Ерекше жандар



Дата27.09.2023
өлшемі18,23 Kb.
#110370
Байланысты:
Ертек


Ерекше жандар
Ерте, ерте, ертеде дейін десем, қазіргі таңның ғажайыбы болса керек. Бойында керемет күші бар дейтін бір топ ‘ерекше адамдар’ жайлы осыдан жиырма жыл бұрын дерлік айтылған деседі. Қазір ше? Неге қазір олар жайлы ақпарат жоқ? Әлде есі кіресілі- шығасылы ғалымдар өз экспериментіне пайдаланды ма? Әлде үкімет берген бұйрықпен олар тегіс қырылды ма? Бірақ қайдам, ондай күшім болса оңайлықпен берілмеймін-ау…
Жап- жарық аспан. Тып-тыныш көшелермен үнсіз серуендеп Асылайым келеді. Қолында дүкеннен алған сүйікті мандарин шырыны мен аздаған жемісі бар. Көше бойында белгісіз бір шыққан дыбыстар алаңсыз келе жатқан Асылайымның ойын бөлді. Дыбыс көше қиылысындағы бұрыштан естілетіндей. Асылайым ақырын адым басып, кешкі салқындағы тыныштықты бұзған дауыстардың шығу ошағына бет бұрды. Шыққан дауысқа қарағанда біреу жылап не күліп отырғандай. Жақындай келе сығалай қараған Асылайым үлкенірек екі қыздың өздерінен кіші сыныптағы бір қызды келемеждеп күліп тұрғандарын көрді. Ал әлгі қыз байғұс болса жыламсырап отыр екен. Бұндай әділетсіздікті көрген Асылайым белді бекем буып, араша түсуге ұмтылды.
-Бұларың не? Өздеріннен әлсізге әлімжеттік көрсетуді керемет көріп тұрсыңдар ма?,- әлгі бұзақы екі қыздың бірі Асылайымға тәкәппар көзқараспен қарап, елемегендей тіл қатты:
-Иә, кереметпіз. Өз жолыңмен жүргенің дұрыс.
Бұндай жамандыққа жаны қас Асылайым кішкентай қызды қолынан көтере, өзімен ала ұмтылды. Бұзақы қыздар да қуа жөнелді. Асылайым негізі бұзақы қыздармен жасты, сырттай таниды десек те болады, алайды тікелей байланысқа түспеген. Себебі, өмір жолында ол келеңсіздікке тап келетіретін, бұзақылық жасайтын қатарластырымен араласпауға тырысатын. Алайда, біреуге қысым көрсетуге жаны қас жан. Осылайша, Асылайым бір бұрылысқа бет бұрып, жиналған қоқыстың артына кішкентай қызды ала тығылып, жауып қалды. Аяқ дыбыстары өте жақын естілді. Екінші қыздың жүгіре жеткен ентігі естілді:
-Қап, екеуі қайда кетті екен?
-Осы маңнан ұзамады. Дұрыстап қарап, сазайларын берейік!-, осы сәтте кішкентай қыздың қолы әлдебір затқа тиіп, қатты дауыс шығарды. Екі бұзақы қыз үндемей дыбыс шыққан қоқыс жанына ұмтылып:
-Тығылатын жерді тауыпсыңдар!?,- деп қоқысты тебе итеріп қалып еді ешкімді көрмеді. Ары қарап, бері қарап тіміскілеп, ештене таба алмай аңтарылып тұрғанда қоқыс қалдықтары бір-бірден, өзді-өздігінен ұшып қыздарға тие берді. Зәрелері қалмай, өздігінен ұшқан заттардан қорыққан екі бұзақы қыз алды- артына қарамай безе жоғалды. Бұл оқиғадан соң олар кешкі уақытта бұндай көше бұрыштарында енді жүрмейді-ау. Осы сәтте ештене түсінбей аңтарылып қалған кішкентай қыз Асылайымның өзі де білмеген қырынан хабардар болды. Асылайым- көрінбейтін қасиетке ие еді. Осыдан соң екеуі етене жақын танысып, құрбы болуға серттесті.
Жоғарыда айтып кеткен ‘ерекше жанның’ бірі Асылайым осылайша әлімжеттік көрген жаңа достарына жақсылығын жасап, жақсы ортасын құрыпты.
Гүлназ Тлебалдықызы

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет