Ерітіндіні флаконнан алу


Сол қолдың саусактарыньщ ұшымен сол көк тамырдың үстіндегі теріні білекке қарай біраз тартып, көк тамырды бекіту



бет9/9
Дата14.05.2023
өлшемі0,67 Mb.
#92990
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
561067.pptx

16Сол қолдың саусактарыньщ ұшымен сол көк тамырдың үстіндегі теріні білекке қарай біраз тартып, көк тамырды бекіту.

  • 16Сол қолдың саусактарыньщ ұшымен сол көк тамырдың үстіндегі теріні білекке қарай біраз тартып, көк тамырды бекіту.
  • 17.Салуға апнап дайындшіған инені немесе шприцті оң колга алу.
  • 18.Көк тамырдың үстіндегі теріні және көк тамырдың қабырғасын бірден тесу немесе тесуді екі кезеңмен жүргізу-алдымен теріні, содан кейін көк тамырдың кабырғасына жакындатып, оны тесу.
  • 19.Ине көк тамырда екендігіне көз жеткізу, бу_л үшін шприцтің поршенін өзіне қарай сәл тарту - сонда шприцке қан түсуі керек.
  • 20Мейірбике науқасқа жүдырыгын ашуды өтінеді де жгутты шешеді.
  • 21. Дэріні жайлап енгізу. Дәріні соңына дейін енгізбей, ауа көпіршіктерін шприцте қалдыру керек.
  • 22.Тескен жерге спиртке батырылған домалақ мактаны сол қолмен басу.
  • 23.Оң қолмен инені көк тамырдан шығару.
  • 24.Науқастың қолын қан ағуы тоқтғанша бірнешс минутка шынтақ буынында бүгу.
  • Көк тамырға құю әртүрлі ерітінділерді көп мөлшерде (3 - 5 л жэне одан да кеп) енгізу үшін қолданылады; ол инфузиялық емнің негізгі әдісі болып табылады. Көк тамырлық құю айналымдағы қан көлемін толтыру, су-электролиттік балансты және ағзаның қышқыл-негіздік жағдайын қалыптастыру, ауыр аурулар, уланулар кезіндегі интоксикацияны жою қажет болғанда қолданылады. Егер дәрілік затты тез енгізу қажет болса (шок, коллапс, ауыр қан кету), онда көк тамырға ағынмен құю қолданылады, Егер дәрілік зат қан тамырына акырын енуі қажет болса, онда тамшылатып енгізу қолданылады. Ерітіндінің көп мөлшерін ұзақ (бірнеше тәулік бойы) енгізу кажеттігі туғанда көк тамырды катетрлеу (көбінесе бұғана асты) немесе венесекция қолданылады.

 Көк тамырға құюды жургізудің реті.

  • Жабдықталуы: шприцке арналған залалсыздандырылған шағын леген, инесінің ұзындығы 10 см бір реттік шприц, ішінде 70% спирті бар тығынмен жабылған ыдыс, залалсыздандырылған домалақ мақталар, ұсталынған материалдарды салуға арналған шағын леген, залалсыздандырылған қолғаптар, тонометр, фонендоскоп, шокқа қарсы заттар.
  • 1. Қолды ағынды жылы сумен сабындап мұқият жуу.
  • 2. Қолды 70% спиртпен өңдеу.
  • 3.Флаконның металл дискасын спиртпен өңдеу, залалсыздандырылған пинцетпен металл қақпағын алу.
  • 4. Резеңке тығынды спиртпен, йодпен, содан кейін тағы да спиртпен өңдеу.
  • 5. Жүйенің қысқа инесімен тығынды тесу және де басқа - ұзын инені - кіргізу - «ауалық» («ауалық» иненің ұзындығы флаконның биіктігінен аз болмауы керек).
  • 6. Флаконды төңкеру.
  • 7. Көк тамырға тамшылатып құюға арналған штативке флаконды бекіту.
  • ысқа ине аркылы сұйытық жүйеге барып жатқанына көз жеткізу.
  • 9. Ұзын иненің ұшы флаконның түбіндегі сұйықтық деңгейінен жоғары тұруын және ол арқылы флаконға ауа барып жатуын қадағалау.
  • 10.Жүйені түгелімен ерітіндіге толтыру, ол үшін жүйенің ұзын түтігінде орналасқан қысқышты ашып, сұйықтық түтіктің шетіндегі канюля мен науқастың көк тамырына енгізуге арналған инеге дейін жеткенше тосу, содан кейін қыскышты жабу.
  • Қалып қойған ауа көпіршіктерін жүйеден ығыстыру, ол үшін инеге арналған канюлясы бар түтіктің шетін ұстап түрып, оны төңкерілген флаконнан жоғары көтеру, көпіршіктер қабырғадан бөлініп, түтіктің сыртқы тесігінен шыққанша түтіктің қабырғасын аздап қағу.
  • 12.Инені көк тамырға енгізу (ретін I бөлімнен көріңіз).
  • 13Қысқышты алу немесе ашу бірнеше минут бойы көк тамырдың айналасының ісінбеуін, ауырсынбауын кадағалау. Тамшылатып кұюдың жылдамдығын реттеу (дәрігердің тағайындауымен).
  • 15.Инені залалсыз сүлгімен жабу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет