4 Оқулықтар, оқу әдістемелік құралдарын таңдау, жеке оқу материалдарын даярлау. Мұғалім және психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету қызметінің мамандары оқушының көмекке деген қажеттіліктерін командалық талқылау нәтижесінде арнайы оқулықтар мен құралдарды, жеке оқу дидактикалық материалдарды пайдалану қажеттілігі туралы шешімді қабылдайды. ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушыға бейімделіп өзгертілген оқу жоспары мен оқу бағдарламаларын ескере отырып арнайы оқулықтар мен оқу құралдары іріктеледі.
Қысқартылған бағдарламалар бойынша қарапайым сыныпта оқитын ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушылар бүкіл сыныпқа арналған оқулықтарды пайдаланады. Арнайы оқулықтарды, жұмыс дәптерлерін және басқа да оқу материалдарын жалпы сыныпта оқитын белгілі бір бұзылымдары бар балаларға қолдану қажет:
- көру (ірілендірілген шрифті бар кітаптар; зағип адамдарға арналған, брайль шрифтімен басылған оқу құралдары; бедерлі суреттер, схемалар, арнайы муляждар);
- тірек-қимыл аппараты (ірілендірілген шрифтпен жазылған және т.б.);
- есту (символдарды, ымдық сөйлеуді) қолданатын оқу құралдары; титрі бар бейнематериалдар; компьютерлік оқу бағдарламалары және т. б.);
- зиятының бұзылуы (Оқу әдістемелік кешенінің түпнұсқасы).
Арнайы сынып оқушылары кәдімгі және/немесе арнайы оқу-әдістемелік кешендерді пайдалана отырып оқиды, олар тиісті түрдегі арнайы мектептер үшін шығарылған.
Инклюзивті білім беру тәжірибесінде оқушының жеке ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, мұғалім арнайы даярлаған жеке оқу- дидактикалық материалдарын кеңінен қолданылады. мысалы, есту-сөйлеу ақпаратын өңдеу қиындықтары бар бала үшін (сөйлеуді түсіну) әртүрлі көрнекіліктерді кеңінен қолдана отырып, жеке дидактикалық материал дайындау қажет: оқу материалын түсінуді жеңілдететін және оқушыны сабаққа қосуға мүмкіндік беретін суреттер, схемалар, алгоритмдер.
5 Оқытудың формасын таңдау. Жалпы білім беретін мектепте ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушылардың оқуын төмендегідей ұйымдастыруға болады:
- жалпы сыныпта (2 оқушыдан артық емес, сонымен қатар ЕБҚ бар әр оқушыға сыныптағы оқушылар саны 3-ке азайтылуы тиіс);
- жалпы білім беретін мектептің арнайы сыныбында (10-12 оқушы);
- жалпы білім беретін мектептің психологиялық-педагогикалық қолдаудың арнайы кабинетінде (жеке немесе кіші топта) . Мектепте арнайы сыныптар тек даму бұзылымдарының нақты бір тобы жинақталғанда ғана ашылады. Оқушыны қабылдау пмпк қорытындысы мен ұсыныстары негізінде және ата-аналардың, қамқоршылардың келісімімен жүзеге асырылады. Арнайы сыныптарда оқыту – бұл жалпы сыныпта жүзеге асыруға мүмкіндік болмаған жағдайда арнайы оқыту шарттарын жасау қажеттілігі туындаған да ғана іске асады. Оған төмендегі шарттар жатады:
- сыныптың аз толымдылығы, педагогикалық күн тәртіп;
- оқушылардың ерекше білім беру қажеттіліктерін ескеретін және оқу қиындықтарының себептерін жеңуге бағытталған арнайы оқу пәндерін қамтитын арнайы оқу жоспары мен арнайы бағдарламалар бойынша оқыту;
- арнайы дайындығы бар мұғалім;
- арнайы жабдықтардың (есту қабілеті бұзылған балаларға арналған топтық дыбыс күшейткіш аппаратураның; зағип балаларға арналған арнайы жабдықтардың, ақыл-ойы кем балаларға арналған пәндік дамытушы ортаның және т. б.), оқу-әдістемелік қамтамасының болуы;
- мамандардың қолдау көрсету бойынша міндетті және топтық сабақтары (арнайы Типтік оқу жоспарына сәйкес).
Мектептің инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын шарттарының бірі – бұл психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету кабинеті. кабинеттің, ЕБҚ бар балалармен жекелік және топтық жұмыс жүргізуге лайықты типтік мектебінікіндей сынып алаңы, сабаққа арналған жиһаздары (оқу үстелдері, орындықтар, тақта және т. б.) болуы тиіс, сонымен қатар жеке және топтық сабақтар жүргізу үшін дамытушы жабдықтары болуы керек: жұмсақ пуфтар, кілем жабыны, швед қабырғасы, әткеншек, ойыншықтар, доптар, дидактикалық және иллюстрациялық материалдар, құралдар, жазулар мен оқулықтар.
ЕБҚ бар балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету кабинетінде жүргізіледі:
- сабақ кестесі бойынша мамандардың сабақтан тыс жеке, қосымша сабақтары: психологтың, логопедтің, арнайы педагогтың;
- әр түрлі себептермен сыныпта оқу материалын меңгере алмайтын ЕБҚ бар балаларға арналған жеке оқу пәндері бойынша сабақтар. сабақты ПОҚ қызметінің мамандары жүргізеді, олар баланы оқыту үшін арнайы немесе баламалы әдістер мен тәсілдерді, арнайы оқулықтар мен құралдарды және жеке дидактикалық материалдарды пайдаланады.
Психологиялық - педагогикалық қолдау кабинетінде жеке және топшалық сабақтар төмендегі көрсетілген оқушыларға тән:
- сабақ барысында басқа балаларға және мұғалімге кедергі келтіретін, шыдамсыздық танытатын (тіпті көмекшінің қолдау көрсетуімен) мінез- құлқында проблемасы бар оқушылар. Мамандардың міндеті және осындай сабақтардың табыстылығының көрсеткіші баланы сыныптың оқу жұмысына қосу, жалпы сыныпта тұрақты негізде оқыту болып табылады;
- бағдарламаны меңгеруде үлкен кемшіліктері (артта қалуы) және оқытудың айқын қиыншылықтары байқалған кезде жеке бағдарлама бойынша оқыту және/немесе оқытудың баламалы және арнайы әдістерін пайдалануды талап ететін оқушылар. Оқушы негізгі жалпы білім беру пәндерін (ана тілі, әдебиеттік оқу, математика) арнайы кабинетте жеке және топтық сабақ түрінде өтеді. Жеке оқу бағдарламасымен оқытуды арнайы педагог арнайы оқытудың әдістері мен арнайы оқулықтарды қолдану арқылы жүргізеді. Зияты зақымдалған оқушыларға ПОҚ жағдайында негізгі оқу пәндерін оқыту оқытудың барлық кезеңіне берілуі мүмкін. ПОҚ жағдайында оқытудың қажеттілігі мен ұзақтығы туралы шешімді пмпк ұсынысы немесе мектептің шешімі бойынша қабылдайды.