Ерік еркіндігі мәселесін зерделеу және түсіндіру


Алаш қайраткерлерінің философиясындағы еркіндік және тәуелсіздік идеялары



бет3/3
Дата25.11.2023
өлшемі2,54 Mb.
#127205
1   2   3

Алаш қайраткерлерінің философиясындағы еркіндік және тәуелсіздік идеялары

  • Алаш қайраткерлері ұлттық сана-сезімді мемлекеттік деңгейге көтере білді. Алаш партиясы сол қиын уақыттардағы тығырықтан шығуға бағытталған шешімдер жиынтығын ұсына білген қазақ даласындағы алғашқы саяси ұйым еді. Алашшылардың негізгі ұраны осы күнге дейін өзінің өзектілігін жоғалтпаған елдің береке-бірлігі болды. Алашордашылар заман ағымына сай өздерінің позициясын табандылықпен қорғап қана қоймай, әккі саясатты да ұстана білді. Алаш қозғалысының басты мақсаты – мемлекеттік басқару жүйесін құру, елдің даму жолын таңдауда ұлттық болмысқа ден қою, Ресейдің ішкі губернияларынан қазақ жеріне шаруаларды жаппай қоныстандыруды доғару, әлемдік озық тәжірибелерді негізге ала отырып қазақ қоғамын жаңғырту болды.

Алаш қайраткерлерінің философиясындағы еркіндік және тәуелсіздік идеялары

  • Қазақ зиялылары әрдайым ұлттың ұлттық, туған тілі туралы, мәдени ғана емес, сондай-ақ саяси ерекшелігі ретінде де мән беріп, қамқорлық жасады. Бүгінде, мемлекеттік тіл мен басқа да тілдердің дамуы мәселесі жүз жыл бұрынғыдай тәуелсіз Қазақстан үшін маңызды болып қалуда. Өз дербестігімізді сақтап қалу үшін біз бар күшімізді ағартуға және жалпы мәдениетке салуымыз қажет; ол үшін біз алдымен, туған тілдегі әдебиетті дамытумен айналысуымыз қажет деген тұжырымдар жасайды. 

Қорытынды.

  • Дәрісімізді қорыта келсек, жеке тұлғаның еркіндігі адамның қоғамдағы әлеуметтік және құқықтық жағдайының негізі болып табылады. Оның қоғамдағы формалары төмендегідей:
  • - адамға тән және оны басқа тірі заттардан ажырататын ішкі еркіндік;
  • - шектеу мен зорлық-зомбылықтан, теңсіздік пен қоғамдағы кемсітушіліктің әртүрлі түрлерінен еркіндік. Бостандық адамның қадір-қасиетіне қайшы келетін және құқықтарына нұқсан келтіретін іс-әрекеттерді жеке тұлғаға қатысты қолдануға тыйым салуда көрінеді;
  • - еркіндік – тұлғаның іс-әрекет сипаттамасы ретінде. Еркіндік адамның әлемге деген түрлі қарым-қатынасының түрлі нұсқаларын таңдауды болжайды.

Назарларыңызға рахмет!

Юп 22-3к



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет