Еркишева жазира сабыровна



Pdf көрінісі
бет32/82
Дата08.12.2023
өлшемі3,14 Mb.
#135092
түріДиссертация
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   82
Байланысты:
1 Диссертация Еркишева Жазира Сабыровна.

Ғылымилық қағидасы
. Оқыту процесінде оқушылардың қаржылық 
сауаттылығын қалыптастыруда, ең бастысы, оқушыларды ғылыми біліммен 
қаруландыру міндеті аса маңызды. Осы орайда оқытудың 
ғылымилық қағида
жетекші рөл атқарады. Бұл ұстаным бойынша оқушыларға берілетін білімнің 
мазмұнының ғылымның қазіргі даму деңгейіне сәйкестігі, таным процесінің 
маңызды заңдылықтарын есептер шығаруда пайдалана алу байланыстарын ашу 
ескеріледі. Мектепте кез келген пәнді оқытуда оқушылардың қарапайым ғылыми 
зерттеу дағдыларын қалыптастыру, объектілер мен құбылыстардың негізгі және 
жанама белгілерін ажырату, қоршаған әлемде және табиғатта болып жатқан 
құбылыстарға математикалық аппаратты пайдалану арқылы алынған шешімді 
түсіну, салыстыру, талдау, жіктеу, жүйелеу, жалпылау, математикалық 
модельдеу білік, дағдыларын меңгерту мақсаттары көзделгенде ғана 
оқушылардың қаржылық сауаттылығын қалыптастыруға болады. 
Жүйелілік пен бірізділік, сабақтастық қағидасы
. Оқушыларды ғылыми 
біліммен қаруландыруды көздесек, оның 
жүйелілігі мен бірізділігі,
сабақтастығы 
да ескерілуі міндетті. Бұл орайда дидактиканың оқытудың 
жүйелілігі мен бірізділігі ұстанымы жүзеге асырылады. Аталған ұстаным 
оқытудың ғылымилығы ұстанымымен тығыз байланыста жүреді. Оқытудың 
жүйелілігі мен сабақтастығын, бірізділігін қамтамасыз ету үшін әрбір пән 
бойынша берілетін білімнің мазмұны мен көлемін анықтағанда ұғымдық-
ақпараттық материалдардың белгілі бір жүйемен берілуін, сабақтастығын, 
біртіндеп тереңдетілуін және кеңейтілуін, сондай-ақ оқушылардың білімді 
меңгеру әрекеті белгілі бір сатымен (мысалы: ынталандыру, алғаш көру – байқау, 
қабылдау – түсіну, ұғым құру, есте сақтау, қорытынды шығару немесе тұжырым 
жасау, т.б.) іске асырылуын ескеріп отыру керек. Оқытудың 
сабақтастық 
қағидасы
оқытудың дидактикалық 
жүйелілік және бірізділік, өмірмен байланыс 
қағидаларымен
тығыз байланыста. Бұл сабақтастық қағидасының талаптары 
белгілі: білім, білік және дағдылардың белгілі бір тәртіппен оқу материалының 
әрбір элементі басқалармен логикалық байланыста болса, кейінгілері 
алдыңғыларына сүйене отырып, жаңа білім, білік, дағдыларды меңгеруге 
дайындалады. 
Өмірмен байланыстыру қағидасы
. Оқушылардың қаржылық сауаттылығын 
қалыптастыруда басты рөл атқаратын, басты орында тұратын ұстаным – 
өмірмен 
байланыс
қағидасы. Оның мәні – оқушыларға теориялық білім беріп қана 
қоймай, сол білім, білік, дағдыларын күнделікті жаңарып, өзгеріп жатқан өмірде, 
кез келген жағдаятта емін-еркін қолдана білуін қамтамасыз ету. Ол үшін 
күнделікті оқыту үдерісінде әрбір пәннен берілетін теориялық білімді өмірдегі 
жағдайлармен байланыстырып, практикалық жағына бағыттап отыру керек. 
Шығармашылық қағидасы
. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес 
келетін оқу материалдарының қиындығы, оқушылардың ойлау қабілетін 
кеңейтуге септігін тигізуге бағытталған 
шығармашылық қағидасы
да 
оқушылардың қаржылық сауаттылығын қалыптастыруға септігін тигізеді. 
Интеграциялау (кіріктіру) қағидасы. 
Білім – тұтастық және білім алушы 
алдында да сол күйде болуы керек. Пәндер арасындағы кедергілерді жою үшін 


75 
білімді басты объектілердің немесе тақырыптардың айналасына біріктіру қажет. 
Бұл пәнді әр қырынан қарастыруға, оның барлық өзара байланысын ашуға 
мүмкіндік береді. Сонымен қатар, оқушылардың қаржылық білімдер мен 
іскерліктерін қалыптастыруда 
интеграциялау қағидасы
маңызды. Осы тұрғыда 
берудің интеграциялау қағидасының ендірілуі заңды құбылыс. Интеграциялау 
қағидасы жалпы білім мазмұнын анықтауда, оқу бағдарламалары негізінде 
мазмұны жағынан бір-біріне жақын математика мен информатика, математика 
және экономика т.б. өзара байланысы мен жеке пәндер ішіндегі материалдардың 
арасындағы байланыстарын анықтап, оқушылардың білімін тереңдетуге болады. 
Осыған орай, интеграцияланған пәндер мен интеграцияланған сабақтардың рөлі 
ерекше. 
Математика мен экономиканы кіріктіріп оқыту мұғалімге математиканы 
оқытуды экономикалық білім мен тәрбиеге жүйелі түрде бағыттауға мүмкіндік 
беретін, осы мәселеге сәйкес келетін математиканы оқытудың әдістемелік 
жүйесіндегі оқыту мазмұнын құруды талап етеді. Жүйенің мазмұндық құрамдас 
бөлігі математика сабағындағы оқу процесін, білім беру процесінде 
оқушылардың өзіндік іс-әрекетін қамтиды. Математиканы оқыту арқылы 
қаржылық сауаттылықты қалыптастыру әдістемесінің мазмұндық компонентінің 
құрылымы математика мен экономикалық білімнің кіріктірілуінен тұрады. 
Өйткені, қазіргі таңда қоғам мектеп оқушыларынан экономикалық білімнің 
белгілі бір жиынтығын мектепте меңгеруді талап етеді, ал математикалық білім 
беруді қайта құрылымдау, мектеп математика курсының практикалық бағытын 
күшейту бізге жаңа бастаманы қарастыруға мүмкіндік береді. 
Математика мен экономиканы кіріктіру мектеп математика курсына 
экономикалық білімді енгізу арқылы жүзеге асырылады, ол ең қарапайым 
экономикалық ұғымдарды, олардың қасиеттері негізінде шешілетін нақты 
қаржылық-экономикалық мазмұнды есептердің кешенін қамтиды. Бұл жалпы 
білім беретін мектептің 5-11 сыныптардың математикасында үздіксіз 
экономикалық білімді қамтамасыз етеді.
Мектептiң математика курсы бойынша тақырыптарды экономикалық 
бiлiммен байланыстыруға болады, яғни қаржылық-экономикалық білімге 
қатысты ұғымдар мен есептерді мектеп математика кусындағы сандар, пайыздар, 
бөлшектер, теңдеулер, функциялар, графиктер, теңсіздіктер және т.б. 
тақырыптарында іске асыруға болады. 
Математиканы оқытуда интеграциялау қағидасын жүзеге асыру 
оқушыларға экономикадағы ұғымдар, терминдер мен математикалық 
модельдерді терең түсінуге көмектеседі.
Жалпы білім беретін мектептің 5-11 сыныптарына арналған математика 
курсындағы қаржылық сауаттылықтың мазмұнын қарастырайық (кесте 10). 


76 
Кесте 10 – Орта мектеп математика курсындағы қаржылық сауаттылықтың 
мазмұны 
Сыныбы 
Қаржылық сауаттылықтың мазмұны 
5-сынып
Банкноттар. Сатып алу құнының формуласы: баға × сан = құн. Пайыз бен 
банк пайызына арналған қарапайым мәтінді есептер. Тауарлардың 
бағасын көтеру және төмендетуге арналған есептер. Жеңілдік, сату, 
акцияларды сату, банктік пайызға байланысты мәтіндік есептер. Отбасы 
бюджетінің шығыстары мен отбасы бюджетін жоспарлауға байланысты 
мәтінді есептер. 
6 сынып 
Пайызға, тауар бағасын көтеруге және төмендетуге есептер шығару, 
пропорциялар арқылы жалақы мен салықты есептеу. Отбасы бюджетінің 
бөлінуін кесте арқылы көрсету.
7 сынып 
Функция және сызықтық функция ұғымдарын зерттеудегі шығындар 
есептері. Сызықтық функцияның мысалдары ретінде сұраныс пен 
ұсыныс функциялары. Тауарларды сату, бағаны, жалақыны көтеру және 
төмендету, тиындарды әртүрлі банкноттарға айырбастауға байланысты 
мәтінді есептер. 
8 сынып 
Жылдық сыйақысы өзгеретін депозиттерді есептеуге байланысты мәтінді 
есептерді квадрат түбірлер мен квадрат теңдеулерді пайдалана отырып 
шешу, екі төлеммен өтеумен банктік несие формуласын пайдалану. 
9-сынып
Банк салымдары, еңбекақы, тауар құны, көтерме қоймадағы тауар 
бағасы, отбасы бюджеті туралы тапсырмалар. Геометриялық 
прогрессияның n-ші мүшесінің формуласы бойынша үлес (құрама пайыз) 
өсімін есептеу. Арифметикалық және геометриялық прогрессияның 
қосындыларының формулаларына келтірілген несиелер мен 
салымдардың жекелеген түрлері бойынша есептеулер. 
10-11 
сыныптар
Көрсеткіштік және логарифмдік функцияларды пайдаланып қаржылық 
есептерді шешу. Банктік несие және депозит формулалары. Белгілі бір 
шарттарды қанағаттандыратын ең төменгі несие шарттарын есептеу.
Сонымен қатар, біз 5-11 сыныптарға арналған математикадан оқу 
бағдарламалары мен оқулықтардың мазмұнын талдау негізінде тақырыптар 
бойынша оқушылардың меңгеретін қаржылық-экономикалық ұғымдарды және 
олардың мағынасын айқындадық (кесте 11).
Кесте 11 – Мектеп математика курсының тақырыптары бойынша 
қарастырылатын қаржылық-экономикалық ұғымдардың мағынасы 
Бөлімдер 
Тақырыптар 
Қаржылық-экономикалық ұғымдардың 
мағынасы 



Натурал сандар Натурал сандарға 
амалдар қолдану 
-
жалақы – ақшалай сыйақы ретінде еңбек және 
отбасы табысының негізгі көзі екендігін білу; 
-
табыстылықты арттыру фактор ретінде 
жалақыға әсерін түсіну; 
-
банктің валюталық операциялар арқылы пайда 
алу механизмін түсіну; 
-
банк салымшылары туралы түсіну. 


77 
11-кестенің жалғасы 



Бөлшектер
Бөлшектерге амалдар 
қолдану. 
Ондық көбейту. 
Бірнеше сандардың 
арифметикалық 
ортасын табу. 
-
еңбекақы - өнімнің өзіндік құнының бөлігі 
екендігін түсіну;
-
орташа жалақы есептеуді білу; 
-
енбекақыға сағаттық төлем мөлшерлемесін 
түсіну; 
-
зейнетақы – белгілі бір жыл жұмыс істеген 
және белгілі бір жасқа толған адамдарға 
мемлекет төлейтін ақшалай жәрдемақы 
екендігін білу. 
Пайыз 
Пайызға байланысты 
мәтінді есептерді 
шығару бойынша 
-
жалақыны көтерудің себептерін ажырата алу; 
-
бағаның өсуі мен кемуін түсіну; 
-
салықты есептей алу; 
-
банк салымының пайызын. 
Прогрессия 
Арифметикалық және 
геометриялық 
прогрессияларға 
мәтінді есептер 
шығару
-
жай пайыздарды есептей алуы; 
-
күрделі пайызды есептей алуы. 
Математиканы оқытудың әдістемелік жүйесі сыртқы және ішкі 
факторлардың ықпалыменен одан ары қарай дамуды білдіретін ашық жүйе 
болып табылады. Бұл орайда оқытудың әдістемелік жүйесі өзара байланысқан 
тұтастық құрылымы бар компоненттерден тұрады. Дәстүрлі түрде бес негізгі 
компонентті бөліп қарауға болады: алғы шарттар (сыртқы және ішкі факторлар), 
мақсатты, мазмұнды, процессуалды, нәтижелік компоненттер. 
Әлеуметтік-қоғамдық өмірдегі жағдаяттарда экономикалық талдау, бір 
жағынан, белгілі бір материал бойынша математикалық ойлауды дамытуға, 
екінші жағынан, экономикалық білімдерді бекітуге ықпал етеді. Осының 
негізінде әдістемелік жүйенің мазмұндық компонентінің құрылымын жасадық 
(сурет 7). 
Біздің ойымызша, математика сабақтарында қаржылық сауаттылықты 
қалыптастыруды жүзеге асыру, келесі бағыттар бойынша жұмыстарды қамтуы 
керек: 
1) математика сабағында тақырып аясында оқушыларға қаржылық 
сауаттылықты қалыптастыруға бағытталған ұғымдармен таныстыру. Атап 
айтсақ: табыс, кіріс, шығын, еңбекақы, бағалар және олардың түрлері, сұраныс 
пен ұсыныс, көтерме және бөлшек сауда, салым, депозит, инфляция, несие 
картасы, жинақ, несие және оның түрлері, жай және күрделі пайыздар және т.б.; 


78 
Сурет 7 - Математиканы оқытуда қаржылық сауаттылықты қалыптастыру 
әдістемесінің мазмұндық компоненті 
2) мектеп математика курсындағы қаржылық-экономикалық мазмұнды 
есептерге көңіл бөлу. Бұл тапсырмаларға мыналар жатады: жалақыдан 
салықтарды есептеу, баға жеңілдіктерін есептеу, төлем түбіртегін толтыру, 
отбасылық бюджетті есептеу, несие немесе депозит бойынша банк 
сыйақысының сомасын есептеу, ұялы байланыс операторының немесе интернет-
провайдердің ең қолайлы жағдайын таңдау және т.б.; 
3) мектеп математика курсының қаржылық-экономикалық компонентін 
әдістемелік және дидактикалық қамтамасыз ету. Бұл мәтінді есептердің өмірлік 
ситуациялық жағдайларға байланысты болуын, қаржылық-экономикалық 
мазмұнды есептердің басымды болуын түсіндіреді. 
Әдістемелік жүйенің процессуалды компоненті қаржылық-экономикалық 
білім негіздерін қалыптастыру бойынша әдістері, тәсілдері мен нысандарын 
қамтиды. Жүйенің бұл компоненті 8-ші суретте көрсетілген. 


79 
Сурет 8 – Математиканы оқытуда оқушылардың қаржылық сауаттылығын 
қалыптастырудың процессуалды компоненті 
Оқушылардың қаржылық сауаттылығын қалыптастыру әдістемесін әзірлеу 
мақсатында математиканы оқыту процесін ұйымдастырудың әдістемелік 
тәсілдерін қарастырайық:

құзыреттілік тәсіл;

тәжірибеге-бағдарланған тәсіл;

жүйелі-әрекеттік тәсіл;

коммуникативті тәсіл;

интегративті тәсіл;

зерттеу тәсіл. 
Қаржылық сауаттылықты қалыптастырудың әдіснамалық тәсілдеріне 
негізделген 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет