«Еркіншілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» кмм «Емтихан кезіндегі стресстен қалай арыламыз?» тренингі Педагог-психолог: Жайсанбаева Е.Ә



Дата03.05.2023
өлшемі15,94 Kb.
#89567
Байланысты:
«Емтихан кезіндегі стресстен алай арыламыз » Ма саты


«Еркіншілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

«Емтихан кезіндегі стресстен қалай арыламыз?»
тренингі
Педагог-психолог: Жайсанбаева Е.Ә.

2022-2023 оқу жылы

«Емтихан кезіндегі стресстен қалай арыламыз?»




Мақсаты: Қатысушыларды стресс жағдайынан арылудың негізгі әдістемелерімен таныстыру.
Керекті құралдар: Доп, қағаз және автоқалам
«Ең қиын» жаттығуы
Жүргізуші: Кімде-кімнің қолына доп түссе, сол «Емтихандағы ең қиыны бұл...» деген фразамен кез-келген біреуге доп лақтырады. Ол сол қиын жағдай туралы баяндап емтиханға байланысты қиындықты айтып, әрі қарай анықтай түседі.


Емтиханға дайындалу. Стресске қарсы тұру.
Мақсаты: Берілген сұрақтар бойынша қатысушыларды қадағалап, проблемаларын анықтау.
Сауалнама сұрақтары:

  1. Қалай ойлайсың, сен стресске ұшырадың ба?

  2. Стресс жайында материалдар оқып па едің?

  3. Стресс белгілерін білесің бе?

  4. Сен қалай ойлайсың, стресс саған кері әсерін тигізе ме?

  5. Стрессті бейтараптау жаттығуын білесің бе?

  6. Келе жатқан емтиханға байланысты қандай сезімді басыңнан өткеріп жүрсің?



Тақырыптың ұсынылуы
Жүргізуші: Емтихан тапсыру оңай емес. Оны қиындататын адамның қорқынышы, мазасыздануы, уайымдауы болып табылады. Қатты толқу мен мазасыздану мұқияттылықты төмендетіп, ойын шоғырландыруға керу әсерін тигізеді. Бірақ бұл қалып саналы түрде реттеуге көнеді. Емтиханға байланысты үрей, қорқыныш жағдайын бағындыруға, жеңуге байланысты бірнеше психологиялық әдістер бар. Біз бүгін солармен танысамыз.
Ақпарат.
Өз қорқынышыңды, үрейіңді жеңудің әдістері бар. Жай, бірақ өте тиімді әдіс – аутотренинг. Аутотренинг формуласы бізге жат сана-сезімімізге тікелей бағытталады.
«Аутотренинг формуласы» жаттығуы
Жүргізуші: Ережені басшылыққа алып, аутотренинг формуласын өзің құрастыр. Қатысушылар өздері құрастырған формуланы пайдалануға болады. Бұл жаттығуды орындағаннан кейін талқылау жүреді:
Аутотренинг формуласын құрастыру қиын немесе оңай болды ма?
Формула құрастыру барсысында не көмектесті, не кері әсерін тигізді?
Рефлексия.


Сабақты қорытындылау.
Жүргізуші: Бүгін біз тек үрейді бағындырудың бір ғана әдісін үйрендік. Ол аутотренинг формуласын құрастырып, сол формуламен жаттығуды үйрендік. Келесі сабақта біз үрей, қорқыныш, мазасыздануды бағындырудың психологиялық әдістерін үйренеміз. Өз-өзімізге қалай көмектесуді ұйымдастырамыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет