Ересек топ балаларын мәдени іс-әрекетке тәрбиелеу



бет1/2
Дата16.12.2023
өлшемі22,95 Kb.
#140044
  1   2

Ересек топ балаларын мәдени іс-әрекетке тәрбиелеу
Ынтықбай Дана Жандосқызы
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті,
Қазақстан, Алматы қ., email: dana.yntykbay@mail.ru

Мақала жазудағы мақсатым мектепке дейінгі білім ұйымдарында берілетін мәдени тәрбие бойынша толығырақ мәлімет беремін. Мектепке дейінгі жастағы баланың рухани мәдениетінің дамуы балалар бақшасы мен жанұя арасындағы қарым- қатынастың тығыздығы артқан сайын ойдағыдай жүзеге асады. Балалардың рухани мәдениетінің дамуының тамаша нәтижелерін көбіне ата-аналары Балалар бақшасындағы тәрбие программасын білетін, тәрбиешілердің ақыл-кеңестерін таңғылықты тыңдайтын жанұялардан байқауға болады, ол тәрбиешілер жанұя тәрбиесінің жақсы тәжірибесін, жанұя өмірі жағдайларын зерттеп біледі. Балаларды рухани мәдениетке тәрбиелеудегі педагогикалық процестерді ұйымдастыру мен методикалық басшылық ету ерекшеліктерін түсіндірудің алдында мектепке дейінгі балалық шақтың әр сатысының негізгі міндетін саралап шығуға мүмкіндік беретін балалардың жас ерекшеліктері сипаты ескеріледі.


Педагогика рухани мәдениетті қалыптастыруды бала өмірінің алғашқы жылынан бастап моральдық сананы, адамгершілік сезімдер мен әдеттерді, адамгершілік мінез-құлықты қалыптастырудың мақсатқа бағытталған белсенді процессі ретінде қарастырады. Балалар бақшасында бұл процесс мектепке дейінгі балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, рухани мәдениетті қалыптастыру принциптерінің рухында жүзеге асырылады. Рухани мәдениетті қалыптастыру нақты моральдық қасиеттер негіздерін қалыптастырудан көрінеді.
Түйін сөздер:
Бала, рухани мәдениет, эстетикалық мәдениет, ата-ана, педагог, естияр топ балалары
Мектепке дейінгі естияр жастағы балаларды рухани мәдениетке тәрбиелеуді жүзеге асыруда тәрбиеші олардың мүмкіндіктерінің үш-төрт жастағы балдырғандарға қарағанда анағұрлым көп екендігін қатаң ескеру қажет. Балалар бақшасына барған балалар төрт жасында белгілі бір тәжірибе жинақтайды, онымен педагогтың санасқаны жөн. Ең алдымен ол: құрбыларымен қарым-қатынас тәжірибесі, барлық балаларға ортақ нормалы педагогтық талапты орындау тәжірибесі. Бұл бірлескен толқулар тәжірибесі, ортақ қуаныш, ортақ қамқорлық ал кейде әр түрлі себептермен байланысты балдырғандардың реніштері. Бес жасар баланың дамуы, салыстырмалы түрде ширақтығы, ептілігі және қимылының сенімділігі көптеген бірлескен іс-әрекетті жетілдіріп, олардың өзара түсінүсуіне алғы шарт жасайды. Бес жасқа жаңа ғана толған баланың салыстырмалы түрдегі ширақтығы, ептілігі және қимылының сенімділігі көптеген бірлескен іс-әрекетті жетілдіріп, олардың өзара түсінуіне алғы шарт жасайды.
Бес жасқа жаңа толған баланың салыстыралы түрдегі өз бетімен істеуі балалар іс-әрекетіне педагогикалық басшылық сипатын өзгертуді, кейбір топ балаларына олардың өзара қарым- қатынасты өз беттерімен істейтініне, ойындардың мазұнынын дамытатына сене отырып, балаладың бұл мүмкіндіктерін, олрдың алғашқы жарты жылдағы өздерін өздері ұйымдастыру табыстары әлі де тұрақсыз және де балалардың іс- әрекетін тәрбиеші тарапынан үнемі зейін қоюды талап етеді, ойындар ойнауға материал береді.


Еріктік даму шегі мен ілгерілеуді ескерген жөн. Бұл жастағы балалар есту және көру белгілеріне өзінің іс- әрекетін бағындыра отырып, оларға тез жауап қайтарып (тоқтау, қимылды қайталау, сөзбен жауап қайтару т.б.) бірте-бірте өзінің импульстік қозуын шектеуге, педагог пен құрбыларын ұстамдылықпен тыңдауға бірте-бірте үйренеді. Бұл - ұстамдылыққа, мінез- құлықты ұйымдастыруға тәрбиелеу үшін алғы шарт жасайды.
Бес жасар баланың көпшілігі фонетикалық дыбыс ырғағын дұрыс меңгеріп, дауыс ырғағы грамматикалық және синтаксистік тұрғыдан дұрыс болады, бұл - балалардың өзар жеңіл, еркін түсінісіп, ойынның түпкі мазмұны туралы келісіп, өз сөйлеміндегі ойдың дұрыстығын дәлеледейді.
Осы жастағы балалардың мінез-құлқы өте қарама-қайшы. Бұл балалардың өздеріне-өздерінің сенімсіздігінен және сонымен қатар өз бетімен істеуге тырысуынан, қиқарлық көрсетуінен, сонымен бірге тәрбиелік шараларға берілуінен көрінеді. Психологтар мен педагогтар балалардың дамуындағы өзгерістерді үлкендермен бірге жасаған іс-әрекеттен өз бетімен істейтін іс- әрекетке көшудің әсерінен деп есептейді.


Балалардың қылықтарынан олардың өзара қарым-қатынасынан жағымды қасиеттері аңғарылады, олар тұрақты бола отырып, мейірімділіктің, сыпайылықтың, шыншылдықтың, ұйымшылдықтың және балалар арасындағы достық қатынастың болуына кедергі келтірудің (өзгелермен санаспау, санасқысы келмеу, жолдастарын өзіне бағындыру) негізін жасайды.
Баланың өзіне тән жеке дара қылығын және оның көңіл-күйін ол арқылы өз құрбыларымен тез қарым-қатынас жасайды, олармен бірге ойнағанда ойынды жеңісті түрде дамытады, үлкендердің еңбектегі тапсырмаларын орындайды. Жағымды өзара қарым-қатынасты дамыту үшін көп әрі мазмұнды ойнауға, күн сайын еңбектенуге, сабаққа ынтамен қатысуға, балаларға әр түрлі іс-әрекетте өзін белсенді көрсетуге мүмкіндік беру өте маңызды. Атап айтқанда, мазмұнды іс-әрекет мұнда балалардың біріне-бірінің кешірімді болуына өзінің пікір жөнінде басқалармен үнемі келісуіне болады. Коллективтік өзара қарым-қатынастың алғашқы тәжірибесін, баланың моральдық көрінісінің негізін, қалыптастырады.
Осы жастағы балаларға қызықты да сыйымды бірігіп жасаған іс-әрекеттер (бірге ойын ойнау, бірге жалпы сабақтар оқу, тұрмыстық процестерге қатысу еңбектік міндеттерді орындау) балалардың мейірімді өзара қарым- қатынастарын қалыптастыратын басты шарт. Іс-әрекет жағымды эмоциялық көрініс тудырады, ол көрініс әлеуметтік сезімнің дамуына негіз салады және құрбыларының арасында мінез-құлықтың тұрақты дағдылары мен әдеттерінің алғашқы пайда болуына мүмкіндік жасайды.
Балалардың өзара қарым-қатынасы жаңадан қалыптаса келе жатқан кезеңде де тәрбиешінің белсенділік бет алысы қажет-ақ. Алғашқы бірге ойнаудан-ақ тұрақты достық ниеттің қалыптасуына, тәрбиелік тұрғыдан бағалы нәтижелерге жетуге қол жеткізу керек.
Қоғамдық мекемелердегі балалардың өмірі олардың бірге ойнауына, оқу мен еңбектік іс-әрекет процесіне жақсы жағдай туғызады және бірлесе отырып, күш жұмсаудың арқасында алға қойған мақсаттарға жетуге талаптану мен қол жеткізуге тәрбиеленеді. Балалардың бірлескен қоғамдық негізге бағытталған әрекеттерінің әуендері сол іс-әрекеттің өзін және оның нәтижесін жоғарырақ дәрежеге көтереді. Осы әуендерге сай әрекет ете отырып, балалар мақсатты және бірлесе еңбектенеді, бір-біріне көмектеседі, туындаған міндеттерді табысты шешеді.
Тәрбиеші әр баланың өз қалауына, ықыласына, бейімділігіне қарай істі
таңдап алуына, белсенділік пен инициатива көрсетуі жөнінде қамқорлық
жасауы маңызды, мақсатқа бағытталған тәрбиеде бала үш жастың өзінде-ақ белгілі бір ойындар мен сабақтарға мән береді, мұның өзі оның қызығушылығы, бейімділігі жөнінде мәліметтер береді. Төрт жастағы балаларда құрбылармен бірге ойнау талаптары анық байқалады: бала бірге іс-әрекет жасайтын жолдастарды іздейді, ол тек бірге ойнаған ойындардың өзінен ғана емес, жолдастарымен араласудан да қуанышқа бөленеді.
Балалардың өзара қарым- қатынасты бір-біріне деген мейрімділіктің көмек көрсете білудің қалыптасуының, ойын ережесін түсіндірудің, қуыршақтарды бірлесе жинаудың, топтағы тәртіптін сакталѵын қадағалайды. Балалардың өзара қарым- қатынасты бір-біріне деген мейрімділіктің көмек көрсете білудің қалыптасуының, ойын ережесін түсіндірудің, қуыршақтарды бірлесе жинаудың, топтағы тәртіптің сақталуын қадағалаудың дәрежесіне қарай беки түседі. Балалардың өз құрбыларымен араласуына қойылатын талаптарды түсінуі, бұл талаптарды орындау тәсілдерін меңгеру балалардан тек өз бетімен істеуді дамытуды ғана қамтамасыз етеді.Құрбыларымен бірге ойнағысы келу ықыласымен қатар ол өзінің білетінін өзгеге уйретуге тырысуы, өзінің алған әсерлері жөнінде жолдастарымен пікірлесуі араласуға себеп болады.
Ойынның ережелерін меңгере отырып, бала өз қимылдарын басқа балалардың қимылдарымен келістіруді үйренеді. Мінез-құлық ережелері мен нормаларын басқалардан бұрын меңгерген балалар осы ережелер мен нормаларды бұзған өз меңгерген балалар осы ережелер мен нормаларды бұзған өз жолдастары жөнінде тәрбиешіге жиі шағым жасайтындығы байқалады. Мұндай шағымдардың нашар қылықтың көрінісі емес екендігін есте ұстау керек. Педагогқа тәртіптің бұзылғандығы туралы белгі бере отырып, бала өзінің ережені меңгерудегі білімін дәлеледейді. Бірақта балалардың бір-біріне жиі шағым жасауы олардың өзара қарым-қатынаста тату еместікке әкеліп соғуы мүмкін екендігін ескеру қажет: өзінің құрбысы жөнінде шағым жасаған бала өзінің өзгеден артық екендігі жөнінде шағым жасаған бала өзінің өзгеден артық екендігі жөнінде түсінік болады. Ал үстінен арыз айтылған да зәбір шегеді, шағымшыға кектенеді. Тәрбиеші балалардың бір-біріне мінез-құлық ережелерінің бұзылғанда, бірден үлкендерге йтпай, әуелі өздері түсінісуіне әдеттендіріп, үйретеді.
Мишаның құтыдағы гүл тұрған терезеге ойнағанын көріп, оған шағым айтқан Сашаға тәрбиеші: Мишаға көмектесіп, қораптағы мозайканы терезеден столға қойып, столда ойнаған ыңғайлы болады, - деп ескертеді.
Жыл ортасында естияр жас тобындағы балалар шектен тыс жағдайда ғана жолдасы жөнінде шағым айтады. Ойыннан соң қуыршақтарды жиюды, жабыстырғаннан кейін клеенканы жууды ұмытқан балаға, қасықты орнына қоймаған кезекшіге, балалардың өздері ескертіп, кейде көмектеседі. Тек ережені орындаудан біреулер бас тартқанда ғана педагогқа айтады. Жолдасқа ережелерді еске салу, қиын сәтте көмектесу, мейірімділікке тәрбиелеу қажет.

Балаларға қойылған талаптар әділ болуға тиіс, ал міндеттер орындай алатындай дәрежеде болуға тиіс. Үлкендердің айтқанын орындамау бір балаларға реніш әкеледі, жасқаншақ болып, ұялады, ал екіншісі - тілазар болып, әдетте тәрбиелеуге көптеген қиындықтар жасайды.


Балаға бір нәрсеге рұқсат бергенде, немесе тыйым салғанда, шектеудің мақсатын ойластырған және тапсырманы орындай алатындығына назар салған жөн.Үнемі балаларға бір нәрсеге (тиіспе, айғайлама, жүгірме, шықпа) тыйым салушы тәрбиешілерде тәртіп бұзушылар көп кездеседі. Неге? Өйткені ұсақ-түйектен аса алмаған педагог балаларды да сыйламайды, оларға сенбейді. Сондықтан ондай олқылықтардың алдын алған жөн.

Обучение взрослых детей культурной деятельности


Интыкбай Дана Жандосовна
Казахский национальный женский педагогический университет,
Казахстан, Алматы, электронная почта: dana.yntykbay@mail.ru

Моя цель при написании статьи — подробнее рассказать о культурном образовании, предоставляемом в дошкольных образовательных учреждениях. Развитие духовной культуры ребенка дошкольного возраста реализуется по мере усиления связи детского сада и семьи. Отличные результаты развития духовной культуры детей часто можно наблюдать в семьях, родители которых знакомы с образовательной программой детского сада, прислушиваются к советам воспитателей, а сами воспитатели изучают передовой опыт семейного воспитания и условия семейной жизни. Прежде чем объяснить особенности организации педагогического процесса и методического руководства воспитанием детей к духовной культуре, учитывается характер возрастных особенностей детей, что позволяет выделить основные задачи каждого этапа дошкольного детства.


Педагогика рассматривает формирование духовной культуры как целенаправленный активный процесс формирования нравственного сознания, нравственных чувств и привычек, нравственного поведения с первого года жизни ребенка. В детском саду этот процесс осуществляется в духе принципов формирования духовной культуры с учетом возрастных особенностей дошкольников. Становление духовной культуры отражается в формировании основ конкретных нравственных качеств.
Ключевые слова:


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет