Еркишева жазира сабыровна



Pdf көрінісі
бет17/82
Дата08.12.2023
өлшемі3,14 Mb.
#135092
түріДиссертация
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   82
шенб
эл
s
R
s
ab


=
=

Осылайша, оқушыларға математикалық білімнің өмірлік қажеттіліктерді 
қанағаттандыратын қолданбалы қасиеттері бар екендігін дәріптеген. Демек, 
оқушыларға математиканы оқытуда шынайы өмірдегі мәселелерді шешуде оның 
қолданбалы тұстары мен тәжірибелік маңыздылығын әрбір есепті түсіндіру 
барысында көрсету орынды.
Сондай-ақ, математиканы оқыту барысында қолданбалы аспектілерді 
жүзеге асырудың бір жолы – сабақта қолданбалы (практикалық мазмұнды) 
есептерді шығаруға үйрету болып табылады. Сондықтан математикалық теория 
мен практиканы ұштастыруда қолданбалы есептердің атқаратын рөлі зор. 
Осыған байланысты математиканың қолданбалы бағыты бойынша 
Қазақстан және ТМД елдерінің бірқатар әдіскер-ғалымдары Н.А.Терешин [86], 
И.М.Шапиро [93,б.5], Н.В.Вахрушева [96], М.В.Егупова [97], А.Б.Дмитриева 
[98], Р.А.Садвакасова [31, б.105], А.К.Бекболганова [99], Е.А.Тұяқов [100], 
Д.Б.Тойбазаров [72] және басқалардың зерттеулерінде осы мазмұнда жазылған 
жұмыстары кеңінен танымал. Аталған авторлар өз зерттеулерінде қолданбалы 
есептің және тәжірибеге бағытталған тапсырмалардың анықтамасын жасады.


36 
Математиканы оқытудың «қолданбалы бағдарына» берілген анықтаманы 
ескере отырып, әдебиеттерде кездесетін «қолданбалы есеп» және «тәжірибеге 
бағытталған тапсырмалар» терминдерінің анықтамаларын қарастырайық. 
Педагогикалық әдебиеттерде бұл ұғымды түсіндірудің әртүрлі тәсілдерін табуға 
болады.
Н.А.Терешин қолданбалы есептің анықтамасын «математикадан тыс 
қойылған және математикалық әдістермен шешілетін есеп», - деп түсіндіреді [86, 
б. 7].
Е.В.Егупованың пікірінше «қолданбалы есептер деп мектеп математика 
курсының көмегімен шешілетін нақты өмірлік жағдаяттар негізінде 
мазмұндалған тапсырмалар», - деп түсіндіреді [97]. 
А.Б.Дмитриеваның айтуынша қолданбалы есепті «нақты ситуациялық 
жағдайды сипаттайтын және математикалық әдістермен шешілетін есеп», - деп 
түсіндіреді [98, б. 13].
И.М.Шапиро «Практикалық мазмұнды математикалық есепті (қолданбалы 
сипаттағы тапсырма) сюжетіне байланысты оқу пәндеріндегі математиканың 
қолданбалы бағытын ашатын, қазіргі заманғы өндірістің, қызмет көрсету 
саласында, күнделікті өмірде тұрмыс тіршілікте қолданумен байланыстыратын 
есеп» ретінде көрсетеді [93, б. 5-6].
Ал Л.М.Фридман осындай қолданбалы есепті 
мәтінді есептер 
деп 
түсіндірді. Ол мәтінді есептер деп белгілі бір сандық сипаттамаларды табу үшін 
белгілі бір сюжеттермен сипатталатын есептерді айтады [94,б.67].
И.М.Смирнова және В.А.Смирновтың еңбектерінде «
практикалық 
мазмұнды есептер
деп математикалық мазмұны сабақтас пәндермен ұштасып
еңбек іс-әрекеттерін орындаумен, тұрмыс, қызмет көрсету саласы, заманауи 
өндірістің 
технологиясы 
мен 
экономикасы, 
ұйымдар, 
құрылыстар, 
ғимараттармен байланысқан және шынайы өлшемдерімен тұжырымдалған 
қолданбалыесептерді түсінеміз», - деп берілген [101]. 
Қолданбалы есептер оқушылардың математикалық біліктері мен 
дағдыларын дамытып қана қоймай, олардың кеңістіктік ойлауы мен 
сауаттылығын дамыту құралы болып, алған білімін өмірімен ұштастыруға, 
еңбекпен байланысты іс-әрекеттермен қолдана білуге көмектеседі. Олардың 
басты артықшылығы - оларды шешу үшін олардың мазмұны бойынша қандай 
теориялық материалдарды қолдану керектігін бірден түсінуге болмайтындығы. 
Мұндай есептердің математикалық моделін іздеу, яғни қайта тұжырымдау 
берілген жағдаяттың математикалық түсініктемесін беруге саяды [100, б.77]. 
А.К.Бекболғанова «қолданбалы есептерді күнделікті өмірге қажетті 
жағдайлармен 
байланысқан 
алдын 
ала 
математикалауды 
қамтитын 
тапсырмалар», - деп түсіндіреді [99, б.17].
Е.А.Тұяқов «қолданбалы есептерді контекстік есептер ретінде қарастырды. 
Контекстік есептер деп күнделікті өмірде тәжірибелік қажеттілікке бағдарланған 
есептерді айтады» [102].
Д.Б.Тойбазаров өзінің диссертациялық жұмысында «қолданбалы есеп – бұл 
ғылымның, техниканың және нақты әлемнің әртүрлі салаларында пайда 
болатын, математикалануы тиісті мәселе», - деп қарастырды [72, б.67].


37 
Сонымен, жоғарыдағы ғалымдардың берген анықтамаларын талдай келе, 
біздің ойымызша қазіргі таңдағы математиканы оқытудың жаңартылған 
мазмұнының талаптарын орындау мақсатында Н.А.Терешин, Е.В.Егупов және 
Е.А.Тұяқовтың ұсынған анықтамалары мектеп математика курсындағы мәтінді 
есептерді оқып-үйретуде қолданбалы есептердің мәні мен маңыздылығын дәлме-
дәл көрсетеді. Өйткені 2017 жылдан бастап Қазақстан Республикасында Ұлттық 
бірыңғай тестілеу (ҰБТ) жаңартылған тәртіпке көшіп, тест тапсырмаларына 
міндетті түрде «Математикалық сауаттылық» пәні қосылды. «Математикалық 
сауаттылық» пәнінде логикалық және қолданбалы сипаттағы тапсырмаларды, 
сонымен қатар PISA, TIMSS және т.б.халықаралық зерттеулердің 
тапсырмаларында да осындай қолданбалы сипаттағы тәжірибелік бағдары бар 
және контекстік тапсырмаларды қамтиды. 
Өкінішке орай, бүгінде жалпы білім беретін мектептің математика курсында 
қолданбалы есептерге тым аз уақыт бөлінеді. Қазір мектептің математика пәнінің 
мұғалімдері қолданбалы есептерді шешуге іс жүзінде уақыт бөлмейді, өйткені 
олар есептің бұл түрін шешуге тым көп уақыт кетеді, ал оқу нәтижесі тым аз деп 
есептейді. 
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы 
№ 348 бұйрығымен бекітілген бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің 
мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарында оқушылардың білімін күнделікті 
өмірде пайдалана білуін қалыптастыруға баса назар аударылды. Мәселен, негізгі 
орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында «Математика 
және информатика» білім беру саласының мазмұны келесідей талаптарды 
қамтамасыз ету көрсетілген: 
- математиканың әлемдегі рөлін айқындау және түсіну қабілетін 
қалыптастыру; 
- математиканы ғылымның әмбебап тілі, құбылыстар мен процестерді 
модельдеудің құралы ретінде түсіну; математиканы оқыту кезінде орта білім 
беру деңгейлеріндегі сабақтастықты, пәнаралық және пәнішілік байланыстарды; 
жалпы орта білім беру деңгейінде оқуды жалғастыруға және сабақтас пәндерді 
оқуға, оларды күнделікті өмірде пайдалануға қажетті базалық математикалық 
білім мен біліктерді меңгеру; 
- функционалдық сауаттылықты, логикалық ойлауды, кеңістікті елестетуді, 
математиканың түрлі тілдерін (сөздік, символдық, талдамалық, графикалық) 
пайдалану қабілеттерін, әртүрлі нысанда берілген ақпаратты қабылдау және сын 
тұрғысынан талдауды дамыту. 
Осы стандартта математика пәні бойынша жаңартылған мазмұнына 
оқушылардың қоршаған әлемнің математикалық заңдылықтары туралы 
түсініктерін жүйелеу және дамытуды, математикалық құралдар мен әдістерді 
тәжірибеде ғылым мен практиканың әртүрлі салаларында мағыналы есептерді 
шешуде қолдана білуі, қолданбалы сипаттағы міндеттерді шешу үшін теориялық 
білім негізінде алған білімдерін кез келген өмірлік жағдайларда функционалдық 
сауаттылығы мен бәсекеге қабілеттілігін көрсетуде қолдана білуі тиіс деген 
талаптар қойылды [103]. Осылайша, жалпы білім беретін мектептерде 
математикалық есептердің мазмұнын жаңарту функционалдық сауаттылықты 


38 
және сыни ойлауды дамытуға, сонымен қатар алған білімді күнделікті іс-
әрекетте қолдана білуге бағытталды.
Математиканы 
оқыту 
процесінде 
оқушылардың 
функционалдық 
сауаттылығын дамыту және алған білімдерін күнделікті өмірлік іс-әрекеттерде 
пайдалануға үйрету үшін мектептегі математика сабақтарында практикалық 
мазмұнды есептерді шығару қабілеттерін дамыту олардың математикалық 
құзыреттіліктерін қалыптастырудың бір әдісі ретінде қарастырылуы қажет. 
Күнделікті өмірде адамдар үнемі белгілі бір жағдайларды шешуге тап болады. 
Көбінесе мектеп оқушылары нақты өмірде туындаған қиындықтарды шешу үшін 
көп күш салуға тура келеді: олар неден бастарын, қалай әрекет ету керектігін, 
қандай шешім қабылдаған дұрыс екенін білмейді. Оқушылардың өмірде өз 
жолында кездесетін есептерден қорықпауы үшін мектеп курсында шындықты 
көрсететін, математикалық әдістермен оңай шешілетін есептерді талдау қажет.
Осыдан 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет