6. Тосқауылсыз орта құру және оқыту орнына бейімдеу. Кедергісіз орта деп төмендегідей даму бұзылымдары бар балалардың мектепке бару қолжетімділігін қамтамасыз етілуі:
-тірек-қимыл аппараты: мектепке жеткізу, пандустар, сүйеніштер, көтергіштер, лифт, арнайы жабдықталған оқу орны (үстел, орындықтар), жалпы пайдалану орындары (дәретхана, асхана және т. б.);
- көру қабілеті: тактильді жолдар, тактильді көрсеткіштер, таяныштар және т. б.
Оқу орнының бейімделуі баланың жеке ерекшеліктеріне қарай оқыту ортасын бейімдеуді көздейді. Оларға жатады:
- дене даму ерекшеліктері: есту қабілеті төмен, көру қабілеті төмен немесе бойы кішкентай баланың бірінші партада отыруы; нашар көретін балаға үстел шамын қою, партаның және т. б. биіктігін реттеу;
- мінез-құлық ерекшеліктері: гипербелсенді бала мұғалімнің жеке қолдауы мен бақылауын талап еткендіктен бірінші партаға отырғызу. Бала үшін жұмыс орнын бейімдеудің басқа да ықтимал нұсқалары:
- соңғы партада отыруы;
- өзі немесе беделді оқушымен отыруы;
- терезеден алыс (алаңдамау үшін) отыруы:
- арнайы орындықта отыру немесе биік үстелдің жанында тұру (зейін шоғырлануын жақсарту үшін) және т. б.
7. Компенсаторлық және техникалық құралдарға мұқтаждық. Оқу үрдісінде тірек-қимыл аппараты, есту, көру, сөйлеу қабілеті бұзылған балалар ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бекіткен компенсаторлық, техникалық және көмекші құралдар тізбесіне сәйкес белгіленген тәртіпте алынған жеке техникалық және компенсаторлық құралдарды пайдаланады.
Жалпы білім беретін мектептер ЕБҚ бар балаларды оқыту және қолдау үшін мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сонымен қатар арнайы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жабдықтандыру нор- маларына сәйкес әртүрлі компенсаторлық, техникалық құралдарын, дамытушы жабдықтарын алады және пайдаланады.
8. Арнайы педагогикалық (логопед, олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог) және психологиялық көмек . Психикалық және дене дамуы бұзылған балаларға мамандардың қызметтерін ұсыну негізінде жүзеге асырылады. Психологиялық -педагогикалық қолдау көрсету қызметі баланы тексеру (зерделеу) нәтижелері негізінде психологиялық - педагогикалық көмектің қарқындылығын (аптасына 1 - ден 3 сабаққа дейін) және сабақтардың ұзақтығын (тоқсан-жыл) анықтайды. Мамандардың жүргізетін сабақ жиілігін анықтау оқу қиындықтарының айқындылығына байланысты.
Ұзақ жекелік - дамыту жұмысы барысында психофизикалық бұзылуларын толық жеңу мүмкін емес оқушылар категориясы (ақыл-ойдың, есту мен сөйлеудің бұзылуы) бар екенін атап өткен жөн. Мамандар бірінші кезекте танымдық іс-әрекеттің (ойлау, есте сақтау және т.б.) бұзылуын толық түзету мақсатында емес, баланың білім беру үдерісіне өз (типтік, қысқартылған немесе жеке) бағдарламасы шеңберінде табысты қосу мақсатында қызметтерін көрсетеді. Әрі қарай орта немесе жоғарғы буында зиятында немесе сөйлеу тілінде бұзылымы бар оқушы өз бағдарламасының көлемінде оқу материалын меңгерсе, онда бір жолғы кеңес беру қызметін ала алады немесе мамандардың қызметтерін алмауы да мүмкін. Мектептің қолдау көрсету қызметінің шешімі негізінде психолог пен логопедтің көмегі екінші және үшінші топтағы балаларға көрсетілуі мүмкін. Бұған психолиялық - медициналық - педагогикалық кенес тексеруін қажет етпейтін эмоционалдық және мінез - құлық проблемалары бар және ауызша/ жазбаша сөйлеу бұзылыстары бар балалар жатады.
Мектептің қолдау қызметі логопедиялық сабақтарға 3 деңгейдегі жалпы сөйлеу тілі дамымаған балаларды, оның ішінде фонетика - фонематикалық бұзылыстары, жазбаша жазуындағы бұзылыстары (дисграфия, дислексия) бар балаларды жібереді. Ауызша немесе жазбаша сөйлеудің кемшіліктері табысты оқуға кедергі келтіріп, оқу бағдарламасын меңгерудегі қиындықтардың туындауына себепкер болады.
Демек, логопедтің сабақтарына жіберудің негізгі көрсеткіші болып табылады. Бағдарламаны меңгеруге әсер етпейтін (бала оқуда табысты) жекелеген жеңіл сөйлеу кемшіліктері бар (мысалы, дыбыстың дұрыс айтылмауы) балалар кеңестік негізде мектеп логопедіне жіберіледі.
Ата-аналарға кеңес беру немесе мұғалімдерге бір реттілік немесе жиі (аптасына, айын, тоқсанға бір рет) көмек көрсетілуі мүмкін. Оның қажеттілігі мен ұзақтылығын логопедтің өзі шешеді.
Психологтың көмегі сыныпта оқуға кедергі жасайтын эмоционалдық, мінез - құлық және коммуникативтік проблемалары бар балаларға көрсетіледі. Сабақтың жиілігі мен ұзақтығын психолог өз бетінше белгілейді. Психологпен сабақтарды тоқтатудың негізі – бұл баланың жеке эмоционалдық және мінез-құлықтық ерекшеліктері сақталған жағдайда да сыныпта табысты бейімделуі мен білім алуы болып табылады. сыныпқа бейімделуі мен оқу бағдарламасын жемісті меңгеруге кедергі келтірмейтін эмоционалдық және мінез - құлықтық ерекшеліктері бар балаларға кеңестік көмек көрсетіледі.
Ата-аналарға кеңес беру немесе мұғалімдерге бір реттілік немесе жиі (аптасына, айына, тоқсанға бір рет) көмек көрсетілуі мүмкін.