Барлық сыныпқа арналған бақылау тапсырмаларынан өзгеше жеке бақылау тапсырмалары (жеке оқу мақсаттарына сәйкес)

4

Бақылау тапсырмасын орындауын жеңілдететін иллюстративті және тірек материалдарды (кесте, сызба, үлгі, сөздік материалдар) қолдану

5

Басқа





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет