Ерінгүлділер-Labiatae



бет4/4
Дата12.05.2022
өлшемі2,77 Mb.
#34089
1   2   3   4
                       Көк жалбыз

Еріндігүлділерде халық медицинасы мен медицинада дәрі ретінде пайдаланылатын өсімдік көп. Солардың бірі - көкжалбыз. Ол - биіктігі 1 метрге дейін жететін, жапырақтары ірі, сабағы тармақталған шөптектес өсімдік. Гүлдері төбе жапырақтардың қолтығында масақ тәрізді топтасып өседі. Тостағаншасы үлпілдек түкті, күлтесі - ақ немесе қызғылт түсті, ерін тәрізді. Аталығы - 4. Жемісі -жаңғақша. Маусымнан тамызға дейін гүлдейді. Халық медицинасында тынысалу, асқорыту мүшелері талаураған кезде пайдаланады



                                Кәдімгі жебір

Қазақстанда киікшөп деп аталатын кәдімгі жебірдің отаны - Жерорта теңізі. Ол - хош иісті, бұтағы тармақталған көпжылдық бұта. Гүлдері жапырақ қолтығында шоғырланып өседі. Гүлінің екі ерінді, бес тісшелі тостағаншасы болады. Жемісі - 4 жаңғақша. Мамыр, маусым айларында гүлдейді. Кәдімгі жебір - дәрілік өсімдік, қақырық түсіреді. Сондықтан халықтық медицинада оны көкжөтел, бронхит ауруы кезінде ауызды шаюға қолданады. Құрамында эфир майы болғандықтан, тіс пастасына, тазартқыш сабынға қосады.

Сәлбен

Сәлбен (шалфей) ерінгүлділер тұқымдастарының ең көп тараған түрі. Олардың 700-ге жуық түрі белгілі. Қазақстанда сәлбен туыстастардың 8 түрі бар. Сәлбен қоңыржай, субтропиктік және тропиктік аймақтарда көп тараған. Олардың дәрілік, эфир майы алынатын және сәндік түрлері бар. Сәлбенді халық «тіршілік шөбі» деп те атайды. Халықтық медицинада оның жапырағы ойық жаралы емдеуге қолданылады. Тұқымынан алынған тұнба бала көтеруге себепші болады деген ұғымдар болған. Сәлбен қазіргі медицинада да дәрілік өсімдік болып саналады. Жұпарлық сәлбен - эфир майы өндірілетін өсімдік. Жылтыр сәлбен, қызыл сәлбен, айқарылма сәлбен сәндік мақсатта қолданылады. Сәлбен - балды өсімдік. Гүл формуласы: Т(5)К(2+3)А2Ж(2).
  • Қырынан қарағанда гүлі аузын ашқан адамның кескінін бейнелейтін, үстіңгі 2 күлтесі - жоғары ерінді, астыңғы 3 күлтесі төменгі ерінді еске түсіретін өсімдіктер ерінгүлділер тұқымдасына топтастырылған. Бұлардың жапырақтары қарама-қарсы орналасады. Жапырағында бөбешік жапырақ болмайды. Ерінгүлділер - бұталы, шөптекті өсімдік. Сабағы - төрт қырлы.

Қолданылуы және Қорытынды
  • Ерінгүлділердің әр түрлі эфир майын көп мөлшерде өндіруде маңызы зор. Олардың көпшілігі медицинада дәрі-дәрмекке пайдаланылады. Мәселен, дәрілік жөтелшөп. Халықтық медицинада демікпені, асқорыту мүшелерінің талаурауын емдеуге және жүйкені тыныштандыруға пайдаланылады.
  •  Ерінгүлділер тұқымдас өсімдіктердің тағамға пайдаланылатын да түрлері (кәдімгі жұпаргүл) бар.
  • Гүлшетен, лаванда, молдавандық жыланбас, көкжалбыз және басқа өсімдіктер парфюмерия өнеркәсібіне шикізат есебінде пайдаланылады. Өте хош иісті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет