Ерітіндіні флаконнан алу


Көк тамырға дәрі дәрмектерді тамшылатып жіберу ерекшеліктері, системаны құрастыру



бет8/9
Дата14.05.2023
өлшемі0,67 Mb.
#92990
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Көк тамырға дәрі дәрмектерді тамшылатып жіберу ерекшеліктері, системаны құрастыру

  • Көк тамырлық иньекция мен көк тамырға тамшылатып құю тәсілі.
  • Көк тамырлық инъекциялар көбінесе венепункция (инені көк тамырға тері арқылы енгізу), кейде венесекция (көк тамырды кесу) арқылы жүргізіледі. Көк тамырлық инъекциялар тері астылык және бұлшық еттік инъекцияларға қарағанда өте жауапты шара. Оны әдетте дәрігер немесе арнайы оқытылған мейірбике орындайды, өйткені көк тамырға енгізгеннен кейін дәрілердің қандағы мөлшері, дәрілерді енгізудің басқа түрлеріне қарағанда, анағұрлым тез өседі. Көк тамырлық инъекция жүргізгендегі кателіктердің салдары науқас үшін өте қатерлі болуы мүмкін. Көк тамырлық инъекциялар көбінесе шынтақ бүгісі көк тамырына, білек пен саусақтың беткей көк тамырларына, кейде аяқ көк тамырларына жасалынады. Венепункция жасағанда науқастың қолы мейлінше жазылған күйде болуы үшін оның қолының астына шағын клеенкалы жастықша қойылады. Тек көк тамыр қысылатындай, ал артериядағы қан айналымы сақталатындай күшпен пункция жасалатын жерден жоғары бұрау салынады, Көк тамырдың толуын арттыру үшін науқасқа саусақтарын бірнеше рет ашып жұмуын өтінеді. Инъекция жасайтын жерді спиртпен мұқият өңдейді. Сол қолдың саусақтарымен шынтақ бүгісінің терісін біраз тартқан жөн, бұл көк тамырды бекітуге мүмкіндік беріп, оның қозғалғыштығын шектейді. Венепункцияны әдетте екі сатымен орындайды: алдымен теріні, содан кейін көк тамырды теседі. Көк тамыр жақсы дамыған болса, онда тері мен көк тамырды бірге тесуге болады, Иненің көк тамырға дұрыс түскені инеден қан тамшыларының көрінуімен анықталады. Егер ине шприцпен қосылып түрса, онда иненің көк тамырға дұрыс түскенін бақылау үшін итергішті өзіне қарай біраз тартқан жөн: шприцте қанның пайда болуы иненің дұрыс тұрғанын дәлелдейді. Содан кейін алдында салынған бұрауды шешеді де дәріні көк тамырға ақырындап енгізеді.

Инені алып, орнын спиртпен тағы бір рет өңдегеннен кейін сол жерді залалсызданған мақтамен бастырады немесе 1 -2 минутқа таңып тастайды.

  • I. Көк тамырлық инъекция жасаудың реті.
  • Жабдықталуы: шприцке арналған залалсыздандырылған шағын леген, инесінің ұзындығы 10 см бір реттік шприц, ішінде 70% спирті бар тығынмен жабылған ыдыс, залалсыздандырылған домалақ мақталар, ұсталынған материялдарды салуға арналған шағын леген, залалсыздандырылған қолғаптар, тонометр, фонендоскоп, шокқа қарсы заттар.
  • 1. Инъекцияның қашан және қайда жасалатыны туралы науқасқа айту.
  • 2. Препаратқа жеке сезімталдығын анықтау.
  • 3. Қолды ағынды жылы сумен сабындап мұқият жуу.
  • 5. Қолды спиртпен өңдеу.
  • 6. Дәрілік заты бар шприцті дайындау.
  • 7. Қолғапты кию.
  • 8. Науқасты отырғызу немесе шалғасынан жатқызу.
  • 9. Науқастың қолын шынтақ буынында толығымен жазу.
  • 10.Шынтақ бүгісінің астына клеенкалы жастық немесе орамал төсеу.
  • 11Шынтақ бүгісінен 10 см жоғары жерге матаның үстінен (жалаңаш
  • денеге емес) жеткілікті қысылған жгут салу.
  • 12,Кәрі жілік артериясындағы пульс жақсы анықталатынына көз жеткізу.
  • ІЗ.Көк тамырдың толуын жақсарту үшін науқасқа бірнеше рет жудырығын жұмып ашуын сұрау.
  • 14.Шынтақ бүгісінін терісін 70% спиртке батырылған залалсыздандырылған мақтамен өңдеу, 2-3 рет бір бағытта жоғарыдан төмен қарай (инъекция аймағы - 4x8 см; алдымен кеңірек, содан кейін тура ине салатын жерді).
  • 15.Тесу үшін неғұрлым толған жэне колайлылау көк тамырды таңдау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет