Еркишева жазира сабыровна



Pdf көрінісі
бет13/82
Дата08.12.2023
өлшемі3,14 Mb.
#135092
түріДиссертация
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   82
Қаржылық сауаттылық – бұл адамның өмір 
сүру жағдайларын жақсартуда жинақтаған белгілі бір қаржылық білімі
дағдыларын жетілдіре отырып, ақпараттандырылған және цифрлық қоғамда 
күнделікті өмірлік қажеттіліктерінде қаржылық құзыреттерді игеру
». 
Бұл анықтамаға барлық ақшалай шығындарды түсіну мен сауатты 
жоспарлауды кіргізуге болады. Қаржы сауаттылығы - бұл адамның өз табысы мен 
шығынын басқара алу, ақшаны дұрыс жарата білу, үлестіре білу және оларды 
сауатты түрде көбейте білу қабілеті. Басқа сөзбен айтқанда, қаржы сауаттылығы – 
қаржы жеткіліктілігіне қол жеткізіп, өзін дамыту деңгейін өмір бойы сақтай білу 
мүмкіндігін беретін білім.
Сонымен бірге, қapжылық cayaттылық бұл адамның бeлceнді өміpлік 
ұcтaнымын қaлыптacтыpады, экoнoмикaлық oйлayын дaмытады, caлaдaғы 
жayaпкepшілік пeн aдaмгepшілік мінeз-құлыққa тәpбиeлeйді.
Қарапайым математикалық есептеулерді кез-келген адам ауызша, жазбаша 
немесе калькулятордың көмегімен жасай алады, ал экономикалық саладағы 
арнайы есептеулерді жасау үшін олардың қаржылық сауаттылығы болуы керек 
[24, б.5].
C.Sawatzki идеясын қолдай отырып, жастарымыз ХХІ ғасырда жан-жақты 
дамыған, білім мен ғылымды өзара ұштастыра алатын сауатты да, ізденімпаз, 


25 
білімге құштар, коммуникативті, ақпараттық технологияны жетік меңгере 
алатын тұлға болуы тиіс деп ойлаймыз. 
Қаржылық білім мен оның өнімдерін дұрыс тұтыну бойынша түсіндіру 
жұмыстарын ұйымдастыру шаралары өнеркәсібі дамыған елдерде де кең 
таралған. Бұл елдерде халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру бойынша 
шұғыл шаралар қабылдауға мәжбүрлейді [67, б. 270].
АҚШ, Ұлыбритания, Австралия сияқты дамыған елдерде 2002-2003 
жылдары қаржылық білім сапасын арттыру бойынша ұлттық жобалары іске 
асырылған, ал 2006 жылы Чехия бұл саладағы ұлттық стратегияны қабылдаған 
[68, б.172] Басқаша айтқанда, көптеген елдер үшін қаржылық білім беру 
мемлекеттік стратегия мен саясаттың деңгейінде қарастырылған.
Францияда оқушыларға жалпы білім беру мен қатар экономикалық білім 
беруді талап етіп қойып, экономикалық мәселелерімен жүйелі түрде танысып 
отыру керектігіне баса назар аударылады. Франция мектептерінің 
математикадан оқу бағдарламаларына қолданбалы сипаттағы мынадай 
тақырыптар қамтылған: «Үй салудың сметасын жасау», «Әртүрлі көлікте жүру 
бағасын есептеу», «Комерциялық құжаттар». Бұндай тақырыптар оқушылардан 
есептеу дағдысын талап ете отырып, олардың бойында қарапайым қаржылық 
сауаттылықты 
қалыптастырады. 
Оқушылардың 
дағдысын 
дамыту 
математикалық мәтінді есептер арқылы жүзеге асады. Франция лицейлерде 
таңдау пәндерін әдеби, экономикалық, ғылыми бағыт бойынша таңдауды 
ұсынады. 
Германияда, 
сондай-ақ 
Швейцарияда 
мектептегі 
білім 
беру 
бағдарламасының үш опциясы бар: 
1) гуманитарлық ғылымдар (тілдер, әдебиет, өнер); 
2) әлеуметтік ғылымдар (экономика, әлеуметтану); 
3) техникалық ғылымдар (математика, жаратылыстану ғылымдары, 
инженерия). 
Германияның жалпы білім беретін орта мектептерінде экономикалық-
қаржылық есептеулер математикалық білім берудің ажырамас бөлігі болып 
табылады. Оқушыларға экономикалық есептерді, атап айтқанда сауда-
саттықтағы пайызды есептеу, пайда мен шығынды, сақтандыру, жай және 
күрделі пайыздарды есептеу үйрету арқылы кәсіби бағытта заман талабына сай 
тәрбиелейді, экономикалық есептеудің басты мәні ақша қаражатын тиімді 
пайдалану керектігін түсіндіреді.
Жапонияда мұғалімдер оқушыларға Жапонияның сыртқы байланыстарын,
экономикасының даму ерекшеліктерін және ішкі әлеуметтік процестерін ашып 
көрсетуді өздерінің міндеті деп санайды. 
Корейлер білімді табысты мансаптың негізгі шарты болып табылады деп 
санап, білімді дәстүрлі түрде жоғары бағалайды. Оқуға деген құлшыныс қоғамда 
жоғары бағаланады және отбасының мықты қолдауымен сүйемелденеді. 
Әлеуметтік-экономикалық жағдайы оқу үлгеріміне сыни тұрғыдан әсер етпейді, 
жетістікке жету кілті болып табылатын еңбекқорлық пен қажырлы еңбекке жиі 
үйретеді, ал Кореядағы әлеуметтік ұтқырлық деңгейі жоғары болып табылады.


26 
Осыған байланысты ең қызықтысы АҚШ тәжірибесі, онда бұл мәселе өткен 
ғасырдың 80-90-шы жылдарының тоғысында биліктің жіті назарында болды. 
АҚШ мектеп оқушыларына мектеп математика курсында кең көлемде 
қамтылған тұтынушы арифметикасы, салықтар, ақша жинау мен салым, 
отбасылық бюджетті құру және т.б. сұраныстарға ие болатын сұрақтар 
төңірегінде «Қолданбалы математика», «Шынайы өмір арифметикасы», 
«Күнделікті өмір математикасы» және т.с.с. арнайы математикалық 
басылымдарында берілген есептерді шығару арқылы, сатып алуда ұтымды 
шешім қабылдауға, қарызды төлеудегі ақылдылық пен сипайылыққа , ақшалай 
пайда табудағы өнерге секілді жалпы халыққа қажеттіліктерді қалыптастыруға 
үйретеді. Қазіргі уақытта АҚШ бұл мәселені шешудің әртүрлі формалары мен 
әдістерін қолдана отырып, халықтың қаржылық сауаттылығын арттыруға үлкен 
көңіл бөлуде. 
Сонымен қатар, дамыған елдердің оқушыларының қаржылық сауаттылығы 
жоғары екендігін PISA зерттеулерінің нәтижесінен де байқауға болады. Демек 
еліміздің қаржылық сауаттылығы жоғары болуы үшін әрбір адам қазіргі таңда 
қаржылық дағдыларын меңгеруі қажет. Атап айтсақ: 
-
қаржыға байланысты әртүрлі өмірлік жағдаяттардағы мінез-құлықтың 
лайықты үлгілерін әзірлеу; 
-
жеке және отбасылық қаржылық мәселелердің мүмкін болатын балама 
шешімдері туралы идеяларды қалыптастыру; 
-
таңдалған шешімнің оң және теріс салдарын болжай білу қабілетін дамыту. 
Дұрыс қаржылық шешімдер қабылдау, олардың ішінде айтарлықтай бөлігі 
күнделікті өмірдегі типтік мәселелерді шешу кезінде байсалды мінез-құлықты, 
ойлай қабілетінің ұшқырлығымен байланысты. 
Қаржылық сауаттылық адамның әл-ауқатының артуына ықпал ететіндігі 
туралы түсінікті қамтиды. Қаржылық сауаттылық ұғымы мазмұнына қарай көп 
өлшемді және көп құрамды ұғым, оның негізгі компоненттері: 
-
қаржылық білім; 
-
нақты жағдайларда қаржылық материалдармен жұмыс істеудің танымдық 
және практикалық дағдылары; 
-
қазіргі қоғамдағы күнделікті өмірдің қаржылық талаптарына жауап беретін 
іс-әрекет тәсілдері. 
PISA сарапшылары қаржылық сауаттылықтың негізгі компоненттерін 
оқушылардың қаржылық әлемнің негізгі элементтері туралы белгілі біліммен 
қанықтыру, олардың жеке қаржы және қаржылық өнімдер туралы не білетінін 
білу және түсіну деңгейін анықтауды мақсат еткен. Олар әзірленген 
материалдың мазмұны белгілі бір қаржылық терминдерді, ұғымдарды, 
категорияларды, қаржылық қызметтерді білу мен түсінуді болжайды. 
PISA бойынша қаржылық сауаттылыққа негізделген тапсырмаларды 
құрастыру кезінде мазмұндық, танымдық процестер, мәнмәтін бойынша үш 
өлшемді бағалау модельдерін қолданады. 
Қаржылық білімді қолдануға арналған тапсырмаларға қойылатын 
талаптарды шамамен екі топқа бөлуге болады: 1) «қаржылық арифметика» 
санатындағы талаптар қамтиды: ақша салу және ақша алу, барлық міндетті 


27 
шығындардан кейін қаражаттың қалдығы қандай болады, валюта айырбастау 
арқылы кейіпкер қанша теңге ала алады т.б.; 2) белгілі бір жағдайда жасалуы 
керек әрекеттерді анықтауды қамтиды. 
PISA зерттеуінде пайдаланылған үш өлшемді бағалау моделіне қосымша 
негізінде мектеп оқушыларының қаржылық құзыреттілік жүйесінде тіркелген 
қаржылық сауаттылықтың пәндік бағыттары мен құрамдас бөліктері 
қарастырылған. Бұл пәндік салаларға мыналар жатады:
1) кірістер мен шығыстар; 
2) қаржылық жоспарлау және бюджет; 
3) жеке жинақ; 
4) несие беру; 
5) инвестициялау; 
6) сақтандыру; 
7) тәуекел және қаржылық қауіпсіздік; 
8) тұтынушылардың құқықтарын қорғау; 
9) экономика туралы жалпы білім және қаржылық арифметика негіздері. 
Қаржылық сауаттылық бойынша тапсырмалар әртүрлі функционалдық 
сауаттылық тапсырмаларын қамтитын екі күрделі нұсқада қарастырылады. 
Әрбір нұсқада екі тапсырма қаржылық ақпаратты анықтау, екі тапсырма 
қаржылық контексте ақпаратты талдау, екі тапсырма қаржылық мәселені 
бағалау, ал екі тапсырма қаржылық білімді қолдануды талап ететін танымдық 
белсенділік түрлерімен қамтылған. 
Экономикалық категория ретінде қаржылық сауаттылық қазіргі уақытта кез 
келген елдің сарапшылары үшін зерттеу нысаны болып табылады. Халықтың 
қаржылық сауаттылығын арттыру мәселесінің өзектілігі қазіргі ғылыми 
әдебиеттерде осы тұжырымдаманың әртүрлі анықтамалары бар екендігіне және 
математиканы оқыту барысында қаржылық сауаттылықты қалыптастыру 
жолдарын зерттеу жұмыстарында көрсетті [69,70]. 
Отандық ғалымдарымыз да педагогика ғылымында экономикалық білім мен 
тәрбие беруді әртүрлі аспектіде зерттеген. Атап айтсақ, оқушылардың 
экономикалық мәдениеті мен экономикалық құзыреттілікті қалыптастыру 
мәселесі К.Ж.Аганина [71], Р.А.Садвакасова [31, б.96], Г.Р.Кощанова [32, б.83], 
В.В.Шестель [29], Д.Б.Тойбазаров [72], Ж.Н.Турганбаева [73] және т.б. 
еңбектерінде көрініс тапты. 
К.Ж.Аганинаның диссертациялық жұмысында жалпы білім беретін 
мектептің оқушыларына экономикалық білім берудің дидактикалық негіздерін 
айқындап, мектепте экономикалық білім беру арқылы оқушылардың 
экономикалық ойлауын дамытудың жолдарын зерттеді [71, б.7].
В.В.Шестельдің 
«Орта 
мектеп 
оқушыларының 
экономикалық 
сауаттылығын 
пәндік 
және 
кілттік 
құзыреттерді 
қалыптастырудың 
педагогикалық шарттары» атты диссертациялық жұмысында Қазақстан мен 
Қырғызстан мемлекеттерінің білім беру бағдарламаларын талдау арқылы 5-9 
сынып оқушыларының экономикалық сауаттылығын қалыптастырудың 
педагогикалық шарттарын анықтап, оның тиімділігін дәлелдеді [29, б.35].


28 
Д.Б.Тойбазаровтың диссертациялық жұмысында болашақ математика 
мұғалімдерін даярлау үшін математикалық пәндерді оқытуда қолданбалы 
есептерді 
шешуді 
оқыту 
әдістемесінің 
мәселелері 
қарастырылған. 
Математиканы оқытудың қолданбалы бағытын күшейту мақсатында 
экономикалық мазмұнды есептердің маңыздылығына тоқталды [72, б.71]. 
Ж.Н.Турганбаеваның диссертациясында кейбір экономикалық есептерді 
ықтималдықтар теориясы мен математикалық статистиканың мүмкіндіктерін 
пайдаланып оқытудың ерекшелігіне басты назарды аударып, оқушылардың 
стохастикалық ойлау қабілетін дамыту көзделген [73, б.97]. 
Диссертациялық зерттеулер мен ғылыми әдебиеттерді талдау қазіргі 
педагогикалық теория мен практикада экономикалық іскерлік дағдылар мен 
білімдерді қалыптастырудың қолданыстағы үлгілерін нарықтық қоғам 
сұранысындағы заманауи дағдылармен жетілдіру керек деген тоқтамға келдік. 
Қаржылық сауаттылық тек экономикалық негіздерін оқып үйрену кезінде 
ғана емес, сонымен қатар орта мектепте оқылатын математикалық пәндердің 
жеке жиынтығы негізінде қалыптасуы мүмкін екенін ескеру қажет. Айта кету 
керек, бұл жағдайда математика ерекше рөл атқарады, өйткені ол экономика мен 
қаржыдағы әртүрлі құбылыстарды сипаттауға, модельдеуге және болжауға 
арналған негізгі аппаратты ұсынады [74]. 
Осы тұрғыдан жалпы білім беретін мектепте оқытылатын пәндер арқылы 
оқушылардың қаржылық сауаттылығын қалыптастыру мәселесіне ресейлік 
ғалымдар М.И.Подболатова [75], А.Ю. Лазебникова [66, б.23 ], Г.С. Ковалева [19, 
б.34], Е.Л. Рутковская [76] көңіл бөледі. 
Математика – қаржылық білім мен математиканың теорияларын қаржылық 
сауаттылықпен үйлестіре отырып, белгілі мақсатқа жету үшін қолданылатын ең 
танымал курс [42, б.51]. 
Жоғарыда көрсетілген пікірлерді қолдай отырып, кез-келген жеке тұлға 
қаржылай сауатты болу үшін қаржы аясында білімі мен дағдысы қалыптасуы 
керек деп есептейміз. Сондай-ақ, қаржылық сауаттылыққа байланысты 
зерттеушілеріміздің жұмыстарын зерделей келе, жалпы математикалық білімнің 
құндылығы, негізінен «өмірлік тәжірибеде қолдану үшін, іргелес пәндерді оқу 
үшін, білімді жалғастыру үшін қажет болатын нақты математикалық 
білімдермен өлшенеді», - деген ойды түйіндедік.
Жоғарыда аталған анықтамаларда барлық зерттеушілер экономикалық және 
қаржылық сауаттылық ұғымдарын жеке тұлғаның экономикалық білімі мен 
дағдысы деп түсіндіріп, алайда жеке адамның жас ерекшелігін ескермегендігін 
байқадық. Мектеп оқушыларының қаржылық сауаттылығын қалыптастыру 
мәселесі бойынша көптеген ғалымдардың жұмыстарынан осы аталған екі 
ұғымды оқушы санасына сіңіру үшін мектеп курсында алған теориялық білімді 
экономикалық біліммен байланыстыра отырып, өмірде кездесетін қаржылық 
жағдайларды шешу, қаржы ресурстарын ұтымды пайдалану, қаржылық 
кедергілерді болдырмау, өз қаржысын үнемдей білуге үйрету деп түсіндіріп 
өткен. 
А.И.Тюнин [77] оқушыларға үздіксіз экономикалық білім беруді үш кезеңге 
бөлген: І-кезең (1-4 сынып) 6-10 жас; ІІ-кезең (5-9 сынып) 11-15 жас; ІІІ-кезең 


29 
(10-11сынып) 16-18 жас.Ол осы кезеңдерде оқушының жасына сай жүйелі түрде 
экономикалық үдерістерге араласуына, экономикалық біліммен қаныға бастайды 
деген. 
Ал шетелдік әдебиеттерді талдап, зерттеу барысында оқушыларға 
қаржылық білім беру саласындағы жетекші сарапшылардың бірі Джолин 
Годфридің [78] жұмысында жас ерекшелікке байланысты қаржылық 
сауаттылықты қалыптастыру кезеңдері бойынша өте жақсы ұсыныстарды атап 
өткен. Оның «
Как научить ребенка обращаться с деньгами» атты кітабында 
оқушылардың жастайынан қаржылық сауаттылығы мен мәдениетін дамытуға 
қажетті мәлімметтермен толықтырылған. Алайда американың білім беру жүйесі 
біздің білім беру жүйесінен айырмашылығын, АҚШ-тың менталиетінің 
өзгешелігіне қарай оның ұсыныстарының толықтай емес бізге қажетті 
ұсыныстары назар аударуға тұрарлық деп есептедік. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет