Еркишева жазира сабыровна



Pdf көрінісі
бет31/82
Дата08.12.2023
өлшемі3,14 Mb.
#135092
түріДиссертация
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   82
Байланысты:
1 Диссертация Еркишева Жазира Сабыровна.

 
 


70 
2 МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН 
МӘТІНДІ 
ЕСЕПТЕРДІ 
ШЫҒАРУҒА 
ҮЙРЕТУ 
АРҚЫЛЫ 
ҚАЛЫПТАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ
2.1 Математиканы оқытуда оқушылардың қаржылық сауаттылығын 
қалыптастыру мазмұны мен әдістемесі 
Бүгінгі таңда әлемде адамның күнделікті өмірінде қаржылық 
сауаттылығының алатын орны ерекше. Экономика ғылымында математика пәні 
қорытынды жасап, шешім қабылдайтын қажетті құрал болып табылады. Сондай-
ақ, көптеген мәселелерді шешу барысында оқушыларға күнделікті өмірде 
кездесетін практикалық жағдайларда абстрактілі математикалық ұғымдардың 
қалай тиімді қолданылатынын көрнекі түрде көрсетуге болады. 
Математика – қаржы, экономика саласы мен математикалық әдістердің 
өзара байланысын жасап, қаржылық білім беру мақсаттарын жүзеге асыру үшін 
қарастырылатын танымал курс [42, б.51-52]. 
ХХІ ғасыр дағдысы ретінде танымал болған қаржылық сауаттылық 
тұжырымдамасы математикалық білім беру үшін жаңа сала болып табылады. 
Математиканың тығыз байланысы бар салалардың бірі – қаржы. Ал 
математикалық амалдар және ұғымдар (теңдеулер, функциялар, модельдер, 
бейнелер және т.б.) қаржылық зерттеулерде құрал ретінде пайдаланылады. Бұл 
жағдайға білім беру саласынан қарасақ, мынаны байқауға болады. 
Математикалық білім - бұл адамдардың қаржылық дағдыларын дамытудың 
өнімді саласы. Сонымен қатар, қаржылық контексттер математикалық білім 
берудің практикалық аймағын кеңейтеді. 
Математиканы оқыту арқылы қаржылық сауаттылықты қалыптастыру 
математикалық сауаттылықтың дамуына кең өріс ашады және сонымен қатар 
қаржылық сауаттылықты білім беру жүйесіне ХХІ ғасыр дағдысы ретінде 
біріктіру өте құнды мәнге ие. 
Оқыту процесі – оқу материалының мазмұны танымдық тапсырмалармен, 
мұғалімнің іс-әрекеті мұғалімнің дидактикалық әдістерімен, ал оқушылар 
танымдық әрекеттер жүйесімен бейнеленетін әдістемелік жүйе.
Оқушының математикаға деген қызығушылығын арттыру үшін, 
математиканы өмірмен байланыстыру мақсатында мұғалімдер үшін көп іздену 
жұмыстарын жүргізу қажеттілігі туындайды. 
А.М.Пышкало алғаш рет «оқытудың әдістемелік жүйесі» ұғымын енгізіп, 
оның құрылымдық компоненттерін «оқыту мақсаты, білім беру мазмұны, оқыту 
әдістері, ұйымдастыру формалары мен оқыту құралдары», - деп анықтаған (сурет 
5) [145]. 
5-суреттегі жүйеге сәйкес математиканы оқытудың әдістемелік жүйесі де 
оқыту мақсаттары, мазмұны, әдістері, құралдары мен ұйымдастырудың
формалары бойынша бес компоненттен тұрады. 
Академик А.Е.Әбілқасымова «Біз математиканы не үшін оқыту керек 
(мақсатты компонент), барлық математика кешенінен нені оқыту керек 
(мазмұны), қалай оқыту керек (әдістері, формалары және оқыту құралдары) 
деген сұрақтардың әрдайым кездесетінін және олардың әрқайсысына 


71 
математиканы оқыту әдістемесін оңтайлы жолға қою арқылы жауап алатынымыз 
анық», - деп тұжырымдайды [79, б.15]. 
Сурет 5 – Оқытудың әдістемелік жүйесі 
В.П.Беспальконың ойынша «Оқулық – педагогикалық жүйенің төрт 
элементін – оқыту мақсаттары, оқыту мазмұны, дидактикалық процестер, 
оқытудың белгілі бір ұйымдастырушылық формаларын бейнелейтін және 
оларды іске асыруға мүмкіндік беретін күрделі ақпараттық модель», - деп 
түсіндірген [146]. 
Осыған орай, математиканы оқытудың әдістемелік жүйесі деген сауалға біз 
оқу процесін жоспарлау, өткізу, бақылау және талдау үшін жасап беретін өзара 
байланысты компоненттердің жиынтығын, оқытудың біршама тиімділігін 
қамтамасыз ететін оқу материалын, ұйымдастыру формаларын, әдістерін және 
технологияларын таңдау деп жауап береміз. 
Мұғалім (оқыту субъектісі) оқытудың белгілі бір мақсатын қояды, оқу 
үдерісін жоспарлауды жүргізеді және оқыту мазмұнын іріктейді. Оқыту 
объектісі ретінде оқушылар шығады, мұғалім сабақты өткізеді, меңгерілген білім 
сапасына сәйкес бақылауды іске асырады, оқыту барысын талдайды, 
тұжырымдар жасайды. 
Заманауи мектептегі математиканы оқытудың мақсаттары – ең алдымен, 
оқушылардың логикалық ой-өрісі мен функционалдық сауаттылығын дамыту 
болып табылады. Жаңартылған білім мазмұны осы мақсат-міндеттерді шешуді 
және оқушылардың оқу іс-әрекеттерін, зерттеушілік дағдыларын, сыни тұрғыдан 
ойлауын қалыптастыруды көздейді. 
Математиканы оқыту процесін ұйымдастыруда жаңаша тәciлдepді, әдicтep 
мен озық тexнoлoгиялapды пайдалану оқушылардың бір-бірін үйрете жүріп, 
өздері үйренуіне бағытталады. Ол үшін алдымен үйрену мен үйретудің басты 
әдістемесі мен технологиясы ретінде белсенді оқыту әдіс-тәсілдерін таңдауы 
және оларды дұрыс ұйымдастыру қажет [73, б.62]. 
Оқытудың
мақсаты 
Оқыту процесін 
ұйымдастыру 
формасы 
Оқыту 
әдістері 
Білім беру 
мазмұны 
Оқыту 
құралы 


72 
Осыған байланысты білім беру мақсаттарын, сондай-ақ жалпы 
математикалық білімге қойылған мақсаттарды есепке ала отырып, оқушылардың 
алған математикалық білімдерін практикалық тұрғыдан шынайы өмірлік 
мақсаттарға қолдануды үйрету үшін математиканы оқытуда оқушылардың 
қаржылық сауаттылығын қалыптастырудың әдістемелік жүйесін құрастырып, 
оның ішіндегі компоненттерін айқындауға тырыстық. 
Математиканы 
оқытуда 
оқушылардың 
қаржылық 
сауаттылығын 
қалыптастыру әдістемесінің мақсаты – пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру 
арқылы оқушыларға экономикалық ұғымдарды, мәтінді есептерді шығару 
арқылы практикалық дағдыларын қалыптастыру, математикалық білімдерін 
жетілдіру, ойлау қабілетін кеңейту, қаржылық қызмет көрсететін салаларды 
қамтитын нақты өмірлік экономикалық-қаржылық мәселелерді математикалық 
іс-әрекеттер арқылы шешімін табуға үйрету дағдыларын қалыптастыру. 
Осы мақсатқа сай төмендегі міндеттерді анықтадық: 
- математика мен экономиканың пәнаралық байланысын жүзеге асыру 
арқылы 5-11 сынып математика курсындағы сандар, пайыздар, бөлшектер, 
теңдеулер, функциялар, графиктер, теңсіздіктер және т.б. экономикалық 
ұғымдармен кіріктіріп оқыту; 
- педагогикалық іс-әрекетте мәтінді есептерді шығару арқылы қаржылық 
сауаттылықты қалыптастыру әдістері мен формаларын зерделеу және қолдану; 
- оқушылардың қаржылық-экономикалық мазмұнды есептерді шығару 
барысында есептің математикалық модельдерін құруда білімі мен дағдысын 
қалыптастыру; 
- жеке қаржыны басқару қабілетін дамыту, жеке шығындар мен кірістер 
есебін жүргізу, өмірлік ұзақ мерзімді мақсаттарын жоспарлау, отбасы бюджетін 
дұрыс жоспарлай білуге үйрету; 
- оқушылардың жеке қаржыны басқаруға негізделген шешімдерді қабылдау 
және оны жүзеге асыру мүмкіндігінде жауапкершілік дайындығын 
қалыптастыру; 
- қаржылық-экономикалық мәселелердің шешімін табуға тәрбиелеу. 
Математиканы 
оқытуда 
оқушылардың 
қаржылық 
сауаттылығын 
қалыптастыру үшін білім мазмұны мен құрылымын анықтау және оның осы 
курстың мақсатына сәйкес болу керектігі анық. Сондықтан оқушылардың 
қаржылық сауаттылығын қалыптастыру мазмұны мен құрылымы мүмкіндігінше 
оқушының экономикалық ойлау қабілетін дамыту мен пәнаралық байланысты 
жүзеге асыруға ықпал жасауы тиіс. 
Базалық мектеп математика курсының білім мазмұны негізгі орта, жалпы 
орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік 
жалпыға міндетті стандарттары негізінде әзірленген математика (5-6 сыныптар), 
алгебра (7-9 сыныптар), геометрия (7-9 сыныптар), алгебра және анализ 
бастамалары (10-11 сыныптар), геометрия (10-11 сыныптар) оқу пәндерінің 
үлгілік оқу бағдарламаларында анықталған [147-150]. 
Математиканы оқыту әдістемесінің бірден-бір мәселесі оқушыларға 
математикадан осы оқу бағдарламалары бойынша базалық білім беру, оқу-
танымдық қабілетін қалыптастыру мен дамыту, алған білімін қолдануға 


73 
дағдыландыру мақсатында оқу процесін ұйымдастыру формалары, әдіс-тәсілдері 
мен құралдарының дидактикалық жүйесін құру болып табылады. 
Біз оқушылардың қаржылық сауаттылығын қалыптастыру бағытындағы 
мәселелерді зерделей келе, мектеп математика курсын оқытудың мазмұнын
келесі теориялық негіздерге сүйеніп жетілдіруге болатынын анықтадық: 
- оқытудың сабақтастық байланысын жүзеге асыру; 
- жүйелі түрде оқыту теориясы; 
- оқушылардың қаржылық білімін бірізділікпен үздіксіз қалыптастыру; 
- алынған білім мен тәжірибенің пәнаралық интеграциясы; 
- проблемалық сипаттағы оқыту формасының басымдықтары; 
- оқу тапсырмаларының саралануы.
Академик А.Е.Әбілқасымова математиканы оқытудың теориясы мен 
әдістемесін құруда мектеп математика курсының мазмұны мен құрылымына 
арқау болатын негізгі қағидаларды (мақсаттылық, дамыту, проблемалық, 
әдіснамалық, кеңейту, модельдеу, біртұтастық және бірлік, кәсібилік (бейімделу) 
және саралау қағидалары), сондай-ақ математиканы оқытуға қойылатын жалпы, 
бірыңғай талаптар – дидактикалық қағидаларды (ғылымилық, тәрбиелік, 
көрнекілік, саналылық және белсенділік, білімнің бекітілігі, жүйелілік және 
реттілік, түсініктілік қағидалары) тұжырымдады [79, б.50-53]. Осы көрсетілген 
қағидаларды басшылыққа ала отырып, математиканы оқытуда оқушылардың 
қаржылық сауаттылығын қалыптастыру мазмұны мен әдістемесіне арқау 
болатын негізгі қағидаларды айқындадық (сурет 6). 
Сурет 6 - Қаржылық сауаттылықты қалыптастыру әдістемесіне арқау болатын 
қағидалар 


74 
Енді осы қағидалардың әрқайсысына қысқаша тоқталайық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет