Еркишева жазира сабыровна



Pdf көрінісі
бет14/82
Дата08.12.2023
өлшемі3,14 Mb.
#135092
түріДиссертация
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   82
Бірінші кезең – 5 жастан 8 жасқа дейін.
Бұл кезеңде баланың ең қарапайым
математикалық есептеулер жасауды, сатып алу мен сатуда ақша не екендігін, 
оның құны мен мақсатын түсінуді, өзінің қалауы мен қажеттіліктерін ажырата 
алуды үйрене бастайды.
Екінші кезең – 9-12 жас
.Бұл кезеңде психологияда белгілі болғандай 
оқушының өзіндік санасы мен «Мен» деген ұстаным пайда бола бастайды. 
Сонымен қатар мектепте өзінің құрдастарымен бірге сәйкестендіру процесі 
жүреді. Осындай кезеңде баланың қажеттіліктерінің саны артып, қалауларына 
қол жеткізуге ұмтылып, мінез-құлықта өзгерістер пайда бола бастайды. Бұл 
кезеңде Д.Годфри баламен ата-анасы отбасы бюджетін бірге құруды, отбасы 
қажеттілігіне жұмсалған қаржыны бірге талқылауды, үйдің қосалқы 
төлемдерінің жұмсалған қаржыны есептеуге үйрете бастауы тиіс. Сонымен қатар 
үйдің азын аулақ қажеттіліктерін сатып акелуге жұмсау арқылы берілген 
қаражатты жеткізіп үйрену, ата-ана қаражаттың қалғанын міндетті түрде есептеу 
арқылы үнемшілдікке, ұқыптылыққа, сатып алған бұйымды қадірлей білуге 
дағдыландыру керек деп есептейді. 
Үшінші кезең– 13-15 жас.
Бұл жаста баланың мінез-құлқында өзгерістер, 
оның айналасындағы адамдардың өзіне қалай қарайтыны, өзін қалай 
бағалайтындығы туралы алаңдаушылық кезеңі пайда бола бастайды. Бұл кезеңде 
Д.Годфри осы жастағы балаға қаржылық дағдыларды дамыту мақсатында әрбір 
ата-анаға өз тәжірибелерін баламен бөлісу, қаржыны сақтау және жинақтауда 
балаға ұсыныстар жасатып үйрету, балаға кепілдік пен несиеге сатып алу 
технологиясының не екенін түсіндіру, жарнамалық роликтердің дәлдігі, 
адалдығы және құндылығын бағалауды, қажетті қаражатты үнемдеу мен 
мақсатты жұмсай білудің қажеттілігін түсіне алатын кезең деп тұжырымдайды. 
Төртінші кезең 16-18 жас
.Бұл жаста жасөспірім экономикалық өмірге 
бейімделу кезеңі болып табылады. Сонымен қатар бұл кезеңде жасөспірім жеке 
бюджетті өздігінше жүргізе алуға, қаржы құралдарының мүмкіндіктерін және 
қаржылық қызметтердегі тұтынушы міндеттерін түсіну, қаржылық мақсаттарға 
қол жетуде қалағанын таңдап, оған түсіндірме жұмыстарын жүргізе алуға 
қабілеті жете алатын кезеңі деп түсіндірген. 


30 
Сонымен жоғары көрсетілген кезеңдер бойынша әрбір буында оқушы 
қаржылық-экономикалық мәселелердің мәнін түсініп, әрбір қаржылық 
қызметтерді жасауда яғни сатып алу мен сатуда қарапайым математикалық 
есептеулердің көмегімен жүзеге асыруға болатындығын білуі қажет деп 
санаймыз.
Біз білім берудің барлық деңгейінде мектеп оқушыларының қаржылық 
сауаттылығын қалыптастыру қажет деп есептейміз, өйткені бұл мектеп 
түлектерінің одан әрі табысты бейімделуіне және олардың еңбек нарығындағы 
бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді. Ал қаржылық сауаттылықты 
қалыптастыру үшін орта мектеп оқушыларын қаржылық-экономикалық 
мазмұнды есептерді шығаруға үйрету маңызды, бұл олардың қаржы 
қатынастарына байланысты түсініктерін қалыптастырып, өмірлік мәселелердің 
шешімін табуға мүмкіндік береді.
Қаржылық-экономикалық мазмұнды есептердің мазмұнына тұтынушылық, 
ломбардттық, ипотекалық несие, өмір мен мүлікті сақтандыру мәселелері 
бойынша әлеуметтік маңызы бар терминдерді кіріктіріп, математикалық 
есептеулер аясында жүзеге асырған жөн. Бұл туралы және мектеп 
оқушыларының қаржылық сауаттылығын қалыптастырудағы мәтінді есептердің 
классификациясы мен маңыздылығын келесі параграфта қарастыратын боламыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет