«Суретті есіңе сақта» ойыны. Мақсаты: көру, есін және зейінін дамыту. Қажетті құралдар: бала санына қарай ойын үйлестірмелері,
Ойынның жүру барысы: Әр балаға ойынға арналған үлестірмелерді таратады және зейін қойып назарларын аударуын сұрайды. Балалар кезекпен жауап беріп отырады. Кейін үлестірмелерді ауыстырады. Үлестірмелі парақшада зейін қабілетін дамытуға арналған тапсырмалар. Ойын осылай жалғаса береді.
«Ұқсас сөздер» ойыны. Мақсаты: синонимдерді анықтау дағдыларын, қабылдауын дамыту.
Барысы: «Балалар бұл ойында мен атаған сөзге ұқсас сөз айтуларың керек». Мысалы: «үлкен» сөзін ұсынады, балалар: «ірі, дәу, зәулім». Мейрімді – жанашыр, жылы жүрек, жақсы. Аласа – кішкентай, биік емес және т.б.
Арт-терапиялық әдістерді қолданудағы ойын-жаттығулар: Изотерапия «Ылғал қағаз бетіне сурет». Мақсаты: АРТ-терпия әдісін пайдану арқылы, бала қиялын, ұсақ моторикасын дамыту. Алдын ала ылғалданған қағаз бетіне акварельмен сурет салу. Мүмкіндігінше қанық бояуларды қолданған дұрыс. Бояулар бірімен бірі қалай араласатынын бақылау. Пайда болған бейнеге ат қою. Аяғында сурет талданады.
Су терапиясы «Балықтар» жаттығуы.Судың ішінде жүзіп жүрген балықты қармақпен бір балықты ұстап алып шығу. Сиқырлы балықтың қояр сұрағына балалар жауап беру.
Құм терапиясы. «Құммен ойын». Құм ойыны арқылы бала қиындықты жене білуді үйренеді, қорқыныш, ұялшақтық сезімнен арылып, өмірді танып біледі. Құмнан түрлі мүсіндер жасау арқылы бала өзінің ішкі жан дүниесін, қобалжуын, қорқыныш сезімін жеңе алады.
М.Монтессори әдістерімен жұмыс. Қол қимылының мидың дамуына әсері қол мен саусақ жаттығулары дене мен ми жұмысын реттейді. Белгілі педагог В.А Сухомлинский былай деген, “Бала ақылы – саусақтың ұшында орналасқан”.
«Құмырадағы пипетка» Мақсаты: қолдың қимыл қозғалыстарын дамыту. Зейінін шоғырландыру. Қажетті құралдар: су толтырылған пластмасса ыдыс, пипетка. Құмыра түрлі түсті жолақтармен бөлінген.
«Моншақтарды пинцетпен ауыстыру». Мақсаты: ұсақ қимыл қозғалыстарын дамыту. Қол саусақтарының қимылдарын жетілдіру. Үйлестік. Қажетті құралдар: кішкене ыдыста ұяшықтары бар тұғырнама, пинцет және моншақтар салынған ыдыс. Ыдыстағы моншақ саны ұяшықтағы моншақ санына тең болуы керек. Барлық бұйымдар түстері бойынша бір-біріне сәйкес.