Ерік еркіндігі мәселесін зерделеу және түсіндіру


Абайдың «Толық адам» концепциясы



бет2/3
Дата25.11.2023
өлшемі2,54 Mb.
#127205
1   2   3

Абайдың «Толық адам» концепциясы.

  • Абайда адам жаратылысының жан сыры туралы жүйелі де, жемісті таным бар. Абайдың «Он жетінші» қара сөзінде «толық адамның» мәні мен негізіне үңілген белгілі бір жүйе бар. Сол жүйені мынадай күйде көруге болады:
  • а) толық адам: ақыл, қайрат, жүрек;
  • ә) ақыл, жүрек;
  • б) жуанмәртілік: ақыл, рақым, әділет;
  • в) жүрек: әділет, рақым, мейірім,сүю, т.б.
  • г) әділет;
  • д) сүю;
  • е) ізгілік, қайырымдылық, бақыт.
  • Ақынның өзі айтқандай, адамда екі түрлі қуат бар: жан қуатымен ақыл таппақ та, тән қуатымен мал таппақ, еңбек етпек. Ақын екеуінің де адалдықпен болғанын қалайды. Және осы ойының жүйелі түрде қалыптасқан таным екенін кейінгі өлеңдерінде сапалы өсудегі қайталауымен дәлелдеп отырады.

Толық дадам концепциясы.

  • Ақын толық адам туралы танымын өмірінің соңына дейін алып барады. 1902 жылы жазылған «Тоты құс түсті көбелек» атты мәні терең өлеңінде тағы да осы үш қасиеттің тұтастығын танығандай боламыз. Адамзат үшін қажет үш қасиеттің осы шумақтағы бөлінбес бірлігін кездейсоқ құбылыс дей алмаймыз. Абай адам бойындағы барлық асыл қасиеттер мен қабілеттерді бір орталыққа біріктіріп, оларды өзі таныған үш қасиет арқылы толық адам бойына жинақтайды. Ақыл,қайрат, жүрек үшеуінің «бір кеудеден табылып,одан толық адам туатын танымы - ұлы ақынның зор табысы.

Алаш қайраткерлерінің философиясындағы еркіндік және тәуелсіздік идеялары

  • Алаш қайраткерлерінің философиясындағы еркіндік және тәуелсіздік идеяларына келсек, олардың түпқазық идеясы – қазақ мемлекеті. Ол үшін ата-баба қанын төгіп қорғаған, сақтап қалған, мыңдаған жылдар бойы ешқайда көшпей, тұрақты мекен еткен жерді бөлшектемей, жатжұртқа таптатпау, сатпау, жерден айрылғаның барлық байлықтан, дәулетіңнен, құт-берекеңнен айрылу, өлу, өшу деген сөз; мемлекеттік басқару дәстүрлерді сақтай отырып, алдыңғы қатарлы Еуропа, Америка, Жапония үлгісіндегі қағидаттарға негізделген демократиялық сайлаушылар арқылы жасалған жүйелермен жүру керек; бұл ретте ешкімнің нәсіліне, жынысына, дәулетіне байланысты шектеу жоқ; шикізат емес, ұқсатып жасаған, пайда әкелетін өнім шы­ғару мемлекет әрекетінің ең бірінші шарты; қазақ тілін дамыту, оқулықтар, сөздіктер жасау, мектептер, университеттер ашу; өз ақшасын шығару, әскер құрып, елді - мемлекетті қорғау керек деген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет