№64 жаттығу.
Кәсіпорынның бір айдағы шығыны диаграмма түрінде
берілген (23-сурет). Жалпы шығын 2500000 теңгені құраған. Кәсіпорынның
бөлмені жалға алуы мен жарнамаға жіберген шығынын табыңдар.
119
Сурет 23 - Диаграмма
Жалпы, «Мектеп математика курсы арқылы қаржылық сауаттылық қалай
қалыптасады?» - деген сұраққа келер болсақ, оқушылардың қаржылық
сауаттылығын дамыту және оның қалыптасуын тексеру құралы шығармашылық
сипаттағы тапсырмалар (зерттеу жұмыстарына бейімделген есептер,
экономикалық, қаржылық сауаттылыққа негізделген есептер, қолданбалы
тәжірибеге бағытталған тапсырмалар т.б.) болып табылады. Оқушылардың
қаржылық сауаттылығын күнделікті өмірдегі қаржылық-экономикалық
түсініктерді ұғындыруға, алған білім, білік дағдыларын өмірде тиімді қолдануға
үйрету арқылы дамыта аламыз.
Қазір нарықтық қоғамда күнделікті тұрмыстық тіршілікте кездесетін
шаруашылықты жүргізудің жаңа формалары мен әдістерін қолданысқа енгізуде.
Кәсіпкерлік, бизнес, банктік несие, депозит, пайыздық өсім, қайта
қаржыландыру т.с.с. терминдер үлкен экономикадан алшақ қарапайым
адамдардың да өміріне жат дүние емес екендігі айқындалуда. Сондықтан,
математика сабақтарында қаржылық-экономикалық мазмұнды мәтінді есептерді
қолдану оқушылардың қаржылық сауаттылығын дамыту жолдарының бірі
болып табылады.
Оқушылардың
функционалдық
және
қаржылық
сауаттылығын
қалыптастыруда PISA зерттеуі оқушылардың қаржылық сауаттылық
тапсырмаларын қалай орындайтыны туралы ақпаратты бере алады. Сондықтан
мектеп оқушыларының қаржылық сауаттылық деңгейін TIMSS, PISA
халықаралық зерттеулерінің тапсырмалары арқылы да арттыруға болады.
Жалпы білім беретін мектепте оқушылардың қаржылық сауаттылығын
қалыптастыру бағытында А.Е.Седова [18, б.56], Г.С.Ковалева [19, б.41],
А.Ю.Лазебникова [66, б.29] және т.б. еңбектерінде қарастырылған.
Е.Л.Рутковская оқушылардың қаржылық сауаттылығын қалыптастыру
барысында PISA халықаралық зерттеуінің тапсырмаларын талдап, қаржылық
сауаттылықты функционалдық сауаттылықты қалыптастырушы компонент деп
түсіндіреді [76, б.46].
Қаржылық білімді қолдануға арналған тапсырмаларға қойылатын
талаптарды шамамен екі топқа бөлуге болады. Біріншісі «қаржылық
арифметика» санатындағы талаптар қамтиды: ақша салу және ақша алу,барлық
120
міндетті шығындардан кейін қаражаттың қалдығы қандай болады, валюта
айырбастау арқылы кейіпкер қанша теңге ала алады, т.б. Екінші топ, әдетте,
белгілі бір жағдайда жасалуы керек әрекеттерді анықтауды қамтиды.
Қаржылық сауаттылық бойынша тапсырмалар әртүрлі функционалдық
сауаттылық тапсырмаларын қамтитын екі күрделі нұсқада қарастырылады.
Әрбір нұсқада екі тапсырма қаржылық ақпаратты анықтау, екі тапсырма
қаржылық контексте ақпаратты талдау, екі тапсырма қаржылық мәселені
бағалау, ал екі тапсырма қаржылық білімді қолдануды талап ететін танымдық
белсенділік түрлерімен қамтылған [164].
PISA зерттеуінде оқушылардың қаржылық сауаттылықтың қалыптасуы 5
деңгейге бөлінеді:
- 5 деңгей - Жоғары (625 балл). Оқушылар берілген ақпарат негізінде ұзақ
мерзімді перспективада өз өмірлеріне қатысты контекстердегі қаржылық
терминдер мен тұжырымдамалардың кең ауқымын түсінуді, күрделі қаржы
өнімдерін талдай алады, қаржылық құжаттардың маңызды бірақ айқын емес
ерекшеліктерін ескере алады (мысалы, транзакциялық шығындар). Олар жоғары
деңгейде дәлдікпен және стандартты емес қаржылық мәселелерді шеше алады,
қаржылық шешімдердің ықтимал нәтижелерін сипаттай алады. Қаржылық өрісті
теңірек (мысалы, табыс салығы) түсінеді;
- 4 деңгей - Жоғары (550 балл). Оқушылар біршама азырақ қаржылық
түсініктер мен терминдерді, сондай-ақ олар есейген сайын ұшырайтын
контексттерді (мысалы, банктік шотты басқару) түсінетінін көрсете алады. Олар
егжей-тегжейлі қаржылық құжаттардың ауқымын (банк есептері сияқты) және
өте қарапайым емес қаржылық өнімдердің мақсатын түсіндіре алады;
- 3 деңгей - Орташа (475 балл). Оқушылар жиі қолданылатын қаржылық
түсініктерді, терминдерді және өнімдерді өздеріне қатысты жағдайларда
түсінетінін көрсете алады. Олар қаржылық шешімдердің салдарын қарастыра
бастайды және таныс жағдайларда қарапайым қаржылық жоспарларды жасай
алады. Олар бірқатар қаржылық құжаттардың қарапайым түсіндірмесін бере
алып, сандармен бірқатар негізгі операцияларды жүргізуде пайыздарды есей
алады. Олар салыстырмалы түрде типтік қаржылық сауаттылық контекстінде
(бюджет құру сияқты) күнделікті мәселелерді шешу үшін қажетті сандық
әрекеттерді таңдай алады;
- 2 деңгей - Төмен (400 балл). Оқушылар негізгі қаржылық өнімдер мен
жиі қолданылатын қаржылық терминдер мен тұжырымдамалар туралы
білімдерін қолдана бастайды. Олар өздеріне тікелей әсер ететін жағдайларда
қаржылық шешімдер қабылдау үшін ақпаратты пайдалып, қарапайым бюджеттің
құндылығын мойындайды және күнделікті қаржылық құжаттардың маңызды
белгілерін түсіндіреді;
- 1 деңгей - Төменгі (400 балдан төмен). Оқушыларда негізгі қаржылық
өнімдер мен жағдайларды анықтай алады, негізгі қаржылық түсініктерге
қатысты ақпаратты түсіндіре алады. Олар қажеттіліктер мен тілектердің
арасындағы айырмашылықты түсінеді және күнделікті шығындар туралы
қарапайым шешімдер қабылдайды. Күнделікті қаржылық құжаттардың (мысалы,
шот-фактура) мақсатын таниды және жеке тәжірибесі болуы ықтимал қаржылық
121
жағдайларда негізгі сандық операцияларды (қосу, алу немесе көбейту)
қолданады.
РISA есептерінің шарты: өмірден алынған қандай да бір ситуацияның
жазбасы; не есептің шарты, не сұрақтың мазмұны нақты бір пәндік білімге
сүйенбейді, есептің шарты тұлғалық тәжірибемен сәйкестендірілген – ашық,
әрбір есеп немесе тапсырма өзіндік шешімді талап ететін қандай да бір жағдай
болып табылады.
PISA зерттеуінде оқушылардың қаржылық сауатылығын қалыптастыру
барысындағы есептерді талдай келе, математиканы оқытуда оның қолданбалы
тәжірибелік мақсатына көбірек көңіл бөлу керектігі ескеру қажет деп санады.
Математиканы оқытудың қолданбалы бағытына бағыттау кезінде алға қойылған
негізгі мақсаттар математика мен шындық арасындағы байланыстардың
табиғаты туралы дұрыс түсініктер мен қажетті білімдерді меңгеру болып
табылады.
ЭЫДҰ-ның 10 қатысушы елінде оқушылардың тек 12%-ы қаржылық
сауаттылықтың жоғары деңгейін көрсетті. Бұл оқушылар күрделі қаржы
өнімдерін талдай алады, табыс салығы ставкаларының мәні сияқты қаржылық
шындықты кеңірек түсінеді және қаржылық түсіндіре алады [165].
PISA
халықаралық
зерттеулерінде
оқушылардың
қаржылық
сауаттылығының қалыптасуын бағалайтын тапсырмалар да жеке өмір,
қоғамдағы жағдаяттарға байланысты беріледі.
Халықаралық зерттеулердегі қаржылық сауаттылықты қалыптастыруға
бағытталған тапсырмалар күнделікті өмірдегі нақты мәселелерге жақын түрлі
аспектілерімен байланысты және математикалық-қаржылық талдауды қажет
ететiн, оқушының мектеп пен қоғамдағы жеке өмiрiнде кезедесетін сатып алу
мен сату, несие алу, шетелге саяхат жасау тағы да басқа түрлі қаржылық-
экономикалық жағдаяттар туралы мәлiметтермен беріледі және соған сәйкес сын
тұрғысынан бағалау, пайыздық өлшемдер, нақты тәуелділіктері бар
диаграммалар мен графиктер, ықтималдық, статистикалық көрсеткіштерге және
т.б. көңіл бөлінеді.
Енді біз PISA халықаралық зерттеулерінде мектеп математика курсының
тақырыптарымен байланысы бар қаржылық-экономикалық мазмұнды есептерге
тоқталайық [166,167].
1-есеп
. Мектептің асханасында бәліштердің 4 түрі сатылады (кесте 22).
Кесте 22 - Мектептің асханасындағы бәліштер
Тосап қосылған бәліш
Картоп қосылған
бәліш
Ет қосылған бәліш
Ірімшік қосылған
тоқаш
350 теңге
400 теңге
450 теңге
380 теңге
Достарыңызбен бөлісу: |