Ерітіндіні флаконнан алу



бет4/9
Дата14.05.2023
өлшемі0,67 Mb.
#92990
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Тері астылық инъекция

  • Біраз тереңірек, оны 15 мм тереңдікке жасайды. Тері астылық инъекция жасағанда ірі тамырлар мен жүйке жолдары жақын жерлерге жоламау керек. Инъекция жасауға неғұрлым ыңғайлы жерлер: сан мен иықтың сыртқы жағы, жауырын асты аймағы, іштің алдыңғы қабырғасы. Иненің ұзындығы - 20 мм, кесілген жері - 0,4 мм.
  • 1) Инъекция жасайтын жердің терісін спиртке матырылған екі домалақ мақтамен екі рет өңдеңіз, алдымен үлкен аймақты, содан кейін инъекция жасайтын жерді;
  • Сол колмен теріні түбі төмен қараған үшбұрышты қыртысқа жинайды;
  • 3) Оң қолдың екінші саусағымен инені, бесінші саусақпен -поршеньді, ал қалғандарымен цилиндрді ұстайды,
  • 4) Инені тез жылдамдықпен сол қолдын 1 және 2 саусақтарының арасынан үшбұрыштың табанына 45° бұрышпен кесілген жерін жоғары қаратып 1-2 см терендікке (иненің ұзындығының 2/3) кіргізеді. Сүк саусақпен иненін канюлясын ұстап тұрады:
  • 5) Сол қолды поршеньге ауыстырыңыз да дәрілік затты ақырындап енгізіңіз. Шприцті бір қолдан бір қолға ауыстырмауға тырысыңыз:
  • 6)Инені канюлясынан ұстап тұрып, шығарып алыңыз. Спиртке матырылған залалсызданған мақтамен инъекцияның орнын басыңыз;
  • 7) Мақтаны теріден алмай инъекцияның орнын сәл уқалаңыз.

Тері астына егу әдісі, мақсаты, асқынулары

  • Мақсаты:
  • Дәрілік затты теріасты май қабатына егу. Бір рет егілетін ерітіндінің мөлшері 1-2 мл ден аспау керек.
  • Қарсы көрсетпелері:
  • Дәрілік заттарға аллергиялық реакция болғанда, ине егу орнындағы тері мен теріасты клетчатка жарақатының кез келген түрінде.
  • Ине егуге болатын орындар:
  • Иық пен санының сыртқы бөлігі, жауырын асты аймағы, іштің алдыңғы қабырғасы.
  • Қажетті заттар:
  • 1-2 мл шприцтер, ұзындығы 4-5 см ойығы жіңішке ине, дәрі дәрмек заттар, 70' спирт, залалсыздандырылған мақта шариктері.

Іс- әрекеттер:

  • Іс- әрекеттер:
  • Дәрінің атын, мөлшерін қай уақытқа дейін қолдануға болатын мерзімін ұқыпты оқып, сосын ашыңыз.
  • Ампула мойнын спиртке малынған тампонмен өңдеп, сосын ашыңыз.
  • Дәріні керекті мөлшерде сорып алып, инені ауыстырып, ауасын шығарыңыз.
  • Инеге қалпақты кигізіп пакет немесе астаушаға салыңыз.
  • Инъекция жасайтын жердің терісін спиртке батырылған мақта шаригімен сүртіңіз.
  • Мақтаны дез ерітіндіге салыңыз. Сол қолмен инъекция жасайтын жерді үшбұрышты етіп жиыстырыңыз.
  • Шприцті оң қолыңа, екінші саусақпен инені канюлядан, бесінші саусақпен поршеньді, қалғанымен цилиндрді ұстаңыз. 45 градус үшбұрыштың түбіне иненің қиылысын жоғары қаратып 2-3 см тереңдікке салыңыз. Екінші саусақпен инені канюлядан ұстап тұрыңыз.
  • Шприцті оң қолмен ұстап тұрып сол қолдың 2-3 саусақтарымен цилиндрдің жиегін ұстап, ал бірінші саусақпен поршеньді итеріп, дәріні жіберіңіз.
  • Инъекция жасаған жерді спиртке батырылған шарикпен басып, тез қимылмен инені суырып ал да шарикті басып аздап уқалаңыз.
  • Ескерту:Майлы ерітіндіні қолданудың алдында 38'C жылы су моншасына қыздырып, сонан кейін ғана қолдану керек.
  • Асқынулары:Асептика ережесінің бұзылуы мен доғал инені қолданудың салдарынан жергілікті қабыну процесі және дене қызуының көтерілуі болуы мүмкін. Гипертониялық ерітіндіні қателесіп егу, тіндерінің өліеттенуіне ( некроз) әкеледі. Майлы ерітіндінің тамыр ішіне енуі дәрі эмболиясын тудыруы мүмкін. Шприц пен иненің залалсыздандыру және зарарсыздандыру жеткілікті болмаған жағдайда вирусты гепатит пен ЖҚТБ тің жұғуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет