35
диаграмма, графика, карта, сызбалар және әртүрлі нұсқаулықтардан тұрады.
Контекстік (ситуациялық) тапсырмалар – білім алушылардың жағдаяттарды
талдау біліктерін айқындауға, осы жағдаятта өзінің стратегиясын ашып,
негіздеуге, оның шешімін табудың тиімді нұсқасын таңдап алуға мүмкіндік
беретін тапсырмалар. Олар оқушының меңгерген математикалық академиялық
білімін өлшемейді, олар оқушылардың білім мен дағды деңгейін анықтап,
академиялық білімдерін әртүрлі өмірлік жағдайларда қолдана білуін (өмірлік
дағдылар) тексереді. Тапсырманы орындау барысында оқушылар математикадан
алған базалық білімдерін қарапайым жағдайда пайдалана білуді ұсынады.
Математиканың қолданбалы бағыты шынайы өмірдегі кездесетін
проблемаларды сипаттайтын математикалық тілде берілген есептер. Мұндай
есептерді шешуде оқушылардың математикалық алған теориялық білімдерін
өмірмен ұштастыра отырып қолдануға көмектеседі. Есептер шығару арқылы
оқушылардың кәсіби іс-әрекеттік дағдыларын қалыптастыруға септігін тигізеді.
Сонымен қатар, қолданбалы есептерді шығару арқылы есептің мазмұнына сай
алынған шешімі бойынша оқушының өмірлік мәселелердің шешімін табуда
ойлау қабілеті мен танымдық белсенділігін қалыптастыруда басты құрал болып
табылады.
Адамның күнделікті өмірлерінде белгілі бір өнімдер мен тауарларға деген
қажеттіліктің туындауы бұл өмір сүрудің негізі болып табылады. Алайда, осы
қажеттілікті қанағаттандыру үшін оған ұмтылып, еңбектену керек. Ал осы
еңбектің нәтижесіне қол жеткізу үшін, мектепте оқытылатын әртүрлі пәндерден
жинақтаған білімді тәжірибемен, өмірмен үйлестіре отырып жүзеге асыру қажет.
Мәселен, Архимед өз дәуірінде математиканың қолданбалы бағытын
эллипстің ауданын табу арқылы жүзеге асырды. Ол пропорция мен
фигуралардың ұқсастығы негізінде эллипспен шектелген ауданды шеңбердің
ауданын табу формуласын қолдану арқылы анықтады:
2
,
Достарыңызбен бөлісу: